V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
зерттеушілік ой-пікірдің даму про-
цесін, әдіснамалық мәселелерін
ғы лыми тұрғыда жүйелі тексерген
күр делі ғылыми зерттеу, моногра-
фиялық еңбек болмағанмен, бізде бұл
мәселені арнайы да, жанама түрде де
сөз еткен мақалалар мен еңбектер
біршама баршылық. Әдебиет ту-
ралы ұлттық ғылымның туу, даму
жолдары мен тарихының көптеген
мәселелерін, келешек зерттеу жұмыс-
тарына бағыт-бағдар беретін соны
көзқарастарды қазақ әдебиеті сыны
тарихын зерттеген еңбектерден кө-
реміз.
Қазақтың ұлттық әдебиеттану
ғылымының қалыптасу кезеңдерін
сөз еткенде ғалым Е. Ысмайылов:
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та-
рихына көз жіберсек, оның негізгі екі
кезеңді бастан кешіргенін байқауға
болады. Бірінші – үйрену, идеялық-
творчестволық принциптерді игеру
кезеңі. Бұл революцияның алғашқы
кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді
қамтиды. Екіншісі – соғыстан ке-
йінгі дәуір, яғни қалыптасу, даму
дәуірі» – деп екіге бөле отырып,
алғашқы кезеңде, «өмірдің талап-
тілектеріне байланысты дүниеге ке-
луіне» әдеби мұраны игеру процесі
мен қазақ әдебиетінің мектептер
мен оқу орындарда жүргізіле баста-
уына сай, алғашқы оқулықтар мен
хрестоматиялардың жазылуы түрткі
болғанын атап көрсетеді [1, 35]. Ал
академик М. Әуезов бұл турасында:
«Қазақ әдебиеттану ғылымы бүгінгі
жеткен сатысымен, түгелімен Ұлы
Октябрь революциясының жемісі
болды... Қазақ әдебиеті тарихы мен
әдебиеттану жүйесі бізде орта мек-
тептерде оқу құралын жасаудан
туды», – деп жазды [1, 355].
Осы жоғарыда келтірілген пікір-
лерге қарасақ, ұлттық әдебиеттану
ғылымының тарихын кеңестік дә-
уір ден бастап зерттеу керек деген
көзқарас негізінен дұрыс болғанмен,
бұл ғылым саласының туу дәуіріне
дейінгі тарихи бастаулары назар-
дан тыс қалғаны байқалады. Тари-
хымыз жаңаша таразыланып жатқан
қазіргі уақытта европацентристік
ой-пікір мен марксизм-ленинизм ілі-
мінің және зерттеу жұмыстарына
қате қаулы-қарарлармен үнемі бағыт-
бағдар беріп отырған кеңестік идео-
логия ықпалында айтылып, қағидаға
айнала жаздаған көзқарастарға сыни
тұрғыда жаңаша қарау – әдебиет-
тану ғылымының қалыптасу тарихын
зерттеу мәселелерімен тығыз байла-
нысты.
Қандай да болсын ғылым сала-
сы аяқ астынан туа салып, бірге да-
мып кетпейтіні дәлелдеуді қажет
етпейтін шындық. Ендеше әдебиет
туралы ғылым да өзінің алғашқы
адымын көркем шығарманың мә-
нін ұғып, рухани азық ретіндегі қо-
ғамдық маңызын түсінуден баста-
латын қарапайым ой-пікірден, баға-
лаушылық сипаттағы алғысөздер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У