«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше


Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1 Жалмухамедова А.К. Организационно-методические основы раннего включения детей с 
ограниченными возможностями в образовательный процесс: дис.канд.пед.наук: 13.00.03. - Алматы, 2006. 


2 Зубарашвили А.Д. Теоретические вопросы психопатологии депрессии //Депрессии. Вопросы 
клиники, психопатологии, терапии. Под ред. Э.Я.Штернберга, А.Б.Смулевича.- Москва - Базель, 1970. 
3 Инклюзивное образование. Выпуск 4. Методические рекомендации по организации инклюзивного 
образовательного процесса в детском саду. - М.: Центр «Школьная книга», 2010. 
4 Интегрированное обучение детей с нарушением слуха /Под ред. Л.М.Шипициной, 
Л.П.Назаровой.- СПб., 2001. 
 
Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. ҚР "Білім туралы" Заңы.-Алматы.-Юрист.-2007. 
2. Права ребенка.-Алматы.-Юрист.-2007. 
3. "Бала құқықтары жайлы Конвенция" БҰҰ,1989 
4. ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы. Астана.- 2002. 
Дәріс№4: тақырыбы. 
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды 
жалпы білім беру үрдісіне қосу 
Дәріс жоспары:
1.«Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы» ұғымының жинақтаушы сипаты 
2.Тірек-қимыл аппаратындағы бұзылудың түрлері 
Негізгі ұғымдар:
арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, түзету, толқықтыру, 
оңалту, коғамға қосу, олигофрения, дебильдік, имбецильдік, нақұрыстык, таным процестері. 
«Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы» 
ұғымының жинақтаушы сипаты бар және ол органикалық 
орталық немесе перифериялық табиғаты бар қимыл-қозғалыс бұзылысын қамтиды. 
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балалар келесі категорияларға бөлінеді: 
-церебральды сал ауры бар балалар (ДЦП); 
-қалпына келуші немесе резидуальды сатыдағы мешел ауруының салдары; 
-миопатия(myopathіa грек.мио және pathos бұл бұлшық ет ауруының бір түрі); 
-туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратындағы жетіспеушіліктер мен кемістіктер. 
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар оқушыларды оқыту, жалпы білім беретін мектептің арнайы 
сыныбы жағдайында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен үйлесіп, жалпы 
сыныпта немесе үйде жүзеге асырылады. 
Тірек-қимыл аппаратындағы бұзылудың түрлері: 
1.Жүйке жүйесінің аурулары: ДЦП, мешел (полиомелит); 
2.НОДА туа біткен патологиясы: жамбас сүйегінің туа біткен шығуы, қисық мойын, маймақтық, 
табандардың кемістігі, омыртқа дамуындағы аномалиялар, аяқ-қолдардың жеткіліксіз дамуы және кемістігі
артрогрипоз (туа біткен кемтарлық); 
3.Жүре пайда болған аурулар және тірек-қимыл аппаратындағы ақаулар: жұлын майының 
травматикалық ақаулары, бас миының және аяқ-қолдардың травматикалық ақаулары, полиартрит, қаңқаның 
аурулары (құрт ауруы, сүйектердің ісігі, остиомелит). 
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептің арнайы 
бейімделген ғимараты (пандустың болуы, кең есік жақтауларының, мүгедектер арбасын көтергіштің, 
баспалдақтың жанындағы көтергіштің, есіктерді автоматты ашушылардың болуы) және арнайы жиһазы 
(бірадамдық парталар, тұрып жұмыс істеуге арналған конторкалар), ортопедиялық құралдары, оқытуға 
арналған арнайы приборлар болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай, сыныптардың толықтырылуы барынша аз 
болуы керек. Партаның жанында мүгедектер арбасын қою үшін қосымша кеңістіктің болуын қамтамасыз ету 
қажет (егер оқушы арбадан орындыққа отырса). Тақтаның жанындағы өтетін жолды бос қалдыру керек, 
оқушы арбада немесе балдақпен тақтаның алдына еркін бара алуы керек. Сынып тақтасының аса төмен 
орналасуы қажет. 
Сыныптағы үстелдер мен орындықтардың биіктігіне назар аудару қажет, олар мүмкіндігі шектеулі 
балалар үшін қолайлы болуы керек. Мысалы, партаның биіктігін көтеру баланың арбасын оның жанына 
қолайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Полкалар мен стеллаждар барлық балаларға жететіндей биіктікте 
орналасуы керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет