Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет34/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

«Қазақ» газеті, №10. 12 апірел 1913.
ОҚУ ЖАЙЫ
Бұл күнде оқудың керек екенінен һешкімнің 
таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып 
тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен 
екенін көріп тұрамыз. Оқусыз халық қанша бай болса 
да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі 
халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі, ойлап 
қараса, біздің қазаққа мәлімсіз емес. Бұл заманда не 


235
нәрсе машинаға айналды. Қазақ биыл 5 жыл теңгеге 
сатқан нәрсесін, келер жылы өзі 10 теңгеге қайта сатып 
алады. 10–11 сомға алып отырған былғары былтырғы 
4–5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі 6–7 сомдық шұғалар, 
трикелер қазақтың бір пұтына 3–4 сом алып сатқан
малының жүні. 
Қазақ осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол 
алған нәрселерінің бірін де қазақ өзі істеген емес. 
Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін 
машиналар, соқа-сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс-
айақ, бәрі де зауыт, фабрикаларда істеліп шыққан. 
Бұл істеп шыққан нәрселердің сүйегінен іс ақысы он 
есе қымбат. Бұлай болғанда, басқа жұрттың өнерін 
қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20–25 жыл бұрын 
қазақ Бұқар, Ташкентке түйемен кіре салып қанша
пайда қылушы еді. Темір жол түскен соң ол пайда да 
қазақ қолынан кетті. Басқа жұрттарда өздерінің істе-
ген нәрселері өз ішінде сатылып, жұмсалған ақша өз 
елдерінде қалып шетке кетпейтін болса, оны жұртқа 
шығын деп есептемейді, тек бірінен-біріне ауысқанға 
санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны 
жоқ. Жоғарыда айтылған шаруа туралы болсын, партиа- 
ға мубтала болсын, бәрінде де қазақтың ісі көлденеңгі 
көк аттыларға түсіп, соларға жем болады.
Қазақтың шаруасына бір жақты надандықтан кем- 
шілік келгенде, екінші жақтан болымсыздығын көріп 
тұрғандар басынып елдіктен, теңдіктен қалдырып, 
тиісті сыбағасына қианат етіп тұрғаны, санасы бар қазақ- 
қа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді 
теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, 
сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, 
тұрмысымызды түзетіп, басқалардың айақ астында 


236
жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт 
екендігімізді білдірер едік. 
Осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі 
де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай 
ұшқызған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің 
бір шеті мен бір шетінен шапшаң хабар алғызып 
тұрған ғылым, отарба, от кемелерді жүргізген ғылым. 
Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де әуелден 
сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, тіпті бізден 
де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе 
осыншаға жеткен. Әуелгі замандарда жұрт шаһар 
дегенді білмейді екен, далада оңаша өсіп-өніп жүріпті, 
араларында «менікі-сенікі» болмапты, аңнын терісін 
киім, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине қылыпты, 
екі ағашты біріне-бірін егеп от шығарыпты. Жазу-
сызуды көпке шейін білмей, соңынан оны да ойлап 
тауып, басында аңнын терісіне жазып жүріпті. Сөйткен 
жұрттар осы күні қандай тамаша іс қылып тұр!
Енді біздің қазақта оқудың көп ұзын мөлшері үшін 
мынау есепті көрсетерміз. Әр жердегі қазақтың өнер-
білімі қаралас, сол себепті бір облыс, йаки бір уезд 
елдегі оқудың таралуын көрсетсек, күллі қазақтағы 
оқуды шамалауға болады.
Торғай облысында 1912-ші жыл 1-ші ғинуарға 
шейін 470109 қазақ болған, қазақ баласы оқитын 132 
школ болған(*). Бұлай болғанда әрбір 3561 кісіге бір 
школдан ғана келеді екен.
Қостанай уезінде 1909-шы жылғы есеп (**) (**) 
бойынша 60594 еркек, 52063 әйел, барлығы 112657 
қазақ болған. Бұлардан қазақша оқыған (хат танитын) 
еркек – 2065, русша хат танитын – 690. Қазақша хат 
танитын әйел – 379, русша хат танитын – 29. Бұл 


237
есептен көрінеді, Қостанай уезінде қазақша хат
танитын еркек әрбір жүз кісіден алтау, русша хат 
танитын әрбір мың кісіден алтау. Қазақша хат танитын 
әйел әрбір 300 кісіден біреу, русша хат танитын әрбір 
4000-нан біреу екен. Бұл сифрлар қазақта оқудың 
тіпті аздығын көрсетеді. Қостанай қазағынан кейбір
жердің қазақтары кем де оқиды.
Қазақта, русша болсын, қазақша болсын, оқу ісі
жақсы тәртіпке қойылмаған. Қостанай уезіндегі 132 
школдың 109-ы ауылный школ. Қай жерде болса да 
қазақ үшін ашылған школдардың көбі аулный школ. 
Мұнда оқыған балалар ілгергі школдарға кіріп оқы- 
маса, тіршілікке пайдалы білім алып шыға алмайды. 
Азғантай үйренген русша жазу-сызуынан қарайып, 
тілін тіпті ұмытып қалады. Қазақ баласы тәуірірек 
оқырлық школдарда қазыналық орын аз, өз күшімен 
оқытуға һәркімнің шамасы келе бермепті. Екі класты 
школдар әр уезде бір-екеуден, оларға 30-дан артық 
қазақ баласын алмайды. Орта және жоғарғы школдарда 
қазыналық орын бұл кезде жоқтың қасында. Әр облыс- 
тың қазақтары үшін университет, институттардан
2–3-тен артық орын жоқ. Бұрынғы ашылған орындар 
әртүрлі сылтаумен кеміген. Сөйтіп, тәуірірек оқитын 
орындардың қазақ үшін есігі бекіп, жолы жабылған.
Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке қойылып жет- 
кен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары 
жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық 
мұғалімдер аз, оқу программы жоқ, белгілі оқу жолы 
жоқ, салынған мектептер жоқ, мұғалімдерге арнал- 
ған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей 
жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылы- 
мын үйрететіндер Дар-әл-мұғаламин жоқ.


238
Русша һәм қазақша оқудың екеуінен де керегінше 
пайдалану үшін, қазақ әуелі әр нәрсенің асылына
түсініп іс етерге керек. Үкімет қазаққа қазақша 
мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын 
тіпті тілемейді. Соның үшін мектептерімізді тәртіпке
қойыу, қазақша оқуды халыққа тарату өз міндетіміз.
Жалпақ жұрттың қолы русша оқуға түгел жетсін, 
оқымаған жан қалмасын, орта һәм жоғарғы школ- 
дардан көбірек оқылсын десек, қазақтан қазынаға деп 
жиылған ақшалардың нендей орынға, оның ішінде 
оқу жолына қанша жұмсалатынын, үкіметтің осы күні 
қазақты оқытуға жұмсап отырғаны бізден жиылып 
тұрған ақшадан артық па, кем бе соны білу керек. Егер 
кем болса, кінәні үкіметке аудармай, кемін толтыру 
керек, ақшаны артық төлеп пайдасын кем көретін 
болсақ, лайықты жолымен есептесіп школдарды 
көбейттіріп һәм жоғарғы школдардан молырақ орын 
аштыру тиіс.
Қазақ халқында бұл күндегі русша һәм қазақша 
оқу жайы осы. Мұнан былай оқу һәм оқыту мәселесі 
«Қазақта» түгел жазылып тұрмақшы.
«Қазақ» газеті, №11. 21 апірел 1913.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет