78
Бар ма қазақ мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым неңді бұздым былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан итдер иманын.
Көң тасыған көк есекдер, бәріңе,
Қалдырмастан жағалай жас, кәріңе,
Үрім
бұтақ нәсіліңе қалғандай
Нық басылар кетбейтін мөр тәніңе.
Бәріңді де іздеб қараб көрермін;
Табқанымды тастамасбын терермін;
Миллат үшін
еңбекдері сіңген деб,
Өсиет қыб кейінгіге берермін.
Асықбаңдар! Артымызда қазы бар.
Тергеб талай сүйектерің қазылар.
Пайғамбарды сатыб отыр тілла алған,
Йаһудамен бірге атдарың жазылар
Қинамайды абақтыға жабқаны;
Қиын
емес дарға асқаны, атқаны;
Маған ауыр осылардың бәрінен.
Өз ауылымның итдері үріб қабқаны.
80
ҚА... ҚАЛАСЫНА.
Хош! Сау бол, Қа... жуылмаған!
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.
Әдебді сыпайы елдің қалбында жоқ
Жасырын дыбыс шықды шуылдаған.
Бүркеніб арсыздарың шайнауына
Жем табды пісірмеген қуырмаған.
Шыққан
соң талғамайтын доңыздарың
Қасыңа қиын болар жуу маған.
ЖҰРТЫМА.
Бірлік қыб іс етуге шорқақ жұртым!
Табылса оңай олжа ортақ, жұртым!
Сиақты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз, қойан жүрек қорқақ, жұртым!
Білмейсің
жөнің менен терісіңді,
Ел болыб іс етбейсін келісімді.
Үміт қыб бәйге атындай талай қосыб,
Байқадық шабыс түгіл желісіңді;
82
Жөн
айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасын қолыңа ала керісіңді;
Бытыраб бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік
қой жайылатын өрісіңді;
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді!
Сықылды сынық бұтақ төмендесең
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?
Достарыңызбен бөлісу: