Микробиология



Pdf көрінісі
бет56/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Ауру малдардан вирусологиялық зерттеуге 
материалдарды алудың жалпы ережесі. 2 Патологиялық материалдар 
қалай консервацияланады және тасымалданады? 3 Патологиялық 
материалдарды зерттеуге дайындау тәсілдері. 
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАН ВИРИОНДАР МЕН 
ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ 
Вирустар бір немесе кӛп жасушалы организм жасушаларының 
ішінде болады. Жасуша ішінде вирустар бір-бірімен байланыспаған РНҚ 
немесе ДНҚ молекулалары (молекула бӛлшектері) тҥрінде кездеседі. 
Онда вирус белоктары туралы генетикалық ақпараттары болады. 
Генетикалық ақпараттардың іске асырылуынан жасуша ішінде вирус 
белоктарының молекулалары синтезделіп, сонда жиналады. Жасуша 
ішінде вирустың барлық молекулалары (ДНҚ, РНҚ, белоктар) сыртқы 
ортаның зиянды әсерлерінен (ферменттер, қышқылдар, температура, 
сәулелену, т.б.) қорғанған болса, ал жасуша сыртындағы вирустардың 
қҧрылымы тез бҧзылады.
Молекула аралық кҥштердің әсерінен кӛптеген вирустардың 
қҧрылымдық белоктары ӛздігінен бір жерге жиналатын, яғни агрегат 
қҧратын қасиетті иеленген. Әрбір осындай агрегатқа вирустық ДНҚ 
немесе РНҚ-ның бір ғана молекуласы енеді. Кей жағдайда оларға 
жасуша липидінің қосылуы мҥмкін. Осындай жолмен пайда болған 
бӛлшектер вирион деп аталады. Вирионның белок молекулаларына 
протеолиттік ферменттер әсер ете алмайды, ал вирустың ДНҚ немесе 
РНҚ молекулалары нуклеаза ферменттерінен және ортаның физикалық 
әсерлерінен қорғанған. Әрбір вирустың вириондары белгілі бір жасуша 


69 
ішінде пайда болады. Вирион тҥріндегі вирустар белгілі бір уақыт бойы 
жасушадан тыс жағдайда ӛздерінің биологиялық қасиеттерін жоймайды. 
Вириондар жасушадан жасушаға және бір организмнен екіншісіне 
миграцияланады. Әртҥрлі вирустардың вирионы бір-бірінен пішіні, 
мӛлшері, қҧрылымы мен қасиеттері жағынан ӛзгешеленеді. Бірақ барлық 
вирустар вириондарының ортақ қасиеттері де болады. Әр вирионның 
қҧрамы бір ғана ДНҚ немесе РНҚ молекуласынан және морфологиялық 
бірлігі тҥрлі пішіндегі бір немесе бірнеше белок молекуласынан – 
капсомерден тҧрады. Белгілі бір тәртіпте орналасқан капсомерлердің 
барлықтары капсидті қҧраса, ал олар нуклеин қышқылдарымен бірге – 
нуклеокапсидті (нуклеопротеидті) қҧрайды. Кейбір вирустардың 
вириондарында нуклеокапсидтен басқа сыртқы немесе суперкапсидті 
қабықшасы болады. Вириондар суперкапсидті жасушадан шығу кезінде 
жасуша қабықшасының бір бӛлігін ӛзіне алады. Кейбір вирустар (тҧмау 
вирусы) вириондарының қосымша липидтер мен белоктардан тҧратын 
аралық қабықшасы (М-қабықша) болады.
Нуклеин қышқылы молекуласының айналасында капсомерлер 
спираль және куб тәрізді орналасады. Бірінші жағдайда капсомерлер 
нуклеин қышқылының айналасында шиыршықтала орналасып, бірыңғай 
нуклеопротеидті қҧрайды. Мҧндай вириондар таяқша (тіпті жіпше) 
тәрізді пішінді қҧрайды. Бҧлардың суперкапсидті қабықшалары 
болмайды (кӛбіне ӛсімдіктердің вирустары жатады). Спираль тәрізді 
вириондарға жануарлардың ортомиксовирустары да жатады. Олардың 
шиыршықтанған нуклеопротеидтері шумақталып оралған, сыртында 
қабықшасы бар, пішіні дӛңгеленген, сопақша, кейде оқ тәрізді болып 
келеді.
Жануарлардың кӛптеген вирустары вириондарының капсомерлері 
кубтық типті симметрияны және кӛп жақты, жиі жағдайда икосаэдр 
тәрізді пішінді қҧрайды.
Вириондар таяқша немесе квазисферикалық (икосаэдрлық) пішінді 
болып келеді. Олардың мӛлшерлері 10 мен 350 нм аралығында, яғни 
кӛзге кӛрінетін жарық сәулесінің жартысынан аз болғандықтан, 
вириондар жарықтық микроскоппен кӛрінбейді.
Әдетте вириондар мен олардың қҧрылымдарын тек электрондық 
микроскоптың кӛмегімен анықтап қарауға болады. Тек шешек 
вирусының вириондарын ғана жарықтық микроскоппен қарауға болады. 
Себебі олардың мӛлшері 300-390 нм аралығында болады. Жарықтық 
микроскоп арқылы шешек вирусының вирионын анықтау әдісі 
вирусоскопия деп аталады.
Кӛптеген вирустардың репродукциялануынан жасушаның ішінде 
вирус денешіктері пайда болады. Вирус денешіктері цитоплазмалық 
және ядро ішілік болып бӛлінеді. Табиғатта бҧлар жасушада қалып 
қойған 
бірнеше 
мыңдаған 
вириондардың 
жиынтығы 
немесе 
вириондардың репродукциялануының әсерінен ӛзгеріске ҧшыраған 
жасуша материалы, не болмаса вириондардың қҧрамына енбей, 


70 
жиналып қалған вирус белоктарының қалдықтары, не сол элементтердің 
комбинациялары. Вирус денешіктерінің кӛлемі әрең кӛрінетіннен 
жасуша ядросының кӛлемімен бірдей, ал олардың бір жасуша ішіндегі 
саны 1 мен 10-12 аралығында болады. Қҧтырық вирусының әсерінен 
жҥйке жасушаларының цитоплазмасында тҥзілетін денешіктер Бабеш-
Негри деп аталады. Қҧс шешегінің вирусы эпителиальды жасуша 
цитоплазмасында – Боллингер денешігін, сҥтқоректілер шешегінің 
вирусы – Гварниери денешігін, етқоректілер вирусы – Лентц денешігін, 
ал тауықтардың жҧқпалы ларинготрахеиті – Зейфред денешігін тҥзеді.
РНҚ-ды вирустар цитоплазмалық вирус денешіктерін, ал ДНҚ-ды 
вирустар ядро ішілік вирус денешіктерін қҧрайды. Вирустардың кейбір 
тҥрлері цитоплазмалық және ядро ішілік денешіктерді тҥзеді.
Әртҥрлі вирустардың жасуша ішінде тҥзілетін вирус денешіктерінің 
ӛзіне тән қасиеттері, бояғыштармен боялуы, кӛлемі, пішіні, қҧрылымы 
мен денешіктердің орналасқан жерлері тҥрліше болып келеді. 
Сондықтан ауруға шалдыққан малдардан алынған материалдардан 
дайындалған препараттарды зерттей отыра вирус денешіктерінің қандай 
вирустардың (қҧтырық) әсерінен пайда болғанын анықтауға мҥмкіндік 
береді. Кӛп жағдайда вирус денешіктерін анықтау тек қосымша 
диагностикалық әдіс ретінде пайдаланылады. 
Вирус 
денешіктерін 
анықтау 
ҥшін 
зерттеуге 
арналған 
материалдардан жағынды немесе таңба жасап, арнайы әдістермен 
бояйды да, микроскопиялық зерттеу жҥргізеді. Тҥрлі вирустардың 
тҥзген вирус денешіктері әртҥрлі арнайы әдістермен боялады. Қазіргі 
уақытта жағынды препараттарды бояудың тҥрлі рецепттері бар. 
Олардың ішінен әмбебап тәсілдің бірі болып, гемотоксилин-эозинмен 
бояу саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет