күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа
қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын
бірте-бірте жетілдіре
түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,
олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл
пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын,
сезім органдарын дамытты, есту,
көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға,
тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға
жаңа күш берді.
Өзіндік сана— адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне
деген сыни
көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия
феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия -тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі
рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам реф-яексиясыз өзінің
жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы
мүмкін. Рефлексиясы жоғары,
өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас
қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді. Сана және өзіндік сана
туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет.
Саналылық— адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам
алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің
адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып
табылады, адамның өзінің
мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны
сау тұлғаның қасиеті.
Бейсаналылық (бессознательное)— адам түсінбейтін психикалық
құбылыстардың жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы
берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын
іс-қимылдар стереотиптері,
сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип- нотикалық күйлер
және т.б жатады
Достарыңызбен бөлісу: