8
адамның немесе бір топ адамның мақсатты әрекеті. Әр елде, әр жерде, жер
шарының әр өңірінде болған тарихи оқиғалар біріне-бірі ұқсас. Бірақ олардың
айырмашылықтары да бар. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ жерінде
орыс отаршыларына қарсы ұйымдасқан қарсылық дәл осы дәуірде Үндістан
жерінде ағылшын отаршыларына қарсы болған үнді халқының қозғалысына өте
ұқсас. Бірақ әлбетте, оның ерекшеліктері де бар. Жалпы алғанда бұл сол кездегі
отаршылдыққа қарсы күрес жүйесінің бір ғана үзігі. Яғни,
адамзат тарихы
осындай ірілі-уақты үзіктердің жүйесі. Тарихи құбылысты жүйелі зерттеу
барысында тарихшы әртүрлі тәсілдерді,
амалдарды, әдістерді пайдаланады.
Сөйтіп, жүйе жасайтын (системообразующий) белгілердіанықтайды. Осы
бірімен-бірі байланысып жатқан белгілер арқылы оқиғаның, құбылыстың ішкі
құрылымын анықтаймыз.
Неғұрлым белгілері көп болса, соғұрлым зерттеу
терең болады, мазмұнды болады.
Достарыңызбен бөлісу: