Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

КӨК ЕСЕКДЕРГЕ.
Не жазыб ем, Хұдай-ау, мен қазаққа?! 
Мүбтала ғыб салғандай бұл азабқа.
Адамшылық есебіне кірісіб,
Қолы жетсін дегендік бе азадқа?
Жөн көрсетдім қазақ деген намысқа.
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұртдар өрге қадам басқанда.
Дедім: сен де қатарыңнан қалысба!


77


78
Бар ма қазақ мұнан басқа қылғаным? 
Неңді шаштым неңді бұздым былғадым? 
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан итдер иманын.
Көң тасыған көк есекдер, бәріңе, 
Қалдырмастан жағалай жас, кәріңе, 
Үрім бұтақ нәсіліңе қалғандай 
Нық басылар кетбейтін мөр тәніңе.
Бәріңді де іздеб қараб көрермін;
Табқанымды тастамасбын терермін;
Миллат үшін еңбекдері сіңген деб,
Өсиет қыб кейінгіге берермін.
Асықбаңдар! Артымызда қазы бар.
Тергеб талай сүйектерің қазылар. 
Пайғамбарды сатыб отыр тілла алған, 
Йаһудамен бірге атдарың жазылар
Қинамайды абақтыға жабқаны;
Қиын емес дарға асқаны, атқаны;
Маған ауыр осылардың бәрінен.
Өз ауылымның итдері үріб қабқаны.


79


80
ҚА... ҚАЛАСЫНА.
Хош! Сау бол, Қа... жуылмаған! 
Айдай бер қалса адамың қуылмаған. 
Әдебді сыпайы елдің қалбында жоқ 
Жасырын дыбыс шықды шуылдаған.
Бүркеніб арсыздарың шайнауына 
Жем табды пісірмеген қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың
Қасыңа қиын болар жуу маған.
ЖҰРТЫМА.
Бірлік қыб іс етуге шорқақ жұртым! 
Табылса оңай олжа ортақ, жұртым!
Сиақты қара қарға шуылдаған 
Үрейсіз, қойан жүрек қорқақ, жұртым!
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болыб іс етбейсін келісімді.
Үміт қыб бәйге атындай талай қосыб, 
Байқадық шабыс түгіл желісіңді;


81
6–7069


82
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, 
Шығасын қолыңа ала керісіңді;
Бытыраб бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді;
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар, 
Қайтейін өзге десе көнгішіңді!
Сықылды сынық бұтақ төмендесең
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет