Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет48/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

өзгереді
және жетіле түседі. Егер 
шәкірт төжірибеде білімді икемділікпен қолдана білсе, білім 
жетілдіріледі, кеңейе түседі.
Икемділіктер мен дағдылардың арақатынасы туралы 
психолог мамандардың арасында өртүрлі пікірлер 
қалыптасты. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, дағдылар 
икемділіктердің алдынан келеді деп дәлелдейді, басқалары 
икемділіктер дағдьщан бүрын келеді деген пікір айтады. Бүл 
айтылған пікірлердің алшақтығының “икемділік” деген 
сездің коп мағынада қодцанылуында. Қазақ тілінде ғылыми 
өдебиеттерде орыстың “умение” деген созінің көптеген 
баламаларын кездестіруге болады: икемділік, ептілік, 
ебдейлік, бейімділік, шеберлік.
Коптеген жаттыгулардың нөтижесінде әрекеттің кейбір 
элементгерін адам сондай жақсы меңгеруі мүмкін, өрекетгің 
барлық үрдісін саналы түрде бақылау артық болып табылады. 
Әрекетгің жекелеген элементгері автоматгандырылады, демек, 
сананың қатысынсыз автоматты түрде іске аса бастайды.
Осындай өрекеттің жеке элементтері жаттығулардың 
нәтижесінде автоматгандырылуы дағды деп аталады.
Алғашында адам өрекетті меңгергенде өрекеттің 
элеменггері саналы болады, ал одан кейін коп қайталанған 
жаттығулар үрдісінде бүл өрекеттерді жоғары деңгейде 
меңгеру басталады, оларды орындау жогары деңгейдегі 
саналылықты қажет етпейді, олар автоматгы түрде іске асады. 
Мәселен, шаңғы тебу дағдысы туралы айтқанда, оны 
бүрыннан теуіп жүрген адам ешқандай ойланбастан қысқы 
пейзаждың әдемілігіне сүйсіне отырып, еркін тебе алады, 
оның шаңғы тебу өрекеті коп жаттығудың нәтижесінде
113


автоматты түрде іске асады. Мәселен, саз аспаптарын 
(пианино, скрипка, домбыра) меңгеру дағдысы алғашында 
жекелеген ноталармен жүмыс істеп, бірте-бірте, саздық 
аспапта ойнау дағдыларын қалыптастырады.
Дағдыны қалыптастыру үшін білім мен икемділік қажет. 
Мәселен, жазу дағдысын қалыптастыру үшін шекірт білім 
алуы қажет: қаламды қалай үстау, оны қалай пайдалану керек, 
өріптерді білу, олардың қалай жазылуын білу қажет және 
т.б. Көптеген жаттығулардың нәтижесінде шәкірт жазу 
техникасын меңгереді, ол өріпті қалай жазу керектігін 
ойламай-ақ жаза алады, шәкіртте жазу дағдысы қалыптасады. 
Демек, білімсіз және икемділіксіз дағды қалыптаспайды. 
Икемділік және дағды — бүл бірыңғай іс-әрекетгің өртүрлі 
жақтары. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бір- 
бірін толыктырып отырады жөне іс-әрекеггің ерекше жақсы 
жүруін қамтамасыз етеді.
Дағдылар дегеніміз - адамның бас ми қыртысында 
қальпттасқан шартгы рефлекторлык байланыстар жүйесі. Бүл 
қайталаудың нәтижесінде бекітілген уақытша жүйке 
байланыстарының жүйесі және белгілі тітіркендіргіштердің 
өсерімен өрекет ететін бірыңғай жүйені И .П .Павлов 
динамикалық стеоретип деп атады. Дағды жатгьпулар арқылы 
қалыптасады. Жаттығу — бүл коп қайталаумен бекітілген 
өрекет. Жаттығуларды тек қана механикалық қайталау деп 
түсінбеу керек, егер де механикалық түрде орындалатын 
болса, онда әрекеттер мен қозғалыстар жетілдірілмейді. 
Жатгьпулар үрдісінде өрекетгердің тәсіддерін жетілдіру іске 
асады.
Психологтар I сынып шәкірттерін жазуға оқыту үрдісін 
зерттеген болатын. Зерттеу нөтижесінде жаттыгулардың 
психологиялык ерекшеліктері туралы қорытынды жасалды. 
Жаттығуларды жетілдіру және қатесіз орындау кейбір 
ш арттарм ен байланы сты . И кем діліктер ж оғары да 
айтылғандай, адамның практикалық іс әрекетінде білімнің 
негізінде қалыптасады. Белгілі іс-өрекеттің түріне катысты 
жалпы икемділіктермен қатар жеке икемділіктер болып 
болінеді.
Жеке икемділіктер тек қана белгілі жағдайға қатысты, 
өрекеггердің белгілі тәсілімен байланысты. Мөселен, жалпы 
икемділіктер - бүл оқу ептілігі. Жеке ептілік буын бойынша 
оқу икемділігі немесе басылған мәтінді оқу ептілігі.
Д ағды лардың екі түрі кездеседі: қозғалы с жөне 
и нтелл ектуалдык (ойлау) дағдылары. Бірінші түріне қозғалыс 
саласындағы және оның жүйелері, дағдылары, спорттық
114


дағдылар жатады. Интеллектуалдық дағдылар — бұл ақыл- 
ой жүмысы саласындағы дағдылар.
Ескі дағды жаңа әрекетті меңгергенде көмектесуі мүмкін 
немесе керісінше, оны меңгеруге кедергі жасайды. Бүрын 
меңгерген дағдының жаңа әрекетті меңгеруге жағымды эсер 
етуін, көмектесуін дағдының тасымалы деп атайды. Моселен, 
бір типтегі есептерді шешуге көмектеседі: есептің шартын 
талдау, мәліметтердің арасындағы тәуелділікті анықтау, 
шешімді жоспарлау. Дағдының тасымалы сол уақытта іске 
асады, егер ескі және жаңа іс-әрекетте ортақтық болған 
жағдайда. Жазуға, санауға оқытуда, күрделі есептерді шешу- 
де - бәрінде де ескі дағдынын жаңа дағдыны меңгеруге 
қалай көмектескендігін аңғаруға болады.
Ескі дағдылардың жаңа дағдыны меңгеруде жағымсыз 
эсер етуін дағдының интерференциясы деп атайды. Мәселен, 
оқушы бала кезінде жүзудің жетілмеген тәсілімен үйренген 
болса, одан кейін спорт мектебіне түскеннен кейін, оны 
брасс стилімен жүзуге үйреткен соң, ескі дағды жаңа дағдыны 
меңгеруге көп қиындық келтіреді.
Әдетгер — бүл адамның әрекеттерінің түрақты тәсілі, оны 
орындау белгілі жағдайларда қажеттілік болып саналады. 
Әдеттердің физиологиялық негіздеріне динамикалық 
стеоретип жатады.
Әдетке айналған әрекетгердіңдағдылардан айырмашьшығы 
қаж еттіліктің ш ақы руы м ен іске асы рылады , онда 
қанағаттанбау, риза болмау, жетіспеушілік сезімі пайда 
болады. Мәселен, балада белгілі бір уақытта ұйықтау әдеті 
қалыптасты делік. Ол ережені орындамау балада, әртүрлі 
қырсықтың, жылау-сықтау, көңіл-күйінің төмендеуін 
туғызады.
Әдеттердің дағдылардан қандай айырмашылығы бар? 
Әдетгер жай ғана қайталаудьщ нөтижесіңде қалыптасады және 
қалыптасқаннан кейін, жетілдірілмейді, дағдылар әр уақытта 
да жаттығулардың нөтижесінде қалыптасады.
Әдет мақсатсыз пайда болуы мүмкін, ал дағды өр уақытта 
алдын ала мақсат қою арқылы қалыптасады. Адам мақсат 
қою арқылы жағымсыз әдегген қүтылуына болады.
Әдеттер пайдалы және жағымсыз болуы мүмкін. Пайдалы 
өдеттер адамға тез және сенімді, қажетгі әрекетгерді жасауға, 
мінез-қүлық, тазалық, еңбек ережелерін сақтауға мүмкіндік 
береді.
Жағымсыз әдеттер ерте кезден бастап, тіпті мектепке 
дейінгі кезден пайда болуы мүмкін. Жағымсыз әдеттер 
негізінен еліктеудің нәтижесінде пайда болады,сонымен қатар
115


мінез-қүлықтың дүрыс емес түрлерінің бекуі ата-аналардың 
қате ерекетгерінің салдарынан қалыптасады. Мәселен, кейбір 
мектеп оқушыларынан ата-аналарын тындамау, қыңырлық 
аңғарту сияқты жағымсыз әдеттерді байқауға болады.
Жағымды әдеттердің бірнеше түрін кездестіреміз:
1. Еңбек әдеттері — еңбеюсе жағымды қатынас, жүмысты 
жоспарлау жөне аяғына дейін жеткізу өдеті.
2. Санитарлық-гигиеналық өдеттер ас алдында қол жуу, 
тісті
таза үстау, үқыпты жүру.
3. Мәдени мінез-қүлық әдеттері — адамдарға ізгілікпен, 
кішіпейілділікпен қарау, үлкендерге қүрмет көрсету;
4. Адамгершілік өдеттер - таза болу, шындықты айту, 
принципшіл болу т.б.
Әдеттер ата-ан аларды ң , м үғалім дердің, ж ора- 
жолдастарының, талаптарының нәтижесінде қалыптасады, 
төрбиеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет