Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет35/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ҚАЗАҚ КЕРЕГІ
10-шы нөмірде қазақ жайынан жазып, келесі нөмір-
лерде үкіметтен қазақтың сұрағандарын һәм сұрап 
алған-алмағандарын жазбақшы болып едік. Қай жердің 
қазағы қай уақытта қандай орындарда үкіметке мұңын 
айтып, мұқтаж халін білдіргенін теріп жазсақ, газета 
түгіл әлденеше кітап қып жазып сыйдыралмас едік. 


239
Сондықтан біз жеті облыс қазақтың бәрінің қай уақыт-
та үкіметке берген қандай арыздары болды, ол арыз- 
дарында не жайынан сұрады, оны теріп жазбаймыз. 
Оны теріп жазбағанымыздан көп кемістік бола қоймас, 
өйткені қай жерде қандай қазақ болса да қалыптары 
бір, діні, тілі, тіршілік шаруасы, мұңы, мұқтаждығы 
бір. Бір облыстағы қазаққа керек нәрселер, екінші
облыстағы қазақтарға керек болмайтын орындары 
тіпті аз. Бір йаки екі облыс қазақтары жайынан сөй-
лесек барша жеті облыс қазаққа керек нәрселерді
соның ішінен табылады. Солай болған соң әр облыстың 
сұрағанын басқа-басқа апарып жазудың қажеті де жоқ. 
Біз мәселен, Ақмола, Семей облыстарының сұраған- 
дарын жазсақ, басқа облыстардың қазақтары: «Бұлар-
дың сұрағандарының бізге керегі жоқ екен» деп айта 
алмас. Біз тым алшақ кетпей, жақын замандарда 
сұралған һәм ескірмей осы уақыттада керек болып тұр- 
ған нәрселер жайынан сұрағандарын жазбақшымыз.
Жапон соғысы Русиаға жағдайсыз тиіп, іс жаман- 
ға айналып, бітеу жара сықылды іштегі нәрселер, 1905-
ші жылы тесіліп сыртқа шықты.
Русианың Жапониадан жеңілгені үкімет ісінің 
азғындығын көзге көрсетті. Түзету керек деген дауыс- 
тар күшейді. Үкімет ісі түзелу үшін оған қараған 
халықтың ісі түзелу керек. Иа халықтың ісі түзеледі, 
шаруасы, тіршілік қалыбы жақсы, жайлы болса. Үкімет 
ісін түзетуге халықтың халін жақсы білерге керек. 
Оны білуге халықтың керегін өз аузынан есту қажет. 
Халыққа керегін халықтан артық кім біледі? 
1905-ші жылғы 18-ші феуралда патшадан указ 
шықты. Ол указда халық ісінің түзелуі үшін не істеу 
керек йағни әр халық керек деген нәрселерін айтып 


240
петициа (топтап беретін арыз) беруге рұқсат етті. 
Рұқсат болған соң әр халықтан шоқ-шоғымен арыздар 
қарша жаумасын ба? Қатардан қалмай, қазақ та 
керегін сұрады. Дін, оқу, жер һәм бағыныс жайында 
кемтігі, керегі қандай барын сұрады. Бірі толық, бірі 
кем жұрттың бәрі бірдей сұрамаса да көбінің сұрауы 
бір жөннен шықты. Толық сұраулары Ақмола, Семей 
облыстарында болды.
Сондағы берілген арыздардың ішінде қазақ керек 
деген нәрселерінің арасында өте керектерін іріктеп 
айырып білу үшін, дала генерал-губернаторы (степ- 
ной генерал-губернатор) Надаров 1907-ші жылы халық 
ортасынан қалап шығарған адамдарын жиып, 
кеңеспекші болды.
Ақмола, Семей екі облыстағы қазақтан уезд басына 
екі адамнан сайлап кеңеске жіберуге бұйрық қылды. 
Сайланғандар (уполномоченныйлар) жиылған соң 
20-шы майда кеңес басталды. Ол кеңесте не сөйленіп 
немен біткенін, сол кеңесте болған сөздерді жазған 
һәм генерал-губернатордың өзі қолайлап бастырған 
кітабынан алып жазамыз. 
Кеңестің басында председателі генерал-губернатор 
болған. Қазақтың керек деп сұраған нәрселері төртке 
бөлініп, әрқайсысына өз алдына басқа-басқа комиссиа 
сайланған. Мәселен, дін ісінің комиссиасы, оқу 
комиссиасы, құқық (право) комиссиасы һәм шаруа 
комиссиасы. Дін комиссиасының председателі генерал-
губернатордың кеңсесінің бастығы Диәченко болған, 
оқу комиссиасының председателі екі облыстағы школ 
бастығы Алекторов болған, Құқық комиссиасының 
председателі окружной соттың прокуроры Фролов 
болған, шаруа комиссиасының председателі Омск 


241
казенный палатаның бастығы Гуселников болған. 
Комиссиада қаралған істер кеңсесінің қарауына келіп 
түсіп, сонда территориасы айтылмақшы болған. Қазақ 
жағынан кеңесте 12 уполномоченный, орыс жағынан 
20-шақты шенеуніктер болған.
Кеңес ашарда генерал-губернатор айтқан: «Бұл 
кеңесте ұнатып, ұйғарылған нәрселер сол күйінше
іске асып, жолға жарап, жораға жүріп кетпейді. Өйткені 
бұл от басындағы әңгіме сықылды хусусы ғана кеңес. 
Бірақ түбінде қазақ жайынан закон, проектілері қарал- 
ған да қазаққа жақын тұрып жайын білетін адамдар- 
дың пікірі ескерусіз қалмайды, қазаққа законды 
осындағы пікірлерден қорытып, шығарады» деп.
Әр комиссиада қаралған істер жайынан не сөйленіп, 
немен тынғанын кейінгі нөмірлерде айтармыз.
(Былайғысы бар.)
«Қазақ» газеті, №11. 21 апірел 1913.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет