Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ТАБЫЛҒАН ТУЫНДЫЛАРЫ
«Табылған туындылар» атты бұл тараудың осылай 
аталуының өзіндік ерекшелігі мен түрлі себебі бар. 
1). Ахаңның есімі ақталғаннан кейін шығармаларын 
қайта бастыру жұмыстары қолға алынды. Жинақтар 
қысқа мерзімде басылғандықтан, ғалым мұрасы мұра- 
ғаттардан жинастырылып үлгермеді. Жабық қорлар 
тіркеуіндегі кейбір мұраға арнайы мекеменің ұлық- 
саты қажет болды. 2). Тәуелсіздік кезеңдегі ғалымдар 
арасында Ахаң емлесін танитындар некен-саяқ 
болғандықтан, Алаш мұрасын танып-оқуға, зерделеуге, 
сараптауға біршама уақытпен қатар, пайымдаулар 
керек болды. Өйткені, кітаптар төте (арабша) жазумен 
басылғандықтан, оқып шығуға «екінің бірінің тісі 
батпайтын». 3). Гуманитарлық білім саласында ізденіп 
жүрген кейбір жас зерттеушілердің БАҚ-та тұлғалар- 
дың тың туындылар туралы мақалалар жариялан- 
ғанына қарамастан, ғылыми ортада бұл деректер бірде 
еленсе, бірде еленбеді. Оған басты себеп, алынған 
материалдың дерек көзі анық көрсетілмеуі, біржақты 
баяндалуында болды. 
Сонымен қатар, кейбір көрсетілген сілтемелердің 
ала-құлалығы: тура аталмауы, мұраларды сараптауда, 
оның ғылыми айналымға түсуіне біршама кедергілер 
келтірді. Мәселен, «Байқаушы» бүркеншік есімін 
зерттеушілер бірде «Міржақыптыкі» десе, тағы бірде 
«Ахметтікі», не «Әлихандыкі» деген болжамдар
ұсынып отырды. Десек те талай жылғы ғылыми-зерт- 
теулерді салыстырылуы негізінде, бұл бүркеншік
аттың «Ахмет Байтұрсынұлына» тән екендігі анық- 
талды. Әрі осы атпен 1915-1916 жылдары «Қазақ» 


311
газетінде жарық көрген үш өлеңі, ғалымның бес
томдық шығармалар жинағының 3, 5-ші томына енді. 
Бірақ, 2006 жылғы басылымның таратылу тиражы 
– 2000 дана ғана. 1989, 1991, 1992 жылдары қайта 
басылған туындылардың тиражы 10 000-20 000 дана- 
мен таратылса, кейінгі ХХІ ғасырға аяқ басқан тұста 
жарық көрген кітаптардың тиражы күрт қысқарды. 
Мұндай ауытқушылық кітапқа сұраныстың төмендеуі- 
нен емес, жаһандану заманындағы адамзаттың қоғам- 
дағы жаңалықтарды қабылдауында ақпараттық жүйеге 
көбірек ден қоюынан болса керек. Өскелең ұрпақтың 
ғаламтордағы жаңа сипаттағы электрондық кітапқа 
жүгінуі себепті, баспаханалық кітаптың шығарылуы 
күрт төмендеді. 
Жалпы, басылып шыққан кітаптар өміршең. Оған: 
мұрағаттардағы қатталған кітаптар куә. Мәселен,
кітап бастыру жұмысы ХІХ ғасырдан бастап қолға 
алынғаны, 1807 жылы «Сейфул-Мәлік» кітабының 
тұңғыш рет басылғандығы туралы мәлімет бар. Бұл 
кітаптарды оқу қолайлы, әрі денсаулыққа қандай да 
зияны жоқ. Әлі осы кітаптарды «шырақ алып жүріп» 
іздейтін боламыз... Тасқа қашалған жазулар мен 
басылған кітаптарды мәңгілік десек, артық айтқандық 
емес. «Қаламмен жазылғанды, балталап өшіре алмас» 
деген осы болар, сірә! Сондай-ақ, Алланың сөзін
хақиқат деп таныған киелі төрт кітаптың ұрпаққа 
жалғасуы баспа жұмысы арқылы іске асты емес 
пе?! Ендеше, кітап – біздің өткеніміз, бүгініміз һәм 
болашағымыз. 


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет