4.2. XIV- XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан. Темір мемлекеті.
Әбілхайыр хандығы. Ноғай Ордасы
Шыңғысхан көзінің тірісінде алапат аумақты алып жатқан
мемлекетін бәйбішесі Бөртеден туған үлдарының санына орай
төрт үлысқа бөлген болатын. Жошы Алтайдан Жайыққа дейінгі
солтүстік-батыс аймақты, оңтүстігінде
Әмудария мен Арал
теңізіне дейін жететін аумақты иеленді. Шағатайға Әмударияның
69
оңтүстігі -Түркістанның, Ауғанстан мен Парсының боліктері
мен Закавказье берілді. Үгедей Моңғолияның батыс болігін,
Жоңғария мен Шығыс Түркістанды иеленді. Толе наймандар
жеріне, Моңғолияның шығыс болігін, таңғүттар жерін жоне
Цзинь мемлекетінің жаулап алынған (Солтүстік Қытай) аумағын
қоныстанды.
Шыңғысханның үлкен үлы Жошы Ертістен жоне Қоялык пен
Хорезмнен батысқа карай Саксин мен Бүлғар жеріне дейін зор
аумаққа билік етті, сойтіп ат түяғы жететін жердің боріне барып.
Жетісудың солтүстік болігін, Еділдің томенгі сағасына дейін
бүкіл Шығыс Дешті қыпшақ жерін бағындырды. Жошының
мүрагері Батый (Бату) Батыс Дешті Қыпшақты, еділ бүлғарлары
мен орыс княздіктерінің жерін, Польшаны, Венгрияны. Чехияны.
оның арғы жағындағы елді жаулап алу мақсатында жорыкка
шыкты. 1236-1242 жж. аралығында ол томенгі Дунай мен
Қырымға дейін
жерге билік етті. Обь пен Ертіс озендерінің
жоғарғы ағысынан Еділ мен Әмударияның томенгі сағасына
дейінгі
алапат аумақта
Батый хан Алтын Орда мемлекетін
қүрды. Алтын орданың астанасы
Сарай-Батый
қаласы
(Астрахань маңында) болды, кейін астана
Сарай -Берке
қаласына (Еділ бойымен Сарай-Батыйдан жоғары) кошірілді.
Алтын
Орда. Алтын Орда алғашқы кезде
Моңғол
империясының бір болігі болды, бірақ Батый хан (1242-1256) озін
тоуелсіз билеуші ретінде үстады. Гуюктың олімінен кейін
Батыйдың қолдауымен Еуропа жорығына қатысушы
Толенің
үлы
Моңке
үлы хан болып сайланды. Батый
Шыңғыс
үрпағының үлкені ретінде Моңкені сайлауда озіндік зор ықпал
етті.
Оған қолдау корсеткеніне Виллем Рубруктің
мына
жазбалары долел: «Дүниеге жарық сәуле беретін күн торізді
Батый екеуіміздің билігіміз барлық халықтарға жүреді. Біз бір
бастағы екі коз секілдіміз: ол екеу бола түрса да үнемі бір
бағытқа қарайды». Қыпшақтар Батыйды сайын-хан ( данышпан
хан)
деп атады, ол
кошпенділер
достүрімен
санасып,
Шыңғысханның Үлы жасағына сүйене отырып. мемлекет іргесін
қалады.
Батый қайтыс болғаннан кейін хан тағына оның заңды
мүрагері Сартак отыруы тиіс еді.
Бірақ ол сол
кезде
Моңғолиядағы Моңке ханның сарайында болатын. Ол әкесінің
казасын естіп үйіне қайтып келе жатқанда жолда
кенеттен
кайтыс болады.
Ал хан болып жарияланған
Батыпдың олі
70
буыны бекімеген үлы Үлағшы да қайтыс болады. Мемлекетті
басқару билігіне енді оның
інісі
Берке хан (1257-1266) не
болады. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монгол
империясынан біржолата болінді.
Меңгу-Темір хан (1266-1280) билігі кезінде елде бейбітшілік
орнағанымен оның олімінен кейін Алтын Ордада Ноғайдың
есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның
бір үрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде бектер бегі
лауазымын иеленді, мемлекеттік түрғыдағы екінші адам болды.
Оның жекеменшік үлысы қазіргі Молдова аумағында. Ноғайдың
ниеті озінің дербес мемлекетін қүру еді. Тупа-Меңгу (1282-1287)
жоне Толе-Бүқа (1287-1291) басқарып түрған кезеңдерде ол озіне
Дунай. Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды.
Ноғай сарай тағына
Тоқты хан келуіне (1298-1312) тікелей
қолдау корсетті. Алғашқы кезде жаңа билеуші озін жақтаушы
адамның пікірімен санасып еді, бірақ
дала ақсүйектері араға
коп уақыт салмай, оларды бір-біріне қарсы қойып үлгерді.
Алауыздықтың ақыры озара күреске үласып, 1300 жылы Ноғай
жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан
қалпына келтірілді.
Алтын Орданы Өзбек хан басқарған дәуірде (1312-1342)
мәдениеті оркендеп, қала күрылысы дамыды. XIV ғасырдың орта
шенінде Алтын Ордада каланың саны 100-ге жетті, оның кобін
ордалылықтардың оздері салды. Ондай қалалардың ішінде Алтын
Орданың астанасы - Сарай, Томенгі Еділ бойындағы Жаңа
Сарай, Батыс Қазақстандағы хандар жерленген Жайықтың оң
жағалауындағы Сарайшық қалалары болды. Озбек пен Жәнібек
хандығы кезінде (1342-1357) Алтын Орда бүрынғыдан да
оркендей түсті. 1312 жылы ислам діні мемлекеттік мортебеге ие
болды. Жүздеген мың басыбайлылардың түрғызған мешіттері,
керуен-сарайлары,
ақсүйектер
мен
копестердің
үйлері,
қолонершілері коп қалаларда мәдени омір коркейе түсті.
Билеушілердің
хан тағына таласып, озара қырқысуының
салдарынан Жәнібек қайтыс болғаннан кейін гүлденіп түрған
Алтын Орданың қүлдырауы басталды. Дегенмен XIV ғасырдың
аяғында тегеуірінді хан Тоқтамыс оны әлі де он бес жылдай
бірлікте үстап түрды, 1380 жылы Куликово даласында Мәскеу
княздігі үйымдастырған орыстардың біріккен күштерінен Мамай
бастаған ордалықтар жеңіліп қалған еді, Тоқтамыс осы
жеңілістен кек алды. 1382 жылы, яғни Куликово шайқасынан
71
кейін екі жыл өткен соң
Тоқтамыс Мәскеуді талқандады.
Тоқтамыстың билеу кезеңінде Алтын Орданың ішкі және сыртқы
әлсіреуі басталды.
Самарканд билеушісі, Кіші Азиядан Қытай шекарасына
дейінгі олемдік империяның негізін салушы Ақсақ Темір Алтын
Ордаға үш рет шабуыл жасап, нәтижесінде оны талкандап,
қалаларын қиратты, ол билік қүрған заманда керуен жолдары
оңтүстікке қарай ығысты. Алтын Орда осындай жағдайлардан
кейін бас көтере алмай, XV ғасырдың
бірінші жартысында
жекелеген хандықтарға, яғни Қырым, Қазан және Астрахань
хандықтарына бөлініп кетті.
Алтын Орда қүлағаннан кейін Қазақстан аумағында алдымен
Көк Орда және Ақ Орда, Әбілхайыр мемлекеті, кейін
Қазақ .
хандығы
қүрылып,
оның
қоғамдық-саяси
қүрылымында
Шыңғысхан
империясының
мүрагерлері
үстемдік
етті,
Шыңғысханның үрпақтары
ақсүйектер тобын
қүрды,
ал
Шыңғысхан Жасағының (Яса), зандар жинағы негізінде XVII
ғасырда қазақтардың «Жеті Жарғысы» дүниеге келді.
Ак Орда. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында орналасқан
Алтын Ордадан Ақ Орда дербес мемлекет болып болінді.
Бастапқы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісудың солтүстік-батыс
болігі, Ертіс жағалауы Жошының үлкен үлы Орда Ежен үлысы
болып, ол Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл,
Сарысу, Арал жағалауындағы далалық, Сырдарияның төменгі
сағасы Жошының келесі үлы Шайбан үлесіне тиіп, оны Ақ Орда
деп атады. Кейін Шайбан үлысы Орда-Ежен үлысының қүрамына
енген соң мемлекет Ақ Орда деп аталды.
Оңтүстік Қазақстан Ақ Орда орталығына айналып, астанасы
Сығанақ қаласының осында болуы Орта Азия мен Хорезмнің
отырыкшы түрғындарымен араласуына мүмкіндік берді. Ақ Орда
Мүбарак-Қожа-ханнан (1320-1344) бастап, жергілікті түрік және
түркіленген жоғары билеушілерінің эконом и калы к және саяси
ахуалды нығайтуы арқасында Алтын Ордаға тәуелді болмады.
Ақ Ордада Орыс хан (1361-1380) билік қүрып түрған кезде
мемлекеттің қуаты күшейді, ол енді Алтын Орданың тағына коз
тіге бастады. 1368 жылы Орыс хан Еділ бойына жорық жасады.
1374-1375
жж.
Сарайды
басып
алып,
Қажы-Тарханды
(Астраханьды) қоршап, Кама бүлғарларын бағындырды, шежіре-
лерде бүл «Орысханның киіз үйлері» деп аталады. Бірақта Орыс
ханның
жеңістері баянды бола коймады, оны Мамай хан
72
қыспаққа алды. Орыс хан осыған байланысты Ақ Ордаға қайтуға
асықты, өйткені, оған оңтүстік шекарадағы иелігін (Сырдария
озенінің бойын) бақталасы әрі Орта Азияның билеушісі Әмір
Темірден қорғауға тура келді.
Ішкі қақтығыстар және Әмір Темірмен болған соғыстар
салдарынан XVI ғасырдың бас кезінде Ақ Орда әлсірей бастады.
1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталасын
тақтан тайдырып, Ақ Орданың билігін тартып алды. Осы кезде
Сырдарияның орта ағысындағы оңірді және негізгі қала
саналатын Сығанақты Ақсақ Темірдің немересі Үлықбек жаулап
алды. 1425-1426 жж. Барақ Үлықбекке қарсы соғысқа аттанды.
Ол жеңіске жетіп, Сығанақты және басқа Сырдария бойындағы
қалаларды қайтарып алды. Бірақ.
1428 жылы Шығыс Дешті
Қыпшақтағы билік шайбанидтер династиясының қолына отті,
Барақ олгеннен кейін Ақ Орда аумағының басым бөлігін олар
иеленіп алды. Жаңа билік басына Әбілхайыр хан келді.
Моғолстан. Шыңғысханның балаларына жер бөлінген кезде
Жетісу оңірі оның екінші үлы Шағатайға берілді. Ол Жетісумен
қоса бүкіл
Шығыс Түркістан мен Мауараннахрға билік етті.
Шағатайлықтардың астанасы Алмалық болды, ал ханның жазғы
ордасы Іле бойына орналасты.
Үлысты бірінші басқарған Шағатай шыңғыс үрпағының
арасында үлкен беделге ие болып, өзінің інісі үлы хан Үгедейге
ықпал ете білді. 1241 жылы Шағатай қайтыс болған соң оның
немересі Қара-Хулагу хан болды. XIII ғасырдың 50-ші жылдары
Жетісуды үлы хандар биледі, ал 1260 жылы мүнда Шағатайдың
немересі Алгуй таққа отырды. Одан тақты Үгедейдің немересі
Хайду алды, ол билік етіп түрғанда шағатай мемлекеті түпкілікті
рәсімделді. 1269 жылы Таласта қүрылтай болып, онда Монгол
империясынан
бөлініп,
тәуелсіз
мемлекет
қүруға
шешім
қабылданды. Мемлекеттің билеушісі болып Хайду сайланды
(1269-1301). Оның иелігіне Жетісу, сондай-ақ Сырда-рия бойы
мен Мауараннахр енді. Хайду қайтыс болған соң билік Шағатай
үрпағына қайтатиіп, билікбасынаТуба(1307-1318) келді.
1346 жылы Қазан хан өлімінен кейін Шағатай үлысы екіге
болінді. Шығыс бөлігіне Орта Азияның солтүстік-шығысы,
Жетісу және Шығыс Түркістан еніп,
Моғолстан мемлекеті
қүрылды. Мемлекеттің негізін салушы оның бірінші билеушісі
шағатайлык Тоғлық-Темір (1347-1362) болды. Тоғлық-Темір
үлыстық жүйені сақтады. Жоғарғы үлыс бегі мүрагерлік
73
дәстүрмен жалғасты.
Тоғлық-Темір Мауараннахрды жаулап
алғаннан кейін, Самарқандқа келіп бекінді. Тоғлық-Темір қайтыс
болғаннан кейін оның үлы Ілияс Қожа хан болды. Ол да әкесі
сияқты Мауараннахрға жорықтар жасады. Ілияс Қожа-хан қайтыс
болғаннан кейін Моғолстанда іштей өзара қырқыс үзақ уақытқа
созылды
XV ғасырдың
бірінші жартысында Моғолстанда Қызыр
қожаның үлдары мен немерелері арасындағы жағдайдың
шиеленісуімен қатар, олардың Темір үрпақтарымен, ойраттармен
соғысуына да тура келді. Темір үрпақтары Шығыс Түркістанды
Моғолстаннан қалайда бөліп алғысы келді. Уайыс хан (1418-
1428) төніп түрған қатерден сақтанып, астананы Шығыс
Түркістаннан Же^ісуға амалсыз көшірді. 30-шы жылдардың
ортасында билік Уайыс ханның үлдарының бірі - сүлтан Есен-
бүғыға көшті. Мүндай жағдаймен келісе алмаған екінші үлы
Жүніс (Юнус) 30 мың отбасын қасына ертіп, Моғолстаннан
көшіп кетті. Есен-бүғы қанша күш салғанымен Моғолстан үзақ
уақыт бойы саяси дағдарыстан шыға алмады. XVI ғасырдың
ортасында көптеген тайпалар мемлекет аумағынан көшіп кетті.
Есен-бүғы тек Қашғарияның бір бөлігіне ғана билік етті. Көшпелі
бекзадалардың өзара алауыздығы мен билікке таласуы XV
ғасырдың аяғында XVI ғасырдың басында
Моғолстанның
қүлауына әкеп соқтырды. Моғолстан хандарының өзі билеген
аумақта шағатайлықтардың саяси үстемдігін қайта орнатпақшы
болған әрекеттері
сәтсіздікпен аяқталды. XVI ғасырдың
ортасында ол дербес мемлекет ретінде өмір сүруін мүлдем
тоқтатты.
Темір мемлекеті. Моғолстан билеушісі Тоғлық-Темірдің
XIV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда болашақ қуатты
мемлекет басшысы болатын адамға «көмегі» тиді. 1361 жылы ол
Темірге үлкен түменді басқартьіп, барлас тайпасының басшысы
етті, осы сөттен бастап билік баспалдақтарымен жоғары
көтерілді.
Темір барлас тайпасынан шыққан моңғолдың кішігірім әмірі
болған Тарағайдың отбасында дүниеге келді. Ол жас кезінен-ак
нөкерлер жасағын қүрып, өзінің даңққүмарлығымен, билікке
үмтылуымен және өте қаталдығымен ерекшеленді. Темір алдына
қойған мақсатына жету үшін айла-тәсілдің бөрін қолданып, тіпті
кісі өлтіруден де тайынған емес. XIV ғасырдың 60-шы жылдары
ол белгілі моңғол өмірі Хусейнмен араласып, оның қарындасына
74
үйленді. Жас әмірлер көршілеріне шабуыл жасап, оларды тонап,
өздерінің атын шығарды. Әрине, ондай әрекеттері үнемі сәтті
бола бермеді.
