Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды аймағын, оқу
барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.
Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізіледі. Бұл диагностиканың қорытындысы
дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Баланы динамикалық тексеру - оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі,
әдістер мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын
бақылап отыру мақсатында
жүргізіледі. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын(ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін
ұйымдастыра алу, өзін- өзі бақылау) тексереді.
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-
дамыту жұмысының
баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдық диагностика- бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып
жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу
уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық
бағыттың тағы бір негізгі
міндеттерінің бірі- бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі
күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалар: жан-жақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық.
Аталған қағидаларды ескере отырып әр ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша
балаға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсетеді. Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12
бағыт бойынша
жүргізеді:
- сенсорлы-перцептивті жағдай;
- зейіні;
- есте сақтауы;
- ойлауы;
- сөйлеу ерекшеліктері;
- өзін- өзі бағалауы;
- ерік- жігері;
- психомоторлық жағдай;
- әлеуметтік- тұрмыстық жағдай;
- оқу біліктілігі;
- еңбек біліктілігі;
- коммуникативтілігі .
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістерімен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады.
Шығарылған балға сәйкес психологиялық- педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму
деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген
алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады.
Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген
диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына
сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете- дамыту бағдарламасын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: