І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
о пред мете, его значении и гра-
ницах», – деп жазған болатын [11,
265]. Ен деше әдебиетке тарихи тұр-
ғыда қарау көзқарасы туындаған
уақытта әдеби-теориялық ой-пікірдің
кенже қалуы мүмкін емес еді.
Кез келген халықтың ұлттық әде-
биеттану ғылымының туу кезеңіне
дейінгі тарих алдындағы дәуіріне
көз жіберсек, әдеби-теориялық көз -
қарастың оянуы әдеби-тарихи ой-
пікір мен эстетикалық таным про-
це сінің басты құралы саналатын
ғы лыми ұғымдардың өріс алуына,
әде би білімдер системасының қалып-
тасуына жол ашу арқылы ғылыми
сипат алуына әсер ететінін байқай-
мыз. Себебі «теория становится
научной только тогда, когда в ее основе
лежат научные понятия». Олай болса,
әдеби-теориялық көзқарас әдебиет ті
өнердің бір түрі ретінде танып, оның
жанрлық ерекшеліктері мен даму
заңдылықтарын ашуда тұрақталған
ғылыми ұғымдарды тудырып, тео-
риялық білімдер системасын құ-
райды. Алғашқы айтылған ғылыми
теориялық көзқарастағы пікірлер бір-
те-бірте толыса келіп, әдебиет атты
сөз өнерінің барлық болмысы мен
құрылысын, жанрлық табиғаты мен
стильдік ерекшеліктерін ғылыми-
зерт теушілік сипатта түсінуге ықпал
жасайды. Мысалы, орыс әдебиет-
тану ғылымында ХVІІІ ғасырдағы
әде би-теориялық көзқарастың өріс
алуын алсақ та жеткілікті. Орыс
әде биеттану ғылымының бастау ла-
ры болып саналатын Лаврен тий Зи-
занийдің «Грамматика сло венска»,
Милетий Смотрицкийдің «Грам ма-
тика», Макарийдің «Риторика», Фео-
фан Прокоповичтің «Поэтика» және
«Риторика» деп аталатын еңбек те-
рінен басталған әдеби-теориялық
көзқарас Ресейде орыстық ғылыми
теориялық ой-пікірдің өріс алуына
себепкер болып, Ф. Прокопович,
В. К. Тредиаковский, М. В. Ломоно-
сов, А. Д. Байбаковтар поэзияны тек
пен түрге бөлудің алғашқы поэти-
калық жүйесін жасады. «Теоре ти-
ческие вопросы решались тогда в ос-
новном на стихотворных текстах... и
в наибольшей мере отразили интен-
сивный рост теоретико-литератур ной
мысли», – деп атап көрсетілге нін-
дей, орыс әдебиеттану ғылымының
тууына өлеңтану жұмыстарының
қат ты әсері болды [3, 17].
Әдеби-теориялық ой-пікірдің ал-
ғашқы кезде әдебиеттің поэзия сала-
сына, оның жанрлық түрлеріне байла-
нысты көрініп, өркен жаюы әрбір
ұлттық әдебиеттану ғылымының
туу кезеңіне тән құбылыс десе де
болады. «Стиховедение всегда сос-
тав ляет сердцевину науки о лите-
ра туре» деген нақты айтылған пі-
кірге сүйенетін болсақ, қазақ әде-
биет тану ғылымында әдеби-тео-
рия лық ой-пікірдің оянуы да осы
өлең танушылық көзқарасқа тікелей
бай ла нысты болғанын байқар едік.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У