Бірде жеңіліп қалған олар 62 күн бойы
қарсыластарының түтқынында болды. 1366 жылы
Оңтүстік-
Батыс Ауғанстанға шабуыл жасаған бір соғыстаТемір аяқ-
қолынан жараланды. Жетісу мен Қашғариядағы көшпелі моңғол
жасақтарымен соғыс кезіндегі халықтың толқуын пайдаланған
Хусейн мен Темір Самарқандты басып алды. Бірақта билік үшін
күрестің ақыры жақын адамдардың өзін бір-біріне жау еткізді.
Бүл орайда Темірдің мерейі үстем болып, 1370 жылы өзінің
жауына айналған бүрынғы досы Хусейн бас сауғалаған Балх
қаласын қоршауға алды. Қала жойқын шабуылға төтеп бере
алмады. Түтқынға түскен Хусейн Темірдің бүйрығымен өлтірілді.
Енді өзіне қарсы келетін бақталас бола қойған жоқ. Қүрылтайда
оны әскери қолбасшылар мемлекет басшысы етіп жариялады.
Темір отыз бес жыл бойы патшалық қүрған кезінде
Хорезмге, Парсыға, Индияға, Кавказ жеріне, Кіші Азияға,
Қазақстан даласына жиі жорықтар жасаумен болды. Ол әскери
қуатты
күшейтуге ерекше
көңіл бөлді. Оның сарбаздары
соғыста жеңілудің не екенін білмеді, соғыс тактикасын жете
меңгерген Темір жау шебінің жағдайын барлауға жансыздарды
жіберу тәсілін шебер пайдаланды. Мақсатқа жету жолында
дуаналарды, пақырларды, ламаларды, христиан
тахуаларын
пайдалана білді. Алтын Орда қолдауына сүйеніп, үзақ уақыт
бойы тәуелсіз болып келген Хорезмді Темір өзіне бағындырып
алды. Ол Хорезм аймағына алты рет жорық жасады. Оның
әскерлері жаулап алған жерлер қүлазып қалатын. Хорезмнің
астанасы Үргеніш
толығымен қиратылып, түтінге оранған
үйінділерге Темірдің бүйрығы бойынша жүрт көзінше
қара
бидай себілді.
Темір өзінің бүрынғы қолшоқпары болған Алтын Ордадағы
Орыс ханның үлы Тоқтамыс ханмен соғысты.1376 жылы
Тоқтамыс Самарқандқа бас сауғалап қашып келгенде Темір оны
жақсы қарсы алған болатын,
Темірдің алмас қылышты
әскерлерінің көмегімен Отырарды, Сауран және Ақ Орданың
астанасы Сығанақты жаулап алды, оны осында хан сайлады.
Алайда Тоқтамыс Темірдің үмітін ақтамады. Кейін Алтын
Орданың ханы болып алған соң, 1388 жылы Темірдің иелік
ететін аймағына шапқыншылық жасап, шүрайлы жерлерін
тонады. Мүндай қасиетсіз вассалды тәубасына келтіру үшін
75
Темір жедел әскери экспедиция жасақтап, Тоқтамысты окшелей
қуып, Қазақстан даласы аркылы Алтын Орда жеріне келіп кірді.
Темір әскері Сарай-Берке астанасын, сондай-ақ Қырым мен
Солтүстік Кавказдьщ қалаларын қиратты. Темір Жетісуға да
бірнеше жорық жасап, Чарын мен Ілеге дейін жетті. Оңтүстік
және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды өз мемлекетінің қарамағына
қосып алды. Отырар, Сауран, Сығанақ, Созақ, Тараз, Аспара
қалаларына
өзінің
әскери
гарнизондарын
орналастырды.
Сонымен қатар Темір парсы жеріне шабуыл жасап, көптеген
жекелеген иеліктерді жаулап алды. Қатыгез басқыншы коп күш
жүмсамай-ақ, Гератты, Балхты бағындырды және Әзірбайжанды,
Грузия мен Арменияны жаулап алды. 1398 жылы ол Индияға
жорықты бастады: Делиге жетіп, қаланы талқандап, Самарқандқа
мол олжамен оралды. Батыста Темір әскері
Кіші Азия мен
Сирияға басып кірді, 1402 жылы Анкара қасындағы шайқаста
осман сүлтаны
Баязидтің әскерін
талқандап, Византия
империясының қүлауын жеделдетті.
1404 жылы Темірдің көптен ойында жүрген
Қытайға
шабуылы басталды. Темір өз әскерін
Сырдария мен Жетісу
арқылы өткізуге шешім қабылдады. Жылдың аяғында 200 мың
әскерді
Сырдария
жағасындағы
Отырар
мен
Сауранға
шоғырландырды. Бәрі де сақадай сай түрды, тек жорыққа
аттануға берілетін бүйрықты күту ғана қалған еді, бірақ тағдыр
оған оны жазбады.
1405 жылы ақпанда Сырдария озенінен
өтерде салқын тиіп ауырып қалған Темір Отырар сарайының
бірінде қайтыс болды. Оны Самарканд қаласына жерледі.
Темірдің өлімінен кейін күшпен қүрылған алып империя бірден
бүрқ ете түскен династия ішіндегі билікке таласқан күрес
салдарынан қүлады, бірақ оның үрпақтары өлі де біраз уақыт
бойы Темір жаулап алған аумақтарды оз қолдарында үстауға
тырысып бақты.
Тарихта Темірдің есімі оның қанды жорықтарымен ғана емес.
бүгінге жеткен мәдени ескерткіштерімен де белгілі. Темір сәу.іет
өнерінен ешқандай қаржы аяған жоқ, себебі бүл мемлекеттің
беделін көтереді деп ойлады. Үргенішті талқандаған соң ол
барлық ғалымдарды, шеберлерді, қолонершілерді Самарқандка
жинап, тонап алынған қүнды бүйымдарға Шахриябзде атақты
Ақ-Сарай сарай салғызды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған
сәулетшілер мен шеберлер тек салтанатты сарайлар салып қана
қойған жоқ, сонымен қатар мешіт, медреселер түрғызды. Тап сол
76
кезде, XIV ғасырда, Гур-Әмір, Бибі-Ханым, Шахи-Зинда тәрізді
корнекті
ескерткіштер
бой
котерді.
Түркі
дүниесінің
көшпенділері мен отырықшы түрғындарының әулие түтатын
Ахмет Яссауидің Түркістан қаласындағы зиратының үстіне
Темірдің әмірімен қазіргі Ахмет Яссауи мазары салынды.
Темірдің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның қүрылысы
толық аяқталмай қалды, ал салынып үлгергенінің өзі таңғажайып
сәулетімен корген жанды таңғалдырады.
«Үлы әмір айрықша саяси болжамдылығымен ерекшелене
білді,
деп жазды Ахмет Яссауи мазарын зерттеушілердің бірі
белгілі археолог М.Е.Массон,
кошпенділердің үлттық қасиет
түтатын жерін қастерлеп, олардың көңілін табуды, ислам дінін
үстайтын халықтардың рухани бірлігін нығайтуды ойлаған ол
империяның күш-қуатын көрсету жолын іздестірді, міне,
мақсаттарды жүзеге асыру үшін XIV ғасырдың аяғында
мемлекетіңің аумағында орта азиялық сәулет өнерінің ғажайып
ескерткішін түрғызды». Темір Отырарға жақын мандаты Ахмет
Яссауидің үстазы болған Арыстан-Баб зиратына ескерткіш
түрғызуды да естен шығармады. Халық аңызы бойынша оқиға
былай болған, шеберлер Қожа Ахмет Яссауи мазары қүрылысына
кірісіп, оның қабырғаларын қалап жатқанда, түн ішінде бір бүқа
келіп түрғызылғанның бәрін сүзіп қүлатып тастайды, бір түнде
қүрылыстың бәрі жермен жексен болып, үйінді топырақ қалады.
Темірді бүл оқиға ерекше ойландырып тастайды. Сол кезде оған
бір ақсақал келіп, Қожа Ахметтің алдымен озінің үстазы
Арыстан-Бабқа ескерткіш орнатуын қалайтындығын айтады.
Міне, осыдан кейін барып, Түркістанда салынып жатқан мазар
қүрылысы ешқандай кедергісіз жүре береді.
Өкінішке
орай
Арыстан-Бабқа
салынған
ескерткіш
сақталмады. Қазір Отырардың шығыс жағында үш шақырым
жерде XIҮ ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында салынған
ескерткіш орнында XIX ғасырда қайта салынған кесене
қүрылысы түр. Алғашқы қүрылыстан сақталғаны қара ағаштан
жасалған екі бағана ғана. Төрт қырлы бағананың биіктігі 3,5 м,
оның жүмыр бөренеден жонылғаны байқалады, төменгі бөлігінде
шаршылар ойып салынған,
геометриялық өрнектері
бар.
Бағананы әсемдеу элементтері Ахмет Яссауи мазарының ағаш
есіктеріндегі оюларды еске түсіреді.
Темірдің
әскери
жорықтарынан
кейін
Моғолстанда
феодалдық бытыраңқылық күшейді, XV ғасырдың бірінші
77
ширегінде Ақ Орда ыдырап, Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр
хандығына бөлінді.
Әбілхайыр хандығы. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орда
қүлағаннан кейін қазақ даласын 1428 жылы Шыңғыс ханның
түркіленген үрпағы, Дәулет-Шейх-Оғлан үлы Әбілхайыр хан
бағындырды. Қазақ даласында қырық жылдай билік жүргізген ол
қатыгез әрі зүлым билеуші болды. Оның мемлекетінің өзбек деп
аталатын үлысы әртүрлі түркі тілдес көшпенді халыктардан
күралды, бірақ олардың жалпы атауы өзбек делінді, ал бүл сөздің
шығу төркіні белгісіз.
Әбілхайыр алдымен Алтын Орданың бөлшектеніп кеткен
жүртын біріктіруге, бір орталықтан басқарылатын мемлекет
қүруға белсене кірісті. Осы мақсатқа орай XV ғасырдың 30-шы
жылдарының бас кезінде ол Жошы үлдарының бірі Тоқа-
Темірдің үрпақтары Махмуд хан мен Ахмад ханға қарсы жорық
үйымдастырды. Әбілхайыр бүл соғыста жеңіске жетіп, Орда-
Базарды басып алды, осы жерде оның қүрметіне хүтба (уағыз)
оқылып, оның есімі жазылған тенге шығарылды.
1446 жылы Әбілхайыр Сырдария өзенінің бойын және
Қаратаудағы Созақ, Сығанақ, Ақ қорған, Үзгенді қалаларын
жаулап алды. 1457 жылы ол ойраттармен соғыста жеңіліп қалды.
Әбілхайыр мен ойрат билеушісі Өз-Темір-тайшы әскерлері
арасындағы шайқас Сығанаққа таяу жердегі Көк-Кесенеде болды.
Әбілхайыр ойсырай жеңіліп, амалсыздан Сығанақ бекінісіне
шегінді. Ойраттар жергілікті жерде кездескен қарсылықтарға
қарамастан Сырдария алқабын жаппай тонауға кірісті. Түркістан,
Ташкент, Отырар және
тағы басқа қалаларды жаулап алды.
Әбілхайыр амалсыздан ойраттар пайдасына жасалған
бітімге
келісуге мәжбүр болды.
Әбілхайыр жеңілген соң, бүл хандықтан көшпенділердің бір
бөлігі сүлтандар Керей мен Жәнібектің бастауымен Моғолстанға
көшіп кетті. Олар Шу өзенінің бойындағы Қозы-Басы жеріне
барып қоныс тепті. Кошпенділерді кері қайтармақшы болған
Әбілхайыр Жетісуға жорық үйымдастырды, бірақ жол үстінде
кенеттен қайтыс болып, оның өскері кері оралды.
Әбілхайыр өлгеннен кейін Шейх-Хайдар есімімен аты шыққан
Шах-Бодақ мүрагер болды. Билер мен сүлтандардың бірлескен
қарсылығына байланысты ол елді басқара алмады. Ибақ, Мүса,
Жамбыршы, Сарай ханы болған Ахмед, Жәнібек пен Керей
одақтасып, Әбілхайырдың үрпақтарына қарсы бірікті. Одақтастар
78
Шах-Бодақты өлтірген соң, оның үлдары Махмуд пен Мухаммед
Шайбан Самарқандқа қашып кетті. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның
мемлекеті қүлады. Соның нәтижесінде бүрынғы қуатты Алтын
Орданың ізі жойылды, енді оның аумағында Қазақ, Ноғай, Сібір
деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда болды. Сонымен XVI
ғасырдың басында «қазақ» пен «өзбек» атаулардың аражігі
ажыратылды. Бүрынғы өзбек үлысының түрғындары енді
қазақтар деп аталып, Қазақ хандығына бағынышты болды, ал
Орта Азияның түркі тілдес халықтарының ішіне сіңіп кеткен
Әбілхайыр ханның үрпақтары өзбектер деп аталды.
Ноғай Ордасьі. XV ғасырдың ортасында Алтын Орда
қүлағаннан кейін Батыс Қазақстан аймағында Ноғай ордасы деп
аталатын (бірінші атауы - Маңғыт жүрты)
дербес мемлекет
пай да болды.
Ноғай Ордасының жартылай тәуелсіз ел болып оқшаулануы
Алтын Орданы басқарған Едігеден (1396-1411) басталды. Бүл
мемлекет Едігенін, үлы
Нүр-ад-Диннің түсында (1426-1440)
түпкілікті бөлінді. «Ноғай», «ноғайлар», «Ноғай Ордасы»
терминдері әдебиетте бірінші рет XVI ғасырда ғана пайда болды.
Ноғай Ордасында маңғыт тайпасының өкілдері билік етті. Еділ
мен Жайық өзендері аралығындағы кең дала Ноғай Ордасының
негізгі орналасқан жері болды. Шығыста ноғайлар Жайықтың сол
жағалауында, оңтүстік-батыста Арал мен солтүстік Каспий
маңында, тіпті Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі аралықта көшіп-
қонып жүрді. Ноғай Ордасындағы саяси билік пен экономика
тізгіні Едіге қарауындағы маңғыт әмірлерінің қолында болып,
руды басқару мүрагерлікпен жүзеге асты. Алтын Ордаға жататын
бөліктер аумағында Едіге үрпағының келісімінсіз шыңғыс
түқымынан хан сайланбайтын болды. XV ғасырда Ноғай
Ордасының саяси өмірінде Едіге әулетінен шыққан Уақас-би,
Мүса мырза, Жамбыршы және т.б. маңызды рөл атқарды.
Ноғай Ордасының қүрамында маңғыттармен қатар қоңырат,
найман, арғын, қыпшақ, кенгерес, қарлық, алаш, тама және басқа
тайпалар болды. Бүл тайпалардың басшылары билік пен жерге
таласып, өзара қырқысумен болды. Алтын Орда қүлағаннан кейін
орнына пайда болған хандықтар этникалық қүрылымдары
жағынан біріксе, ал Ноғай ордасы бүл процеске саяси түрғыдан
қарады. Ноғай Ордасын қоныстанған тайпалар қазақ халқының
қалыптасуына игі эсер етті. Ш.Уәлиханов Ноғай Ордасы мен
Қазақ хандығы түрғындарының өзара туысқандығы туралы
79
айтқан болатын. Ол қазақтың бірінші ханы Жәнібек кезінде
ноғайлар мен қазақтардың, яғни «екі туысқан орданың» арасында
достық қатынас болғанын атап көрсетті. Ондай қатынастар кейін
де жалғасты, мысалы, XVI ғасырдың орта кезінде Хакназар
ханды «қазақ пен ноғай ханы» деп атағаны туралы шежірешілер
жазып қалдырған. Қазақтың ауыз әдебиетінде бүл кезең туралы
айтылған эңгімелер жиі кездеседі. Бірақ
олардың одактастығы
әркез сақталды деуге тағы болмайды. XVI ғасырда Ноғай Ордасы
Орыс мемлекетімен біртіндеп сауда-экономикалық және саяси
байланыстарды нығайта түсті. XVI ғасырдың екінші жартысында
Қазан және Астрахань хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін
Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті, ал осы
ыдырау кезінде орда түрғындарының бір бөлігі қазақтардың Кіші
жүзіне қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |