2 Зубарашвили А.Д. Теоретические вопросы психопатологии депрессии //Депрессии. Вопросы
клиники, психопатологии, терапии. Под ред. Э.Я.Штернберга, А.Б.Смулевича.- Москва - Базель, 1970.
3 Инклюзивное образование. Выпуск 4. Методические рекомендации по
организации инклюзивного
образовательного процесса в детском саду. - М.: Центр «Школьная книга», 2010.
4 Интегрированное обучение детей с нарушением слуха /Под ред. Л.М.Шипициной,
Л.П.Назаровой.- СПб., 2001.
Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі
5 ҚР "Білім туралы" Заңы.-Алматы.-Юрист.-2007.
6 Права ребенка.-Алматы.-Юрист.-2007.
7 "Бала құқықтары жайлы Конвенция" БҰҰ,1989
8 ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы. Астана.- 2002.
Дәріс№5: тақырыбы.
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Эмоционалды-
ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Дәріс жоспары:
1. Зият ауытқудың дәрежелері. Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
2. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларға сипаттама. Эмоционалды- ерік сферасы
зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Зиятында ауытқуы бар
- орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде пайда
болған танымдық әрекетінің тұрақты түрде тежелуі. Ақыл-есі кемдік екі формада байқалады:
олигофрения және деменция.
Ауытқудың кешеніне қарай олигофрения кезіндегі ақылдың кенжелігі үш дәрежеге бөлінеді:
идиот, имбецильдік және дебильдік.
Дебильдік- бұл олигофрения ішіндегі ең жеңіл және кең түрі. Көмекші мектептердің негізгі
контингентін осы дебиль балалар құрайды. Бұл балалардың механикалық есте сақтау, орташа ойлау,
сөйлеу
қабілеті бар, аз диапазонды эмоциялары бар, сондай-ақ қарым-қатынас жасау, оқу, ойнау дағдылары
қалыптасқан. Мысалы, ойлау қабілетінің басым бөлігі көрнекі-бейнелік, талдау, топтау, салыстыру қабілеттері
нашар. Оқыған мәтінді мазмұндай алмайды. Сөйлеу тілінде аграмматизм бар. Жеке тұлғаның дамуында,
дүниетанымы мен көзқарастарында кемістігі байқалады. Инциатива әлсіз, танымдық қызығушылығы жоқ.
Имбецильдік (миғұла)-бұл дебильдіктен анағұрлым төмен дәреже. Логикалық процестер, талдау,
ойлау қабілеттері төмен деңгейде. Сөздік қорлары аз. Кейде тек заттың атын атаумен ғана шектеледі. Олардың
кейбірі
көмекші мектепте оқиды, көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің қорғауында тәрбиеленеді. Кейде күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе
жұмыс операцияларына үйретіледі.
Идиотия (нақұрыстық) - қабылдау қызметінің мүлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға деген реакциясы жоқ.
Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін арнайы мекемелерде
тәрбиеленеді. Жалпы кемақылы балалардың 5%-ын құрайды.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен
әлеуметтік теңсіздіктер,
отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі
бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.
Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-
әрекеттің
қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының
қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар
салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі
ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз,
қорқақ және
тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің
дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын
психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.
Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен,
психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына
сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика
дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Қ.С. Лебединская психикалық дамуы тежелген балаларды этимологиялық принциптер негізінде 4
топқа бөлген:
1. Конституциялық;
2. Соматикалық;
3. Психогендік;
4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.
Психикалық дамудың тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттама тән:баланың
дамуының эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл-күйі мен ойынға
қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы. Ойынға белсенді
болғанымен оқу іс-әрекетінде тез шаршайды. Сабақ барысында жалпы тәртіпке бағынбайды.
Көбінесе
психикалық дамудың тежелуінің бұл түрі төменгі сыныптарда , әсіресе бірінші сыныпта кездеседі.
Психикалық дамудың тежелуінің сомотегенді түрі – бұл түрі ұзақ уақытқа созылған әр түрлі себептегі
соматикалық науқастар салдарынан туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары ,
балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлжуаз, ұяң, қорқақ және тұлғалық
қарым-қатынасқа бірден түсіп кете ала алмайды. Бұл балалар оқуға қызығушылық танытады, тәртіпті, нашар
баға алса қалыпты қабылдайды, бірақ тапсырмаларды баяу орындайды және көптеген қателер жібереді.
Жазуды, оқуды үлкен қиындықпен меңгереді. Бірақ науқасынан сауығып,
дер кезінде педагогикалық-
психлогиялық түзету жұмыстарын алған мұндай балалар өз қатарын тез қуып жетеді.
Психикалық дамудың тежелуінің психогенді түрі – жанұядағы тәрбиенің жағымсыздығына және
қолайсыздығына байланысты туындайды.Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-өомбылықпен, отбасының
ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы даму деңгейі төмен болады. Мұндай балаларға
импульсивтілік, өзінің эмоциясы
мен тілектерін тоқтата алмау, жауапкершілік сезімінің болмауы тән болып
келеді. Аталған үш түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы мектептерде жеке бағдарламамен
түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық дамудың тежелуінің церебральды- органикалық түрінің (ПДТ-нің ең ауыр түрі) шығу тегі
жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты болып келеді. Көптеген жағдайда балаларды
орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі десаулығына байланысты
болады. Бұл түрдегі балалар арнайы мектепте оқытылуы тиіс. Ал, мектеп жоқ жағдайларда жалпы
мектептерде ашылған түзету-дамыту сыныптарында оқытылады. Сонымен бұл балаларға невролог- дәрігердің
көмегі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: