КСРО МФ ХІ басылымында өсімдік шикізатынан сулы сығындылар
дайындау, сапасын бағалау және оларға сипаттама
берілген, құрғақ және
сұйық экстракт-концентраттардан сулы ерітінділер дайындау
регламенттелген.
Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр
экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дәрілік түр
екендігіне қарамастан, сулы сығындылар қазіргі кезге
дейін өзінің
маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Алу жолына және шикізат құрамына
байланысты сулы сығындылар келесі топтарға бөлінеді: тұнбалар (Іnfusa),
қайнатпалар (Decocta), шырыштар – (Mucіlagіnіs).
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен,
жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан,
тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар -
жалбызтікен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйінінен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: