Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет33/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ
Ол күнде қазақтың қажетi һәм кемшiлiгi қай жағы- 
нан болса да көп, солардың арасында ең бiрiншi –
жер мәселесі. Біз бұл туралы мұнан бұрын жазған 
жоқ едік. Жазбағанда, ұмытып кеткендіктен, йаки
керексіз деп білгендіктен емес, һәркім жер деген 
сөздi жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ойлап, 
тексере қарайтын іс. Бұл күнде һәркім өз істеген ісін
ұнатып жүр. Қала салғандар қала болуды, қала бол-
мағандар көшпелілікті мақтап жүр. Көлденең ақыл-
шылар жай ақылға салып қала болған жұрт қандай, 
болмаған жұрт қандай, қазақ қала болмаса, бар жақсы 
жерінен айырылып қалды. Сондықтан осы күні өздері 
жер кестіріп, қала болу керек деді. Осы айтқандар- 
дың бірі де қазақ жері турасында толымды дәлел
келтіріп, қазақтың халін һәм жерінің жайын жете біл-
гендігін көрсеткен жоқ. Екі жылдан бері «Айқап» жор-


229
налы қазақ қала болу керек деп жазды. Қала болған
қазақ оған қарап қала болған жоқ. Болмаған жұрт
артық қобалжыған жоқ. Егер біздің газетамыз әлгі
айтылған екі ақылдың бірін айтқанда, қазақтын сүт-
тей ұйып тыңдай қойыуына біздің де көзіміз жетпей-
ді. Сөйтсе де iстiң асылын түсіндіру, түйінін шешу бір 
басқа, сол түсіндірген нәрсені орындау басқа. Бiздiң 
мақсұтымыз, жер хақындағы ойымызды бастан-айақ 
түгел байандап жазбақ һәм жазылған сөздi бекiтетiн
толымды дәлелдер көрсетпек. Біздің жер хақында 
жазуға асықпай жатқанымыз да сол, оқушыларымыз-
дың есінде болсын.
Басқарма.
«Қазақ» газеті, №10. 12 апірел 1913.
ҚАЗАҚ ЖАЙЫ
Ілгергі нөмірлерде Еуропа, Азиа патшаларының 
жайынан һәм Русианың ішкі, тысқы істерінің жайынан 
қысқа-қысқа сөйлеп, аз да болса мәлімет бергеннен 
кейін, енді қазақ істері жайынан сөйлемекпіз.
Қазақтың кемтігі, керегі көп, кемтігін толтырып, 
керегін табуға істегені аз болған жоқ. Біздің керегіміз- 
дің көбі бұрынғы күйімізде болмаған, осы күнгі жайы- 
мызға қарай керек болып тұрған нәрселер. Бұрын бізге 
ғылымда, өнерде қажет емес еді. Кең далада еркін 
жүріп, еркін тұрып, мал бағып, бар керегіміз малдан 
табылып, басқа нәрселерді керек қыла қоймаушы едік. 
Заманында сол қалпымыз жайлы да, жақсы да еді.
Заман қазір де сол қалыпты болса, қазаққа ғылым, 


230
өнер керек болмас еді. Адам ғылым мен өнер үшін 
жаратылған емес, ғылыммен өнер адам үшін шыққан, 
адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап 
тапқан нәрселер. Не нәрсені де болса адам керегі болса 
іздеп жоқтайды, қажеті жоқ нәрсені кісі жоқтамайды.
Бұрынғы күйімізде бізге оқудың тіпті керегі жоқ 
еді. Дүниемізге керек еді деуге – керегіміздің көбі, 
мәселен, тамақ, киім, үй бәрі малдан табылушы еді. 
Олай болғанда күн етуімізге оқудың қажеті жоқ еді.
Басқа жұмыстарға керек болды деуге бұл күнгідей 
уездный, крестьиәнский нашалніктерге мировой судиа, 
окружной сот, губернатор, министр, сенатқа арыз беру 
қазақта жоқ еді. Ісі бар адам ауыл ақсақалына айтушы 
еді. Онан асса биге түсуші еді. Биден асса ханға барушы 
еді. Олардың бәрі де арызыңды қағазға жазбасаң һәм 
русша жазбасаң алмаймыз демеуші еді. Һәркім арызын 
өзі айтып, өзі сөйлесіп, бітіп, айтылғаннан тану-тайу 
жоқ еді. Тану жоқ болған соң, книгаға тіркеудің де 
қажеті жоқ еді. 
Книгасын қолға алып, қай жағынан мол түсер 
деп, жалақтап біреудің ажарына, біреудің ақшасына 
сатылып, билік айтатын осы күнгі «Торсық емген 
топыраш» топас народный судиалар ол заманда жоқ 
еді. Табынан талассыз озып шыққан әр елдің білімді 
көсем һәм шешен билері болушы еді. Олардың 
билігіне книгаға жазылмаса да жұрт тоқтаушы еді. 
Жазу-сызусыз жұмыс бітетін болған соң билерге де, 
биге жүгінушілерге де оқи иа жаза білудің қажеті
жоқ еді.
Қазақтың дүниесіне керек емес оқудың ақыретіне 
де керегі аз еді. Неге десең ол күндегі қазақтар намаз- 
дың сабағын білмей: «Ақ қойдың келдесі, қара қойдың 


231
келдесі, мен Құдайдың пендесі» деп намаз оқыса да, 
олардың жүректері осы күнгі он қабат орап басына 
қазандай сәлде салып, көзін сүзіп, көлгірсіп отырған 
моллалардың көбінің жүрегінен таза еді. Құлшылық 
қабыл болуына таза жүректен артық нәрсе жоқ.
Қазаққа оқудың керегі жоқ кезде, өнердің де керегі 
аз еді. Өздеріне керек өнерді білетін адамдары арала- 
рында болушы еді. Үйшісі, ұстасы, етікшісі, ершісі 
өзінде еді. Сауық үшін керек өнерлерден де қазақ құр 
алақан емес еді. Ақыны, шешені, аңшысы, күйшісі 
өзінде еді.
Қазаққа қыстың қысаңдығы болғанмен, жазы жайлы 
мейрам есебінде өтуші еді. Қар кетіп, көк шыққан соң, 
қазақтың ағы молайып, астананың қазаны құрылып, ел 
тойынып, еңсесі көтеріліп қыстың қысқаны тез ұмыт 
болушы еді.
Онан әрі қымыз шығып, ел жайлауға көшіп, мейрам 
қызығы басталып, түйелері боздап, жылқылары кісінеп, 
сиырлары мөңіреп, қойлары маңырап, бәрі оркестрше 
үн қосып, ел музыкалатып келіп қонған сықылды 
болушы еді. Шалғынды жерге үй тігіп, салқын үйде 
сапырулы сары қымызды ішіп, түк жұмыс жоқ, бей- 
неттен азат шаһар адамдарына мейрамда іздесе табыл- 
майтын райысты қазақ үйінде отырып көруші еді.
Ол заман қазақтың көбінен өтті. Өтпегендерден енді 
өтеді. Қазақ сол күйін ғылымды, өнерлі жұрттың кент 
қалыбының қандайына да болса, өз еркімен сатпас 
еді. Ол қалыбынан қазақ амалсыз айрылайын деп 
тұр. Бұрынғыдай кең даланы қазақ жалғыз меншіктеп 
отырған жоқ, басқалар да келіп тығылды. Басқалар- 
мен араласу енді көбейді һәм жылдан жылға көбейіп 
барады. Олармен араласқан соң біздің бұрын керек 


232
қылмаған нәрселеріміз енді керек бола бастады һәм 
жылдан-жылға керегі білінер. Өзгелерден кем болмай 
тең боламын деген жұрт, қатарынан қалмасқа тыры- 
сады. Тең болмағанда адам болсын, жұрт болсын 
білімі өнері мен тең болады, қалыспаймын дегенде 
осыларымен қалыспасқа тырысады.
Тіршілік – бәсеке, жарыс, дүние – бәйге үлестіруші. 
Озғанға қарай бәйге береді. Жарыстың алды боп кел- 
ген бәйгенің алдын алады, ортасы боп келген ортасын 
алады, соңында қалған бәйгеден тіпті құр қалады. 
Дүниенің ісі осылай болған соң адамнан адам, жұрт- 
тан-жұрт, ұлттан-ұлт озсам дейді. Озғанның ісі қай 
орында да болса, үстін тосып, қалғанның ісін баспақ- 
шы. Ғылымы, өнерімен асқандар білімсіз, өнерсіздері 
білімімен жығып аиәғына баспақшы. Малымен асқан- 
дар байлығымен қамыттап жұмысына жекпекші.
Біз өзімізбен болып, басылып бара жатқанымызды, 
батып бара жатқанымызды байқамай, батып болған 
соң бірақ білетін көрінеміз. Бізде ғылым жоқ, өнер жоқ, 
кәсіп жоқ. Бұлардың бұрын жоқтығы керегі болмаған- 
нан еді, енді де керек емес пе? Бұларды енді керек 
қылмасақ, күн бұрын өзімізді, құдайға айтқан малды, 
басқалардың есігіне арнап қойыу керек. Оқымаған, 
өнерсіз, кәсіпке айыбы жоқ адам басқаларға жалданған 
малайлықтан басқа неге жарайды? Өзінде ғылым жоқ, 
өнер жоқ, кәсіп жоқ жұрттыңда өзге ғылымды, өнерлі, 
кәсіпшіл жұртқа малайлыққа жалданғаннан басқа 
қолынан келері жоқ. Оның шет жағасын байқаған 
адамдар көріп те отыр. Неге басқалардан қазақ есігіне 
жүріп малай болушылар аз, басқалардың есігінде 
қазақтан жалшылықта жүрушілер көп. Бұл басқалардың 
ісінің үстіндегін көрсетеді. Осыған осы бастан көз 


