Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

5.2. Қазақ хандығының күрылуы.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының қүрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды 
оқиғалардың бірі. Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан 
аумақтарындағы болған әлеуметтік-экономикалық және этно- 
саяси процестер Қазақ хандығының қүрылуындағы заңды 
күбылыс. Ол Әбілхайыр хан мен Моғолстан мемлекеттерінің 
ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты. ХҮ ғасырда бүл екі 
мемлекетте көшпенді ақ сүйектерінің қуаты артты, енді олар 
билікке қол жеткізуді көкседі. Рулар мен тайпалардың беделді 
көсемдері саяси және экономикалық тәуелсіздікке үмтылды.
Деректерге қарағанда, хан ордасындағы өзара қырқыс 
Әбілхайыр хандығын әлсірете бастады, оның үстіне қарсылас- 
тарын қатал жазалауы да жүртшылықтың ашу-ызасын туғызды. 
Мүндай жағдай билікті күшейтуге мүмкіндік бермеді. 1457 жылы
89


Әбілхайыр 
хан 
Ойрат 
билеушісі 
Өз-Темір-Тайшыдан 
жеңілгеннен кейін хандықтың алауыздығы күшейді. Сонын 
салдарынан халықтың бір бөлігі іргелес аудандарға кошіп кетті. 
Бүл туралы «Тарих-и-рашиди» еңбегінде айтылған. «Бүл кезде, 
деп жазады Мырза Хайдар Дулат, - Дешті Қыпшақта Әбілхайыр 
хан билік етті. Ол Жошыдан тараған сүлтандарды жиі 
абыржытумен болды. Жәнібек хан мен Керей хан одан болініп, 
Моғолстанға қашып кетті». Исан-Бүғы-хан оларды жақсы қарсы 
алып, екеуіне 
Моғолстанның батысынан 
Шу бойындағы 
Қозыбасы жерін берді. Қазақ мемлекеттігінің негізінің қалануы 
тарихи әдебиеттерде 1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің 
Әбілхайыр 
хандығынан 
тайпалардың 
бір 
бөлігін 
алып, 
Моңғолстанның батыс өңіріне кошіп келуінен бастайды.
Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу өңірін, Шу мен 
Талас алқаптарын алып жатты. Ол Орталық жоне Оңтүстік 
Қазақстаннан қоныс аударған қазақ рулары мен тайпаларын, 
сондай-ақ 
жергілікті 
түрғындарының 
басын 
біріктірді. 
Әбілхайырдың қазақ хандығын қүруға, Жәнібек пен Керейдің 
нығаюына қарсы әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. 1468 жылдың 
қысында Жетісуға жорыққа аттанған Әбілхайыр қайтыс болып, 
оның алға қойған мақсаты орындалмады. Жетісудың рулары мен 
тайпалары біртіндеп қазақ хандығына өте бастады. Сойтіп, жаңа 
қүрылған хандықтағы халықтың саны екі жүз мыңға жетті. ХҮ 
ғасырдың ортасынан 
XY1I1 ғасырдың бас кезіне дейін қазақ 
хандығы біртүтас саяси қүрылымға айналды. Мемлекеттің 
қалыптасу барысында бірқатар қиындықтар кездесті. Хандықтың 
қазақ этносы қоныстанған оңірінде шекара түрақсыз болды. 
XY1M ғасырдан бастап әр жүз оз хандарын сайлай бастады.
Әбілхайырдың өлімінен кейін оның хандығы мүлдем әлсіреді. 
Жәнібек пен Керей осы үрымтал түсты сәтті пайдаланып, 
Әбілхайыр хандығындағы билікке үмтылды. Өзара қырқыс 
нәтижесінде Әбілхайырдың үлы Шейх-Хайдар мен оның барлық 
туысқандары олтірілді. ХҮ ғасырдың 50-70 жылдарында Қазак. 
хандығын бірігіп басқарған Жәнібек пен Керей хандар болатын. 
Кейбір деректерде олардан кейін 70-ші жылдардың ортасынан, ал 
басқа бір деректер бойынша 1480 жылдан (Керей хан 1473-1474 
жж. басқарды) бастап 
Керейдің үлы Мүрындық хан болды. 
Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі мен кейінгі он жылдықтарда 
хандар Сырдария алқаптарындағы қалалар үшін шейбанидтермен 
соғысты. Әбілхайыр хандығындағы хан тағы үшін кескілескен
90


күресте билікті Әбілхайырдың 
немересі, тапқыр да жігерлі 
Мүхаммад Шейбани (1451-1540) қолына алды. Мүхаммад 
Шейбани үш жыл бойы Дешті Қыпшақ пен Сырдария 
жағалауындағы аймақтарда оз билігін сақтап қалу үшін қазак. 
хандарымен соғыс жүргізді. Нәтижесінде Мүхаммад Шейбани 
жеңіліске үшырап, 1486 жылы Хорезмге кетті. Мүхаммад 
Шейбаниді қуып жібергенімен іс біте қойған жоқ. Моғол 
билеушілері әлі де басқарып отырған Отырар үшін, осіресе 
Жетісу үшін соғыс одан әрі жалғасты. Қазақтар мен Моғол 
оскерлері арасындағы бірнеше ірі шайқастардан кейін Жетісудың 
тайпалары мен рулары қазақ хандарын қолдап, солардың жағына 
шығып кетті. Ыдыраған Моғолстанның едәуір болігі (негізінен 
қырғыздар) Тянь-Шань тауына ығысты.
Мүрындық ханға елді толассыз соғыстар мен оте күрделі 
кезеңде баскаруға тура келді. Ол алғыр орі батыл адам болды: ХҮ 
ғасырдың соңғы ширегінде хандықтың бірде бір моселесі 
Мүрындык ханның қатысуынсыз шешілген жоқ. Ол әскерді 
соғысқа жеке озі бастап барып, шайқастарда бірнеше рет 
жараланды. Мүсылман шежірешілері (Шади, Бинан, Ибн- 
Рузбихан, Хондомир) Мүрындық ханның қүдіретті патша 
болғандығын жазады. Мүрындық отыз жылдан астам уақыт бойы 
хан болды, бірақ омірінің соңына дейін жоғарғы билікті қолында 
үстап түра алмады. Тақ Жәнібектің үрпағының қолына көшіп, 
қазақ елін оның үлы Қасым хан (1511-1518 жж.) басқарды.
ХҮ 
ғасырдағы 
қазақ 
мемлекетінің 
тарихы 
оның 
билеушілерінің есімдерімен тығыз байланысты. Олардың ішінде 
озінің замандастары мен үрпақтарының алдында ерекше беделді 
Қасым хан «қазақ халқының басын қүраушы» болды. Ол 
болашақты болжай білетін әрі сақ саясаткер €ді, тез шешуді талап 
ететін мәселелерде зор шыдамдылық таныта білген. Қасым 
осындай қасиеттері арқасында хан болып озінен бүрынғы 
ізашары Мүрындық ханның козі тірісінде-ақ қазақ хандығының 
тағына отырған еді. Хан билігі бүрын-соңды мүндай берік болтан 
емес, оның карамағында бір миллионнан астам халқы болған. 
Бабырдың айтуынша, белгілі билеушілердің ішінде өз халқын 
катал үстаған ханның бірі Қасым екен. Қазақтардың түңғыш 
заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолы» оның есімімен 
байланысты, окінішке орай бүл заң жинағы бізге дейін жеткен 
ж о қ .
91


Ол сыртқы саясатта Сырдария өзенінің бойындағы қалаларға 
қазақтардың ықпапын арттыруды коздеді. Қазақ хандығының 
билеушілері Орта Азиядағы саяси жағдайға жиі араласа бастады. 
Олардың шейбанилермен соғысына экономикалық жағдай түрткі 
болып, Сырдария бойындағы қалалар үшін шайқасуларына тура 
келді. 1510-шы жылдың аяғында Мүхаммад Шейбани иран 
шахымен соғыста қаза тапты, ал Қасым бүл жағдайды 
пайдаланып қалуға асықты. 1513 жылы қазақ әскерлері Сайрамға 
келді. Қаланың билеушісі Қатта бек Қасым жағына шығып, кала 
үрыссыз берілді. Қасым енді Ташкентті де жаулап алуға күш 
салды, бірақ шейбанидтермен үрыста жараланып, хан 
кері 
кайтты. Бүл қалалардың басым бөлігі бір жарым ғасыр бойы 
және ХҮН ғасыр мен XY1II ғасырдың бас кезінде қазақтардың 
қоластына қарап, қазақ хандарының бас қосатын саяси 
орталықтарына айналды. Қасым хан моғол билеушілерімен 
жақсы қарым-қатынас орнатты. Моғолстанның негізгі аудандары 
Жетісу мен Тянь-Шань етегінен олар баяғыда-ақ айырылып 
қ<иіған. Өйткені, бүл аймақтар қазақ хандығына кірді. Моғол 
хандары іс жүзінДе тек Оңтүстік Шығыс Моғолстанда ғана билік 
жүргізіп, қазақ хандарымен әрдайым одақтастық қарым-қатынас 
іздеді. 
Ол 
Ноғай 
Ордасының 
әлсіреуін 
пайдаланып, 
Қазақстанның батыс өңіріндегі иеліктерін кеңейтіп алды, 
ноғайлардың иеліктері негізінен Еділ мен Жайықтың арасын 
қамтыған еді, ал ноғайлар қазақ халқымен туыстас әрі жақын 
халық болды. Ноғайлар да (маңғыттар) Орта Азияға Шейбани 
ханның соңынан еріп кеткен қазақтар мен көшпелі өзбектер 
сияқты Әбілхайыр ханның қираған мемлекетінің үйіндісінде 
этнос 
ретінде 
қүрылды. 
Ноғайлардың 
ішінен 
Астрахан 
хандығының билеушілері де шыққан. Ноғай Ордасындағы рулар 
мен тайпалардың бір бөлігі қазақ хандарының қол астына көшіп 
келеді.
Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан 
қазақтың кең даласында өз билігін өбден нығайтып алды. 
Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай 
қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін, 
оңтүстік-шығысында Жетісудың өжептәуір тау бөктерлері мен- 
жазық алқапгарын, солтүстік-шығысында Үлытау мен Балқаш 
көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік- 
батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды.
92


Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға араласа 
бастады. Қазақ хандығының дипломатиялық байланыста болған 
мемлекеттерінің бірі 
Мәскеу. Қасым хан кезінде қазақтар 
дербес этнос ретінде Батыс Еуропаға белгілі болды. Әрине, ХҮІ 
ғасырдың бірінші ширегінде хандықтың жоғары дорежете 
котерілуі тек Қасым ханның жеке басының қасиеттеріне 
байланысты деуге болмайды. Ол ең алдымен ішкі олеуметтік- 
экономикалық және этникалық процестердің нәтижесі болды, 
бүған түтастай аймақтағы саяси жағдайлар да эсер еткені созсіз. 
Қасым ханның олімінен кейін қазақ хандығы олсірей бастады. 
Ноғайлар қазақ хандығының қарамағындағы батыс және орталык. 
Қазақстан жерлерінің біраз болігін басып алды. 1518 жылы таққа 
отырған Қасымның үлы Мамаш та окесіне үқсап. ержүрек орі 
талантты қолбасшы болды. Бүл қазақ қоғамындағы сол кездің 
уақыт талабы еді. Бірақ тағдыр оған үзақ уақыт билік етуді 
маңдайына жазбапты. Кезекті шайқастардың бірінде сауыт- 
сайманның ауырлығынан түншыққан Мамаш хан алдамшы 
соғыстың қүрбаны болды. Мамаш ханның өлімінен кейін қазақ 
хандығында 
«үлкен 
келіспеушіліктер 
басталды, 
Дешті 
кыпшақтың сүлтандары, беделді қазақтар өзара жиі соғысты», 
деп жазады Мүхаммед Хайдар. Ақыр соңында Тахир сүлтан хан 
болып жарияланды. Бүл оқиға 1523-1524 жылдары болтан.
Тахир хан Қасым ағасы тәрізді беделге ие бола алтан жоқ, ол 
озінің қатыгездігімен ерекшеленді, дипломатиялық қабілетімен 
де. әскери 
талантымен де козге түспеді, отан әскери жорықтар 
мен дипломатиялық байланыстардаты сәтсіздіктері дәлел. XY1 т. 
асырдың бас кезінде дәуірлеген қазақ хандытының даңқы енді 
біртіндеп төмендей бастады. Ол Мотолстанмен, Ногай Ордасы 
және Ташкент билеушілерімен жүргізген сотыстарда жеңілді. 
Соның салдарынан Қазақ хандыты оңтүстік және солтүстік- 
батыстаты аумақтарының бір болігінен айырылып қалды. 
Тахирдің әрекеттерін Ташкент билеушісі 
Келді-Мүхаммед 
ханмен ^арым-қатынасынан көруге болады. Хандықта «жаппай 
келіспеушілік» пайда болтан кезде Тахир өз билігінің осал 
екендігін түсініп, ташкенттік билеушіден комек сүрайды. Сол 
көмектің арқасында үстемдігін ныгайтып алып, енді ташкенттік 
билікке қырын қарап, елшіліктерін қүртып, Ташкентке қарсы 
жорыққа дайындалды. Оның бүл питылын сезіп қалган Келді- 
Мүхаммед Қазақ хандыгының шекарасына бірінші болып 
шабуыл жасады. Түркістанда болтан шайқаста Тахир жеңілді.
93


Оның иеліктерінің бір болігі жеңімпаздың қолына отті. Мүндай 
билеушіден түңіліп, котеріліс жасаған халық оның інісі Әбіл- 
Қасымды олтірді. 1526 жылы Тахир қасына озінің үлдарымен, 
кейбір қызметшілерін ертіп, қырғыздардың арасына қашып кетті. 
Ол ХҮІ ғасырдың отызыншы жылдарында қырғыз жерінде 
қайтыс болды. Бүл 1531-1532 жылдары болған оқиға еді. Тахир 
хан дала ақсүйектерімен де, оз халқымен де ортақ тіл таба 
алмады. Тахирдің хандық қүрған кезеңіндегі (1523-1531 жж.) 
қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526 жылы бүкіл 
Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. 
Тахирдың қиын тағдыры өзгелер үшін сабақ болды, өйткені, ел 
билеу тек мүрагерлікпен таққа отыру қүқығы ғана емес, сонымен 
бірге ішкі-сыртқы саясатты шебер жүргізе білу керектігіне коз 
жеткізді.
«Тарих-и-Рашиди» авторының айтуынша, Тахир ханның 
өлімінен кейін оның інісі Бүйдаш сүлтан (1533-1534 жж.) қазақ- 
қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу оңіріне билік еткен 
ол әуелі бастан қырғыздармен жақсы қарым-қатынаста болатын, 
оның қарауында «отыз мыңдай адам» болған, демек Бүйдаш 
қазақтардың бір болігін ғана билеген. Арал теңізінің жағалауы 
Шағым сүлтанның, ал Торғай даласы Сидах сүлтанның иелігіне 
кірді. Сырдарияның орта ағысындағы аумақты Қасым ханның 
немересі Тоғым хан биледі. 1538 жылы Тоғым хан бүкіл 
үрпақтарымен коса өлтіріліп, оның орнына Қасымның үлы 
Хақназар (1538-1580) хан сайланды.
Деректерде Хақназар «қазақтар мен ноғайлардың ханы» 
болғандығы туралы, әкесінің саясатын жалғастырып, хандықты 
нығайтуға күш салғаны жөнінде мәліметтер айтылған. Ол Ноғай 
Ордасындағы 
өзара 
қырқыстарды 
пайдаланып, 
ноғай 
мырзаларының көбін оз жағына шығарып алды да Жайықтың сол 
жағалауындағы жерлерге ие болды. 1577 жылы көктемде 
Хақназар ноғайлармен қайта соғысып, Жайықтың шығыс жағын 
түгелдей жаулап алып, Сібірдің Кошімханымен шайқасты бір 
мезгілде жүргізді. Неше мәрте жорықтардан кейін Тобыл мен 
Жайықтың жоғарғы жағын озіне қаратты. Сонымен қатар бүрын 
Сібір және Қазан хандықтарының қүрамында болған башқүрт 
руларының үлкен болігін өз иелігіне қосып алды. Моғол 
хандарымен соғыс одан әрі жалғасты. 1560 жылы Абд-ар-Рашид 
хан Жетісуда Хақназарды жеңгенімен тез арада ес жиып, біріккен 
казақ-қырғыз әскерлері моғолдарға күйрете соққы берді.
94


шайқаста Абд-ар-Рашидтің үлы қаза тапты. Емілде болған келесі 
бір соғыста қазақтар жеңіліп, Жетісудан кері шегінді. Халык 
аңыздары бойынша Хақназар хан тек қазақтарда ғана емес, 
ноғайлардың, қырғыздар мен башқүрттардың арасында да зор 
қүрметке ие болған. Ол үрыс даласында қаза тапты. Бүл оқиға 
туралы орыстың да, мүсылманның да шежірелері сыр шертеді. 
Соншама 
үмтылыстарға карамастан сыртқы және ішкі 
жағдайларға 
байланысты 
бір 
орталыққа 
бағынған 
казак 
мемлекетін күруға қол жетпеді. Хакназар ханның олімінен кейін 
Жәнібектің немересі, Жәдіктің үлы Шығай сүлтан хан болып 
сайланды, оның ноғайлармен болған соғыста даңкы шыкты. Өзін 
сайлайтын жылы Шығай сексен жасқа толған еді, бірақ соған 
карамастан казақтардың ішіндегі ең беделді хан болған. 
Мүсылман шежірешілері 
«ол қырда оскен», «оз ғүмырында 
талай киындықтарды бастан кешкен тәжірибелі» адам болған деп 
жазған. Шығай хан (1580-1582 жж.) сайланғаннан кейін Баба 
сүлтанға қарсы Абдаллахпен бірігіп жаңа одак күрады. Бүл кезде 
шын мәнінде хандык билік Тәуекелдің колында еді, ол 
ташкенттік билеушіге қарсы соғыс ашып, қазақтар жеңіске жетті.
Бүхараға жақын манда қайтыс болған Шығай хан Қүмышкент 
жерінде жерленген. Енді Тәуекел (1586-1598 жж.) хан тағын 
толықтай иелену үшін қару күшіне жүгінді. Хандықтан болінгісі 
келген дүшпандармен үш жыл қатарынан соғыскан ол 1586 жылы 
ғана хан атанды. Осы кезде елдегі халықаралық жағдай ушығып 
кеткен еді. Тәуекел сыртқы саясатында жүргізуде хандыктың 
оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салды. Қазақ 
ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. Тәуекел 
кезінде Қазақ хандығы мен 
Ресей арасында дипломатиялық 
қарым-қатынас орнай бастады. 1594 жылы Мәскеуге достык 
келісім-шартымен қазақ елшісі Қүлмүхамед келді. Тәуекелдің 
Мәскеумен жасаған келісімдері өз нәтижесін бере қоймады. 
Өйткені, Ресей патшасы «оқ-дәрі» беріп қазақтардың Бүхар мен 
Сібір хандықтарына қарсы өз бетінше соғысуын қалады.
Оңтүстіктегі қазақтар үшін 1597 жыл қолайлы болды, 
өйткені, Бүхар хандығында ырың-жырың басталды. Онда 
ықпалды адамдардың қолдауымен Абдулланың үлы әкесіне 
қарсы шықты. Тәуекел 1598 жылы Ташкентті жаулап алып, 
Самарқандтың түбінде Абдулланың әскерін талқандады. Орта 
Азияның барлық қалалары, оның ішінде Түркістан оңірі, 
Ташкент, 
Самарканд 
қазақ 
сүлтандарына 
бағынды.
95


Самарқандтың билеушісі болып Тәуекел ханның інісі Есім 
султан тағайындалды. Қасым мен Хақназардан кейін казак 
хандығының күлдырап кеткен беделін Тәуекел кайта көтерді. Ол 
озінің сымбатты түлғасымен ерекшеленіп, ержүректігімен және 
батылдығымен көзге түсті. Тәуекел жеңілістің ащы дәмін де 
татып, жеңістің даңқын да көрді. Самарқандты жаулап алуы мен 
Бүхараны коршауы оның күш-қүдіретінің кемеліне келген шағы 
еді, бірақ сол шайкаста қатты жараланып, Ташкент қаласында 
Тәуекел хан қайтыс болды.
Есімханның билігі кезінде (1598-1628) сырткы жағдай 
бүрынғыдан да киындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бүхар ханы 
үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе 
бастады, ал казак хандығының ішінде сүлтандар окшаулануды 
коздеп, 
дүшпандық әрекеттерін 
токтатпады. 
Қазактардың 
каракалпақтармен карым-катынасы да шиеленісіп кетті. ХҮІ 
ғасырдың аяғында қарақалпақтардың 40 шақты руының окілдері 
орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер 
бөлуді өтініп, Тәуекел ханға келді. Хан олардың бүл өтініштерін 
кабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің үлын билеуші 
етіп тағайындады. 
Арада бірнеше 
жыл 
өткеннен 
кейін 
қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан 
қарақалпақтарға 
қарсы 
соғысып, 
1613 
жылы 
оларды 
Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті.
1612 жылы Бүхардың Имамкули-ханы қазақтарға шабуыл 
жасап Қаратауға дейінгі бірнеше қалалар мен ауылдарды тонап, 
жаулап алып, Ташкентте озінің үлын билеуші етіп отырғызды. 
1613 жылы казақтар оларға карсы жорыкка шығып, Бүхара мен 
Балхтың 
бірлескен 
оскерін 
талкандады. 
Имамкули-хан 
жеңілгеніне 
қарамастан 
Ташкент аймағын 
баскартуға
казактардың оз ішінде жүрген итаршысын қоюға тырысты. 1613 
жылы Ташкенттің билеушісі Түрсын султан озін хан жариялап, 
Бүхарамен одактасып, Түркістан, Сауран, Андижан және 
Шахрухия калаларын басып алды. Түрсын билікті алғаннан кейін 
оңтүстіктен ойраттар жаңа жорык жасап, Үлы Жүз жерін 
бағындырып алды. Есім хан амалсыздан Шығыс Түркістанға 
кашуга 
можбүр болды. 
Ол 
Батыс. Моңғолия тайпалары 
ойраттардың, 
яғни 
қалмақтардың, 
сондай-ақ Қашкария
алкабындағы қырғыздардың арасында он жыл болды. Сол 
кугында жүргеннің озінде деректерде Есім ханның жат жерде 
жүріп үлкен беделге ие болғаны туралы айтылады. 1616 жылдың
96


желтоқсандағы бір қүжатта былай делінген: «Есім хан 
қазір 
қалмак жерінде қалмақтармен бірге көшіп-қонып, түрып жатыр. 
Ал калмақтар болса оны айырықша қүрметтейді». Есім хан 1624 
жылы қазақ жеріне оралып, Түрсыннан Түркістанды тартып 
алды, озбыр билеушінің көзін жоюға оның күші жетпеді, өйткені, 
қарсыластар арасындағы күш тең түскен болатын. 1627 жылы 
Есім 
қазақ әскерлерін бастап, ойраттарға қарсы жорыққа 
аттанды. Түрсын осы сәтті пайдаланып, Түркістанға шабуыл 
жасап, Есім ханның отбасын түгелдей түтқынға алды. Хан еліне 
жеңіспен оралғанда Түрсын Сайрам маңында тосқауыл жасады. 
Бірақ тәжірибелі Есім хан Түрсынның опасыздығынан сақтан- 
ған еді. Түрсын хан әскері талкандалып, озі Ташкентке қашты, 
бірак сонда озінің жақтастарының қолынан қаза таптьк Есім 
екінші мәрте таққа отырды. Бүгінгі күнге дейін жетпеген «Есім 
ханның ескі жолы» деп аталатын заңдардың жиынтығы оның 
есімімен байланысты. Ол 1628 жылы қайтыс болып, Түркістан 
қаласының қасындағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде жерленген.
Есім ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында басталған 
алауыздық бірнеше жылға созылды. Жазба деректерге қарағанда, 
XY1I ғасырдың 30-шы жылдарында хан тағын 
Есім ханның 
үлкен үлы Жәнібек иеленді, біракта осы кезде талантты әскери 
қолбасшы, Есім ханның екінші үлы Жәңгірдің атағы шыға 
бастады. Ол ағасы хан болып түрғанда әскербасы дәрежесіне 
көтеріліп, 1643 жылдан кёйін хан болады. Оның барлық ғүмыры 
Жетісу жері үшін қалмақтарға, сондай-ақ Сырдария өзенінің 
оңтүстік жағындағы қалалар үшін аштарханидтерге қарсы 
соғысумен өтті. 1643 жылы 50 мың қолмен жоңғар әскерлері 
казак қоныстарына түтқиылдан басып кірді. Жәңгір хан әскерін 
түгел жинап үлгере алмай, жоңғарларға қарсы 600 казак және 
қырғыз батырларымен шайкасқа шықты. 
Екі жақтың әскері 
Орбүлак деген жерде кездесті. Бетпе-бет соғыста жеңіске жету 
мүмкін еместігін сезген Жәнібек жауды тау аңғары аркылы 
откізбеу үшін ор қазып, дуал жасауды бүйырды. Қазақтар осы 
жерде бірінші рет оқ ататын қаруды пайдаланды. Үрыстың нағыз 
қызған шағында күтпеген жерден жоңғарлардың ту сыртынан 
Кіші жүздің төртқара руынан шыққан Жалаңтөс батыр бастаған 
самарқанд-тық әскер соқкы берді. Жоңғарлар талқандалып, бет- 
бетімен қаша жонелді. 1652 жылы жоңғарлар Ресейден соғысқа 
кажетті қару-жарақ сатып алып, қазақтар мен қырғыздарға карсы 
қайтадан шабуылға шықты. Қырғыздар амалсыздан жоңғар
97


қонтайшысына бағынышты екендіктерін мойындады. Жәңгір хан 
жоңғарлармен болған үрыстың бірінде 1652 жылы қаза тапты. Ол 
Түркістан қаласы қасындағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне 
жерленді: сол кезде Жәңгір хан зиратына мазар орнатылды, 
өкінішке орай бүл тарихи ескерткіш біздің заманымызға дейін 
жеткен жоқ.
Жәңгірдің Апақ сүлтан және Төуке сүлтан деп аталатын екі 
үлының болғандығы тарихтан белгілі. Жәңгір ханнан кейін қазақ 
елінде Батыр хан, одан кейін Тәуке хан билік етті. Батыр хан 
кезіндегі оқиғалардан мәліметтер жоқ. Ал Қазақ мемлекетін 
Тәуке ханның басқарған кезеңі «алтын ғасыр» деп аталады, 
«халық тыныштықта өмір сүрді, тәртіп орнады; заңдар мен 
әділсот болды». Тәуке хан билігі түсында Сырдария бойында 
қазақтардың қоластына 32 «қалашық» қараған. Қазақ хандары- 
ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болды. Тәуке ақылды 
билеуші ретінде өз айналасына 
парасатты адамдарды жинай 
білді. Тәуке хан кезінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді 
дәстүрлі қүқықтың білгірлері және сол дәуірдің от ауызды, орақ 
тілді шешендері бүкіл елдің қүрметіне бөленді.
Тәуке 
өзінің барлық ғүмырын 
сыртқы саясатты шебер 
жүргізуге арнады. Ол әкесінің көзі тірісінде 
Қашғариядағы 
елшілікті басқарған еді, Қазақ және Бүқар хандығы арасындағы 
шиеліністі бейбіт жолмен шешіп, жойқын соғыстың алдын алды. 
Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына түрткі болды. Тек 
1686-1693 жж. Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді. Тәуке 
ханның 1694 жылы 1 қазанда I Петрге жазған хаты сақтаулы, 
онда ол Ресеймен достық байланысты қуаттайды. Ал Ресейдің 
билеушілері Қазақ хандығын отарына айналдырып, қазақ 
жүздерін өздерінің қоластына қаратуды көздейді, бірақта қазақ 
аксүйектері ондай отаршылдық пиғылмен келісе қоймады. 
Мүндай көзқарас Ресейге «адал болуды» үсыныс еткен Қазан 
қаласы губернаторының 1717 жылғы 29 наурыздағы грамотасын 
қазақ ханына өкелген 
орыс 
елшісіне 
Төуке ханның 
адамдарының жасаған қыспағынан анық байқалады. Орыс 
елшілері түрлі сылтаулармен 1718 жылдың аяғына дейін хан 
сарайында үсталды. 
Орыстар қазақтарға сыртқы 
жаудан 
қорғануда өскери күшпен көмек 
керсетуге әзір екендіктерін 
білдірді, бірак Төуке хан басын қосқан қазақ хандығы сырттан 
келетін көмексіз-ақ өздерін қорғай алатындықтарын көлденен 
тартты. Ойраттармен соғыс кезінде Төуке хан өзінің 80 мын
9 8


әскерін шебер басқара білді, өскери істі жетік меңгергенімен, 
ержүректілігімен даңқы шығып, ел-жүрты оған батыр атағын 
берді.
Тәуке бүкіл қазақ мемлекеті мойындаған қазақтың соңғы 
ханы болды. Оның өлімінен кейін келте хандар бас көтере 
бастады, соның салдарынан үш жүздің әрқайсысында өз хандары 
билік етті. Тәуке хан табиғатынан патша болуға лайық адам еді, 
ол 
өзінің ақыл-парасатымен, ержүректігімен ерекшеленді, 
сонымен қатар биязы жүмсақ мінезді әрі әділ билеуші болған. 
Өзінің осындай қасиеттері Тәуке ханды көзінің тірі кезінде зор 
қүрметке бөледі, үрпақтарының даңқын көтерді.1748 жылғы 
Ресейдің тарихи қүжатында: «Тәуке хан өте ақылды адам. Талай- 
талай оқиғаларды бастан кешкен Тәуке үзақ өмір сүрді жөне өз 
халқының арасында аса қүрметке бөленді» деп жазыдған. Қазақ 
заңдарының көне ескерткіші, біздің заманымызға дейін жеткен 
«Жеті жарғының» дүниеге келуі оның есімімен байланысты. ХҮІІ 
ғасырдың басында 
Қазақ хандығының шекарасына жоңғар 
шабуылы күшейе бастады, бірақ қазақ мемлекеттігінің нығаюы, 
әсіресе Тәуке ханның кезінде қуаты мен бірлігі, жоңғар 
билеушілерін қазақ жерін жаулап алмақшы болған пиғылдарынан 
бас тартуға талай мәрте мәжбүр етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет