28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


 Көркем өнер туындылары-тарихи дерек



Pdf көрінісі
бет50/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

3. Көркем өнер туындылары-тарихи дерек
Өткен заман көркем өнертуындылары сол заманда өмір сүрген белгілі бір елдің 
шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетінен зор мағлұмат 


43 
беретіндігі баршамызға белгілі. Сондықтан тарих зерттеулер барысында 
деректің мұндай түрін ескерусіз қалдыруға әсте болмайды. 
Алдымен көркем өнерге сипаттама беріп алайық. 
Өнердегеніміз көркем 
образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын,ішкі сезімін, жан 
дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам 
танымының формасы. 
Өнер өмірде болған оқиғаларды түрлендіріп, көркем 
образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны 
қоғамдық сананың өзге формаларынан айырмашылығы адамның шындыққа де-
ген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам 
өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем 
шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам 
тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар 
суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. 
Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың ма-
териялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай 
өнердің: көркем әдебиет,музыка,мүсін,кескіндеме,театр,кино, би,сәулет өнері 
т.б. түрлері бар. 
Қазіргі әңгімеміз бейнелеу өнері ескерткіштеріндегі тарихи шындық жөнінде. 
Қазақ тарихының ислам дуірінде бейнелеу өнері қатты дамыды деп айта 
алмаймыз. 
Петроглифтер.
Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз 
үңгірлеріне өмірдің ең басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші 
өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы 
адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. 
Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да 
тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз. 
Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан«Таңбалы» тас деген жер 
бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында 
сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. 
Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып 
салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі 
желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. 
Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Зерттеу барысында 
бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай 
өткен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-
батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында 
Арпа өзенінің алқабында б.з.б. ІІ-І мыңжылдығына жататын ескерткіштер 
табылған. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз 
және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің 
әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы 
сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады. 
Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 
шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған 


44 
жартастағы суреттерқұрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің 
арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле 
көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-
сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің 
көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік 
дәуірін сипаттайды. 
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан 
солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегіндегі үңгір 
қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында 
салынған суреттер табылған. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. 
суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, 
үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің 
құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді. 
Қапшағай таңбалы тасы Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. 
Б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. он сегізінде 
жазу бар. Олардың негізгі бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен 
ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Мұндағы ежелгі 
түркі жазбалары әлі оқылып болған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің 
ең белгілісі – Үш Бурхан суреті. 
Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, 
Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай т.б. шатқалдары мен сай-
ларындакөне суреттер көптеп ұшырасады. Жалпы саны – бірнеше мың. Олар 
тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Онда аңдар 
мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің нышанын білдіретін түйе 
кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі орын алған. Арбаларға 
жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады. 
Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. 
Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының 
оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр 
биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Саны 
1200-ден астам. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар 
мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір 
топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі 
жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 
1-2 метрге жетеді.
 
ХVІІ–ХХ ғасырлардақазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және 
суретшілерін қызықтырды. Т. Аткинсон,Б. Залесский, А. Горонович, В. 
Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов сияқтылар өз 
шығармашылығын қазақ тақырыбына арнады.Ш. Уәлихановтың суреттері 
деқазақ графикалық туындылрының алғашқы құнды үлгілері болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет