5
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді іске асыру қажет:
-деректану пәнініңкәсіби тарихшыларды дайындауда қажеттілігін дәлелдеу;
-деректанудың салалық пәндерімен танысу;
-деректану ғылымының қалыптасу белестерін анықтау;
-деректанулық зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгеру,
- деректанулық зерттеу техникасы мен әдістері туралы
білімді игеру;
- тарихи деректерді зерттеу әдістерінің жалпығылыми және тарих
ғылымыныңәдіснамасына байланыстылығын түсіну;
- тарихи зерттеулердің терминдік аппаратын игеру:
-
деректерді талдау барысындағы
және оның нәтижесін зерттеу
процесіндепайдалану әдістерінбілу;
-студенттерді қазақ тарихының негізгі деректер тобымен таныстыру:
Оқу жоспарына енген кез келген пәннің өз
объектісі
бар.
Деректану
теориясының объектісі тарихи дерек көздері,
олардың пайда болуы, ондағы
адамзат қоғамы жөніндегі ақпараттың көрініс
табуы және сол деректерді
зерттеу.
Деректану тарих ғылымының бір саласы. Кез келген елдің тарихын
зерттеушідеректану ғылымының көмегіне зәру. Өйткені тарихи дерексіз тарихи
шығарма жазылмайды.
Деректанудың екі деңгейі бар, бірі –
эмпирикалық
,
екіншісі –
теориялық.
Оның өзіне тән
әдістемесі
және
әдіснамасы
бар.
Деректануәдістемесі деп зерттеу барысында пайдаланатын әдістердің
жиынтығын айтамыз
.
Достарыңызбен бөлісу: