Ихтиол ерітіндісін дайындау. Технологиясы: 10,0 г ихтиолды фарфор
табақшада келсап көмегімен судың аз мөлшерінде ерітеді, біртіндеп
араластыра отырып, суды қосып, ерітіндіні мөлшерін өлшегіш ыдысқа
құйып 200 мл жеткізеді. Ерітіндіні дәке арқылы босататын құтыға сүзіп,
тығындап, безендіреді.
12. Эмульсия дәрiлiк калып ретiнде сипаттамасы, жіктелуі. Эмульсиялар технологиясы. Эмульгаторды тандау және есептеу. Эмульсиялардын сапасын бағалау Ішуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum іnternum. Дисперстік
фазасы және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін
сұйықтықтардан тұратын микрогетерогенді жүйені эмульсия деп атайды.
Бөлшектерінің өлшемі 1мкм 50 мкм дейінгі аралықта болады. Ішуге
арналған эмульсиялар официналды дәрілік түр. КСРО МФ ХІ басылымына
(2 т.) «Эмульсии» топтық мақаласы енгізілген.
КСРО МФ ХІ басылымында эмульсияларға келесі анықтама беріледі:
эмульсиялар - бір бірінде ерімейтін майда дисперсті жүйеден тұратын
ішуге, сырт тәнге және парентеральды қолдануға арналған сыртқы түрі
бойынша біртекті дәрілік түр. ҚР МФ I т., 500 б. «Оральдік қолданылатын
сұйық дәрі- дәрмектер» мақаласында эмульсияларға смпаттама берілген.
Дисперстік фазаны түзетін сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екі типке бөлуге болады: 1. Егер дисперстік фазасы май болса, ал дисперстік ортасы су болса, онда
эмульсия бірінші типті, яғни судағы май (М/С) типіне жатады. М/С типті
эмульсия ішуге қолдануға белгіленеді.
2. Егер дисперстік фазасы су, ал дисперстік ортасы май болса, онда
эмульсия
екінші типті, яғни майдағы су (С/М) типіне жатады. Эмульсияның С/М
типі сырт тәнге қолдануға белгіленеді.
Эмульсиялардың жеке технологиясы. Технологиясы: 10,0 г тәтті бадам
дәндерін, алдын-ала қабығынан ыстық сумен мацерациялау арқылы
тазартып, келіге салады. Оны 20 тамшы сумен (массаның 1/10 бөлігі - 1
мл) біртекті масса алынғанша майдалайды. Біртіндеп судың қалған
мөлшерін қосады. Эмульсияны алдын-ала тарирленген босататын құтыға
екі қабат дәке арқылы сүзеді. Салмағын қажет болған жағдайда 100,0 г
дейін сумен жеткізеді.
Эмульсияларды қағаз фильтр арқылы фильтрлеуге болмайды, себебі ол
май тамшыларын ұстап қалады.
Босататын құтыға 5 тамшы опий қарапайым тұндырмасын тамызады,
тығындап, гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргірлейді,
босатуға безендіреді,. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары
«Салқын жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта»,
«Абайлап қолдан». Сигнатура жазылады. Рецепт, есеп үшін, дәріханада
қалдырылады.