233
салып, ойланарға керек. Бұл жеңіл жылы қарап, көздің 
қырын салып қана өтетін емес, көп тоқтап қарап, 
мықтап ойланатын нәрсе. «Басыңның сауында бер 
садақасын, ұшалмас салсаң бүркіт томағасын» деген- 
дей, бәледен басқа келмей тұрғанда сақтанбасақ, томаға 
киілген соң, жөн тауып ұшу қиын болар.
Біз осы уақытта тайғақ кешу, тар жолда тұрмыз. 
Мұнан аман өтсек, жұрт болғанымыз, Алаштың азама- 
ты көптеп-көлемдеп ақылын қосып, білімін біріктіріп, 
ұлтын кешуден аман өткізуге жол көрсететін жері 
осы. Білгенін айтып, қолдан келгенін істеп, жұртын 
сүйемелеп тар жерден аман өткізуге қайрат қылатын- 
да кез осы.
Бізде негізгі бір зор адасқандық өз ісімізді өзіміз 
жай жатып сұрай берерлік дейміз де, сұрай береміз. 
Сұрағанын алмақ түгіл, қазақ әлі алдырумен келеді. 
«Жығылған күреске тоймас» деген, алмаса да қазақ 
сұрауын қоймайды. Сұрауда да парық бар екенін 
есінеде алмайды. Бір сұрау бар, ол есікте тұрып, еңкейіп 
бас ұрып, жыламсырап, айаныш түсіріп, көңілін жібіту 
жөнмен сұрау. Бұл қайыршылардың сұрауы, оған 
ойланбай, қамданбай осал-оңтай нәрсе, тиын-сиын бере 
салады. Бұл елеусіз сұрау. Екінші түрлі сұрау бар – ол 
төрде отырып, төбесін тік ұстап, қадіріне сүйеніп сұрау. 
Бұл елеулі сұрау. Бұлай сұрағанның қолқасы ескерусіз 
жерде қала қоймайды. Сұрағанын береді бермеседе 
ойланып қиналады.
Қазақтың сұрауы бұл екі сұраудың қай түрі екенін 
өздері біледі. Біздің айтатынымыз: «Қазақтың сұрау- 
дан арманы да жоқ, сұрағаннан алғаны да жоқ. Сонда 
да әлі сұрасақ молығар едің» деп қамтамада.
Сұрағаннан молықса, қайыршылары молығар еді. 
Қайыршылдықтан байығандар бек сирек. Есіктен


234
есікке жүріп қайыршылықпен күнелткен тіршілік 
қандай, өз бетінен кәсіп қып, мал жиып, өз еңбегімен 
күн көрген тіршілік қандай? Қайыршылықпен күн 
көремін деген оңбайтынын адамның ісі, сұраумен 
молығамыз деген оңбайтын жұрттың ісі.
Біз осы күнге шейін сұраумен келдік, берер деген 
үмітті бақтық. Сұрағанымыз көп, алғанымыз қанша, 
есепке салып байқау керек емес пе? Сұрауымыз көп 
болып, алғанымыз жоқ болса, сұрауда не мағына бар? 
Өзгеге сенбей, өлмес жағымызды өзіміз көздеп ойла- 
нып, қамдану керек емес пе? Жоқ әлде болса сұраумыз 
жетпеген жері бар десек, толықтырып сұралық.
Сұрағанымыз қанша, сұрағаннан алғанымыз бар ма, 
сұралмай тағы қалғанымыз барма, білу үшін кейінгі 
нөмірлерде соның жайын жазып өтпекпіз. Сонан соң 
сұралмай қалған мынадай нәрсе бар екекн десек, сұрау 
жайын кеңесерміз. Сұралмай қалғанымыз жоқ екен. 
Сұрасақ та бермейді екен, сұрағаннан еш нәрсе өнбейді 
екен десек, өнбейтін істі қуып, өзге жолын қарас- 
тырып, ақылдасуымыз тиіс емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет