Қазақстан тарихы оқулық


ХҮ- ХҮІІ ғғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

ХҮ- ХҮІІ ғғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
5.1. Қазак халкының этникалык процестері мен
қалыптасуыныц аякталуы
Қазақ халқының этногенезі (шығу тегі) 
коне заманнан 
басталады, бүл мәселе лингвистикалық және антропологиялық 
түрғыдан зерттеліп келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді- 
еуропалық және түркі кезеңі деп екі топқа бөлуге болады. Біздің 
заманымызға дейінгі ІІІ-І мыңжылдықта Қазақстан жеріндегі 
түрғындар өздерінің шаруашылық, мәдени, лингвистикалық және 
антропологиялық жағынан үнді-еуропалық тегінің ежелгі ирандық 
бүтағына кірді. Кейін оларды алғашқы темір дәуіріндегі сақ 
тайпаларының мейілінше бір текті мәдениеті алмастырды. 
Қазақстан және оған жақын орналасқан аймақтағы сақ тайпалары- 
ның белгілі ескерткіштеріне Аржан, Тасмола мәдениетінің 
ескерткіштері, 
Алтайдың 
Пазырық 
қорғаны, 
Бесшатыр 
пирамидалары, Жетісудың Есікқорғаны, Тарбағатайдағы Шілікті 
моласы, Оңтүстік Қазақстандағы Үйқарақ және Тегіскен. Арал 
жағалауының ескерткіштері және т.б. жатады. Сақ тайпаларының 
кескін-келбетінде кейін моңғол типтес өзгеріс байқалды.
Сақ мәдениетінің ізі қабір қүрылыстары мен жерлеу әдет- 
ғүрпында, қыш бүйымдарында, түрмыс-салттарында, онерінде. 
идеологиясында, қару-жарақтарында, ат- әбзелдерінде және т.б. 
кездеседі. Сақтайпасы мал шаруашылығымен айналысып, кошпелі 
өмір салтын үстаған. Олардың тілі шығыс иран тайпаларының 
тілімен сәйкес келеді. Қазақстан аумағында түрған тайпалардың 
атауы сол кезеңнің жазба әдебиеттерінде кездеседі, оның ішінде 
тур, дах, сақ, сақ-тиграхауд, ортокарибант, массагеттер, сарматтар, 
аландар жөне аорс, исседондар және т.б. бар.
Қазақстанның ежелгі түрғындарының екі 
мың жылға 
созылған үнді-ирандық негіздегі этногенез процесін б.з. денінгі 1 
мыңжылдықтын, аяғында шығысирандық бірқатар кошпенді 
тайпалардың (сэ, үйсіндер және т.б.) араласуы тежеп тастады, 
олардың ішінде тохар да (юечж) болуы мүмкін, сонымен қатар 
хун және түрік этникалық топтардың қоныс аударуы жоғарыда 
аталған процесті мүлдем басқа арнаға бүрып жіберді. Біздің
84


заманымыздың бас кезінде Қазақстан аумағын ортүрлі иран жоне 
түркі тілдес тайпалар мекендеді. Оңтүстік Қазақстан Қаңлы 
этносаяси 
бірлестігіне 
қарады. 
Қытай 
династиясының 
хроникасында, оның ішінде «Цянь Ханьшу» қүжатында олардың 
солтүстік батысында Яньцай мемлекетінің орналаскандығы 
жазылған. «Хоу Ханьшуда» Яньцай иелігі кейін Аланьляо 
(Аландар) болып қайта аталғаны келтірілген.
Қазақстан 
б.з. 
бір 
мыңжылдығының 
орта 
кезінде 
жужандардың, аварлардың, теле қауымдастығына жататын түркі 
тілдес тайпалардың ықпалында болды. Қазақстан аумағы б.з. I 
мыңжылдығының екінші жартысында Ежелгі-Түрік, Батыс-Түрік, 
Түркеш және Шығыс-Түрік қағанатының шебінде қалды. Батыс- 
Түрік қағанаты Жоңғария мен Алтайдан бастап Жетісу мен 
Қаратаудың шығыс жоталарына дейінгі орасан зор аймақты алып 
жатты. Оңтүстік-Шығыс Қазақ-стандағы саяси билік ҮІІ ғасырдың 
аяқ кезінде Шу-Іле өзендері аралығын мекендеген сары түркеш 
және қара түркеш деп бөлінетін түркештерге ауысты. ҮІІІ 
ғасырдың ортасында арабтар мен қарлүқтардың шапқыншылығы 
нәтижесінде түркештер біржолата талқандалды. ҮІІІ ғасырдың 
екінші жартысында Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Қазақстан 
түркі тілдес тайпалар қарлүқтардың ықпалында болды. X ғасырда 
олар саяси биліктен айырылып, қарахандардың этносаяси 
бірлестігінің қүрамына енді.
IX - XI ғасырларда Қазақстан жері оғыздардың мекеніне 
айналды, олар Батыс Жетісудан жылжып, Сырдарияның орта 
аңғарын, Арал бойын, одан әрі Солтүстік Каспий жағалауын, 
Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендерін, Мүғалжар тауларын, 
Орталық және Батыс Қазақстанды түгелдей жаулап алды. IX 
ғасырдың аяғында Еділ мен Жайықтың орта ағысын өзіне 
қаратып әрі қарай батысқа жылжыды. Оғыздардың кескін-келбеті 
моңғолдық антропологиялық түрге көбірек үқсады. ҮІІІ - IX 
ғасырларда Солтүстік-ІІІығыс Қазақстан өңірінде, әсіресе Ертіс 
бойында қимақ тайпаларының одағы күрылды.
XI ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы 
саяси билікті Орталық Азиядан ығысып келген, теле жоне тоғыз- 
оғыз 
арасынан 
шыққан 
сеяньто 
тайпасымен 
этникалық 
байланысы бар қыпшақ тайпаларының одағы оз қолдарына 
алады. Қыпшақтардың бет келбеті оңтүстіктің антропологиялық 
типіне өте үқсас, сондай-ақ онда моңғолдық тек те байқалады. XI 
ғасырда қыпшақтар Ертіс бойын, Сары Арқаны мекендеді, ал XII
85


ғасырда 
Еуразияның 
төменгі 
белдеуіндегі 
барлық 
дала 
аймақтарында түрды. Қыпшақтардың жергілікті түрғындар 
иемектер, баяндүрлер, қанлылар, печенегтер, оғыздар, югурлар, 
кайлар немесе үрандар, башқүрттар, қидандар және т.б. қандары 
араласып, нәтижесінде этникалық күрамдар пайда болды. Сол 
кезеңнен бастап қыпшақ тайпаларының мекендеген жері шығыс 
деректерінде Дешті Қыпшақ, ал орыстардың жылнамасында 
Половецтер даласы деп аталған. Моңғол шапқыншылығына дейін 
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағын қидан 
тайпалары, ал кейінірек наймандар мен керейлер және т.б. 
коныстанған еді.
Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі түрғындардың 
әртүрлі этникалық қауымдастығы мен антропологиялық түріне 
өзгерістер әкелді. Көшпелі тайпалардың әрлі-берлі көшіп-қонуы 
да қан алмасуына көп эсер етті. Моңғол шапқыншылығының 
дәуірі түркі (басым бөлігі) және моңғол көшпенділерінің жаппай 
енуімен 
сипатталады. Осыған орай академик В.В.Бартольд 
монгол шапқыншылығының Еуразияның кең даласында түрік 
тайпаларының саяси ықпалының артып, үстемдігінің күшейгенін 
көрсетеді.
Деректерде 
қоныс 
аударушылар 
мен 
түрғылықты 
халықтардың өзара қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер 
жиі кездеседі. XIII ғасырда Ал-Омари былай деп жазды: «Бүл 
мемлекет ертеде қыпшақтар елі деп аталған. Бірақ татарлар 
жаулап алғаннан кейін қыпшақтарды қоластына қаратты. Кейін 
татарлардың қаны олармен (қыпшақтармен) араласып, өздері 
бір-бірімен туысқан болып кетті, сондай-ақ табиғи және нәсілдік 
сапалары өзгеріп, бәрі бір рудан шыққандай қыпшаққа айналған 
моңғолдар (татарлар) қыпшақ жерінде қоныстанып, біржолата 
қалып қойды».
Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан аумағында 
Шыңғыс ханның үлдары билік қүрды. Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстан Шағатай үлысына қараса, ал қапған аймақтардың бәрі 
Жошы үлысының қүрамына кірді. Жошы үлысының негізінде 
кейінірек Көк Орда (Орда - Ежен үлысы), Ақ Орда немесе Алтын 
Орда (Батый ханның үлысы) және Сибанның (Шейбанның, 
немесе шейбанидтердің) үлысы тәрізді ірі этносаяси бірлестіктер 
пай да болады. Шағатай үлысының Орта Азиядағы жері батыс, ал 
Жетісудағы (Моғодстан) аумағы шығыс болып, екі бөлікке 
бөлінді.
8 6


ХІҮ ғасырдың орта кезінен бастап Кок Орда, Сибан үлысы 
және Ақ Орданың бір бөлігінің түрғындары шежірелерде «өзбек» 
(Өзбек ханның есіміне байланысты болса керек) деп аталады. 
Жайықтан 
шығыстағы 
Тобылға, 
Елекке, 
ЬІрғызға дейін, 
оңтүстікте Арал теңізінен Сырдарияға, Шуға дейін, Сарысудан 
солтүстіктегі Тобылдың ортаңғы ағысы 
мен 
Батыс-Сібір 
ойпатына дейінгі аумақта көшіп-қонып жүретін Шығыс Дешті 
Қыпшақтың 
түркіленген тайпаларының 
орасан зор бөлігі 
көшпелі өзбектер бірлестігінің қүрамына кірді. В.П. Юдиннің 
пікірінше, «өзбек» термині ХІҮ ғасырдың өзінде-ақ Қазақстан 
аумағында этникалық мағынаға ие болған. Осы кезде 
Батыс 
Қазақстанда Маңғыт жүрты атты ірі бірлестік қүрылды.
XY-XY1 ғасырларда Қазақ хандығы күрылды, тарихнамада 
бүл Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінен басталады. ХҮ 
ғасырдың аяғына дейін «өзбек» деп аталып келген Өзбек 
үлысының бірталай халқы Шейбани хан Орта Азияны жаулап 
алғаннан кейін сонда қоныс аударған, ал Қазақстан аумағындағы 
қалған көшпенділер «өзбек - қазақ» деген атауға ие болды. Сол 
кезден бастап қазақ хандығындағы көшпенділердің бәріне 
«қазақ» аты тән. «Қазақ» атауының шығу тегіне байланысты 
академик В.В.Вельяминов - Зернов және оның пікірін жақтаушы
В.В.Бартольд және А.Самойлович, С. Ибрагимов, сондай-ақ бүл 
атаудың нақты түсінігін В.П.Юдин «қазақ өзіндік түрмыс-салты 
бар, көшпендінің еркін де тәуелсіз салтын үстанатын адам 
дегенді білдіреді» деп түжырымдайды.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық 
территориясының көп ғасырға созылған қалыптасу процесі 
негізінен аяқталды. Қазақтардың бүгінгі кескін^келбеті ХІҮ-ХҮ 
ғасырларда толықтай қалыптасып болған, оның арғы тегі екі 
үлкен 
автохтонды 
-
еуропеидтық 
және 
моңғолоидтық 
нәсілдердің 
күрделі 
қан 
алмасу 
әрекетінің 
нәтижесінде 
қалыптасқан. Демек бүл қазақ халқының антропологиялық 
қүрамының мықтылығын корсетеді.
Қазақ халқының қүрылу процесі этникалық территорияның 
қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақстан территориясы этносаяси 
және шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты Үлы 
жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып үшке бөлінді. Жүздердің 
қүрылуына табиғи - географиялық, саяси және экономикалық 
факторлар ықпал етті. Әдетте жүз деп тайпалардың одағын, қазақ 
жерін мекендейтін халықтың ірі бірлестігін (немесе одағын)
87


айтады. Үлы жүздің, Орта және Кіші жүздердің қашан 
қүрылғаны жонінде нақты мәлімет жоқ, бүл туралы бір біріне 
қарама-қайшы келетін пікірлер кездеседі. Жүз деген үғымның өзі 
халықтың «бөлігі», «бүтағы», «тармағы» дегенді білдіреді.
Қазақ жүздері ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ хандығын қүруға 
негіз болған дербес үш үлысты қамтиды. Жүздердің алып жатқан 
аумақтары негізінен көшпенділердің жайлауы мен кошіп- 
қонатын мекендеріне сөйкес болған. Мысалы, Үлы жүз 
Сырдарияның орта ағысынан Жетісуға дейінгі аймақты қамтыды. 
Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, 
ошақты, шапырашты, жалайыр және т.б. рулар кіреді. Орта жүз 
Орталық 
және 
Солтүстік-Шығыс 
Қазақстанды 
қамтыған, 
қүрамында қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, 
керейлер, уақтар және т.б. рулар болды. Кіші жүз Сырдарияның 
томенгі ағысын, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының 
солтүстік өңірінде қоныс теуіп, қүрамына он екі атадан түратын 
бай үлының тайпалық бірлестігін: адай, жаппас, алаша, беріш, 
есентемір, шеркеш, т.б.; жетіру: табын, тама, жағалбайлы, 
рамадан, т.б.; сондай-ақ әлімүлын: қарасақал, қаракесек.
төртқара, шекті және т.б. алты руды қамтыды.
Қазақтың генеологиялық аңыздарына сүйенсек, үш жүз 
қауымдастығы Алаш ханнан басталған екен. Бүл бірлестік 
идеологиясын нығайту қүралы ретінде пайдаланылған. Ал 
шежіре-жырларда жалпы қазақ даласында жүздер ХҮІ ғасырда 
пайда болған. Қазақтар тарихында озіне сәйкес 
келетін 
әлеуметтік 
саяси институттарды дүниеге әкелді. XY-XYI1 
ғасырларда 
қазақ 
хандығының 
қалыптасу 
барысында 
субэтникалық топтардан торе, қожа және төлеңгіт сословиесі 
қалыптасты.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы этникалық даму тарихының негізгі 
мазмүны қазақ этносының қалыптасып болуын, аумақтық 
шекараны айқындау мен жүздердің этникалық қүрамын нығайту, 
сондай-ақ генеалогиялық басқарудың (иерархияның) үйлесімді 
жүйесін жасау болып табылды.
«Қазақ» термині туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер 
бар. Оның ішінде XI ғасырда қыпшақтар мекендеген аймақта 
«еркін, кошпелі» дегенді білдіретін «қазақ» созі пайда болды 
деген 
дәлелді 
пікір 
айтылады. 
Моңғол 
шапқыншылығы 
нәтижесінде қыпшақ тайпаларының эжептәуір болігі Дешті 
Қыпшақ даласынан тысқары жатқан аймақтарға ығысты, бүл
88


«қазақ» сөзінің кең таралуына мүмкіндік берді. ХІҮ ғасырдың 
бас 
кезінде 
Қазақстан 
аумағында 
пайда болған 
дербес 
мемлекеттердің, оның ішінде Ақ Орданың еріктілерін «қазақ» 
деп атады. Олардың басын біріктіруде қыпшақтардың жергілікті 
этникалық тобы ерекше рөл атқарды. «Қазақ» термині ХҮ 
ғасырдың екінші жартысынан этникалық мәнге ие болды. 
Жәнібек пен Керей хандығының нығаюына байланысты оның 
қол астындағы халықтардың бәрі қазақтар деп аталатын болды. 
Сөйтіп, ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүл термин 
біртіндеп этникалық мәнге ие болып этноним ретінде қолданыла 
бастады.
«Қазақ» 
этнонимі 
Қазақстан 
көшпенділерінің 
түрмыс- 
салтымен тығыз байланысты. Қазақ хандығының саяси ықпалы 
мейлінше күшейген кезде ел билеген Қасым хан ортағасырлық 
кезеңдерде-ақ қазақтардың бір текті мәдени-тарихи дәрежесі 
туралы былай деген болатын: «Біз - даланың түрғындарымыз, 
бізде сирек кездесетін не қымбат дүние, не тауарлар жоқ, біздің 
басты байлығымыз жылқы, ол жесең ет, мінсең көлік, ал оның 
сүтінен дайындалатын қымыз керемет сусын, біздің жерімізде не 
бау-бақша, не ғимараттар жоқ; біздің қуанышымыз сол - кең 
жайлауда жүрген үйір-үйір жылқылар, табындағы жылқыларды 
көргенде көзіңтояды». Сөйтіп, II мыңжылдық ортасында Еуразия 
картасында жаңа этномәдени бірлестік - қазақтар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет