келгенде, бұл мәселеде ол күтпеген жерден табиғат пен қоғамдағы орын алған
қайшылықтарды танимын деп ұмтыла отырып,
зерденің диалектикалық
сипатына тап болғанын байқамады. Мәселе зердеде емес, дүниедегі шым-
шытырық диалектикалық қайшылықтарға толы
процесте жатыр еді. Таным процесінің мақсаты – осы қайшылықтардың мәнін
ашып, оның шешімін табу болмақ.
Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты бұл
қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол зердені айыптауға,
сынауға көшті.
Канттың ойынша, зерденің даму тарихының үш кезеңі бар.
Алғашқы кезеңде зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп
тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі
жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың
ғылымына айналды. Кант бұл жерде зерденің тарихы арқылы философияның бір
кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын
көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия
ғылымдарының атасы
болғаны сөзсіз.Екінші кезеңзерденің идеялары мен принциптеріне деген
сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде
зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады.
Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе
алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты
ойшылы Давид Юм өзінің скептицизмі мен агностицизмі арқылы зерденің бүкіл
дүниені, әлемді тануға болады деген қағидасына алғаш рет күмән келтірді.
Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша,
сыншылдық дәуір деп
аталады. Бұл кезең Канттың өз философиясынан басталады.
Канттың бұл ойын кейбір зерттеушілер түсінбей, “Кант зердеден бас тартты,
ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп
жариялады” деп айыптады. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес еді. Өйткені, ол дәл
осы кезде өзінің “Дін зерденің шектелуінде” атты атақты шығармасын жазған
болатын. Ұлы философ бұл еңбегінде зерденің дінге шек қойып, оның аумағын
тарылта беретінен айқын көрсетті. Жалпы
зерде мен пайым ұғымдарын
текфилософиятарихы үшін маңызды “ескірген категориялар” ретінде
қарастыруға болмайды. Қазіргі заманғы философиядағы дүниені рационалды
және иррационалды қабылдау пішіндерін зерттеу ойлаудың зерде мен пайым
түріндегі пішімдерінің мәнін терең зерделеумен тығыз байланысты. Зерде
категориясы, сондай-ақ, қазіргі заманғы психология, педагогика ғылымдарының
болашақ даму
бағдарларын анықтауда да
маңызды рөл атқарады
Достарыңызбен бөлісу: