Қабырғалар мен төс мертіккенде (сыпағанда – сықыр естіледі),
сүйек
қабығы
қабынғанда сол жер ісініп, беті тегіс болмайды.
Бұл жерлер лейкоз
және басқа қан
ауруларында ауырғыш
келеді.
Қабырға аралық нервтердің ауруларының 3 ауру нүктесі болады (омыртқада, қолтық
сызығында,
төсте).
Плевральды ауырсыну дем алғанда күшейеді,
егер
кеуде қуысын басса, азаяды
(өкпенің қозғалуы азаяды)
және бір өзгешелігі
– дене ауру жағына қисайғанда азаяды (ал
неврологиялық ауырсынуда күшееді).
Тері қыртысы экссудативті, әсіресе, іріңді, плевритте, туберкулезді бронхоаденитте
қалыңдайды. Яғни, терінің иннервациясы, трофикасы
бұзылады да ісінеді, лимфа және
гемостаз пайда болады, веналык тарамдар іске қосылады.
Дауыс дірілін анықтау.
Науқастың кеудесіне екі жағынан симметриялы етіп қолды
қояды
(57 сурет).
Бала дауысты дірілдететін дыбысы бар сөз айтуы керек (дауысты
дыбысы көп және «р» әрпі бар, мысалы трактор т.б.). Дұрыс калыпты жағдайда дауыс
дірілі екі жағынан да бірдей болуы керек.
Кішкене балаларда дауыс дірілін анықтауды бала жылаған немесе айқайлаған кезде
дауыс желбезегінен бронх және бронхиолдар қабырғалары бойынша кеуде бетіне берілетін
дауыс тербелісін анықтау арқылы жүргізіледі.
Дауыс дірілінің күшеюі
өкпенің қатаюына, өкпеде қуыстар пайда болуына
байланысты болады. Ал, бронх бітелгенде
(өкпе ателектазы), экссудатта, пневмоторакста,
плевра ісігінде, яғни кеуде қуысының қабырғасынан бронхты ығыстырғанда, дауыс дірілі
әлсірейді.
Достарыңызбен бөлісу: