6.3. ХҮІІІ ғаеырдың екінші жартысындағы казак хандығы.
Абылай хан билігі
Қазақ мемлекеттігінің қайта орлеу дәуірі сүлтан, кейін хан
болған Абылайдың есімімен тығыз байланысты. Абылайдың
шын аты - Әбілмансүр. Ол қазақтың сүлтаны Көркем Уолидің
үлы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде он екі жасар бала ел
арасына қашып кетіп, озінің шыққан тегін жасырып, біраз уақыт
бақташы болған. 20-30-шы жылдардың аяғында
Әбілмансүр
жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысып,
алғашқы кезде
қатардағы жауынгер болып, кейін ер жүрек батырлардың біріне
айналады.
Әбілмансүр батыр, жекпе-жектерде «Абылай» деп
үран тастап, даңқы шыққан озінің атақты атасы Абылайдың
есімін алады.
Жоңғарлар 1739 жылы Цинь империясымен бітім жасасып,
өзінің барлық күшін батысқа шоғырландырды, ал 1741 жылы
қазақтарға жаңа жорық жасады. Қырғын соғыс кезінде Абылай
бастаған жасақтар жеңіліске үшырап, Абылайдың озі колға
125
түседі. Ресей үкіметінің араласуымен ол түтқыннан 1743 жылы
босатылды. Сол кездегі Абылай туралы ресейлік
ресми
қүжаттарда: «бүрынғы жылдардағыдай емес, енді қарсы шықпай,
бізге (Ресейге) деген көзқарасы жібіпті» делінген.
Қалдан-Сереннің өлімінен кейін (1745) Жоңғарияда
оның
мүрагерлері арасында таққа таласқан күрес басталды. Қазақ
сүлтандары жоңғар билеушілерінің өзара алауыздығын шебер
пайдаланып, Жоңғарияның ішкі ісіне жедел араласуы аркасында
Цеван-Раптан мен
Қалден-Серен кезінде
бүрын айырылып
қалған Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандар^ін
қайтарып алуға мүмкіндік алды. Әсіресе қонысы жоңғарлармен
шектесіп жатқан Абылай сүлтан жоңғар оқиғасына ерекше мән
берді. Тақтан үміткерлердің бір-бірімен өзара қырқысуын
пайдаланып, бір кезде, жоңғарлар жаулап алған жердің біраз
бөлігін қайтарып алды.
1755 жылы
Цинь императоры
өз әскерімен Жоңғарияға
басып кірді. Қытайлар барлық аумақты тартып алмақшы болды,
бірақ. Зайсан және Алакөл маңындағы қазақтармен
қақты-
ғысуды жөн көрмеді. 1755 жылы жазда Қазақ хандығындағы
Абылай сүлтанға қытайлар елші жіберді, ондағы мақсаттары
қазақтарға күш көрсету еді. Бірақта Абылай олардың Жоңға-
рияны басып алуын мойындамай, жоңғарлардың қытайларға
қарсы
көтерілісін басқарған Амурсанаға белсене көмектесті.
Қазақ билеушілері Жоңғарияны сақтап қалуды ойластырды,
өйткені, ол Қазақстан мен Қытай сияқты жауласқан екі елдің
арасындағы аралық мемлекет еді. Абылай ханның башқүрттарға
жасаған көмегінде де осындай жасырын мақсат болған еді. 1756
жылы көктемде
қазақ жасақтары қытай әскерлеріне қарсы
барлау жорықтарына шықты. Қытай императоры оған жауап
ретінде Қазақстанды жаулап алуға бүйрық берді. Олар Орта
жүздің қоныстарына екі бағытта - оңтүстік пен шығыстан
шабуыл жасап, қарсыласқан қазақ түрғындарын қырып салмақ-
шы болды. Сонымен қатар, қытай әскері Абылайды сағалап бас
сауғалап жүрген Амурсананы түтқынға алуы тиіс еді. Шығыстан
бері қарай жылжыған жау
әскеріне қарсы
Амурсана мен
Қожаберген батыр бастаған қазақ-жоңғар әскері қарсы шықты.
Абылай мен Бөгенбай батыр оңтүстіктен келетін күшке тосқауыл
жасады. Осылайша, қазақ қолдары екі жақтан келетін қытай
әскерінің бірігуіне бөгет болып, олар күтпеген жерден жауға
түткиылдан шабуыл жасап, тез арада көзден ғайып болды. Үлкен
126
шығындарға үшырап, әлсіреген жау әскерінің екі қанаты Есіл
бойында қыста кездесті.
Қытайлар ат-көліксіз, азық-түліксіз,
елсіз далада қазақ әскерлерінің қоршауында қалды. Тап осындай
жағдайда қытай императорының өз әскерін Қазақ хандығынан
еліне қайтарып алудан басқа амалы қалмады, әйтпесе бүкіл
әскерінен айырылу қаупі төнді. Қытайлар амалсыздан кері
шегінді, 1757 жылдың басында әскери қимыл Жоңғария
аумағына қайта ауысты.
1757 жылы көктемде қытайлар жоңғар мемлекетін талқан-
дап, ойрандады, олардың басым бөлігін
өлтірді, мыңдаған
адамдар қырылды, тіпті олардың жалпы саны миллионнан асуы
да мүмкін. Жоңғарлардың көмегінен айырылған Абылай сүлтан
қытайлармен
жағдайды ушықтырмау үшін Пекинге бітім
жасауға елшілер жіберді. Дәл осы кезде император да Абылай
сүлтанға
елші жіберген болатын. Ол Абылайды хан ретінде
мойындап, орыстарға қарсы бірге одақ қүруға барлық уақыта әзір
екендігін білдірді. Абылай бүл мүмкіндікті Қытай мен Ресейге
қатысты сыртқы саясатта пайдаланып қалуды естен шығармады.
Ресейдің қоластында ресми түрде калған болып, сонымен бір
мезгілде орыстың отарлау саясатына қарсы көмек беруін отініп,
Пекинге бірнеше мәрте елші жіберді.
ХҮІІІ ғасырдың 60-шы жылдарында қытайлар жоңғарлардан
босаған жерге қазақ көшпенділерін жібермеу мақсатында Іле
алқабы мен Тарбағатайда бекіністер сала бастады. 1761 жылы
қытай императоры қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстігі
жағалауында көшіп-қонуына тыйым салған жарлығын шығарды.
Бірақ, бүл жарлықпен ешкім санасқан жоқ, қазақтар Тарбағатай
жайлауын пайдалануды жалғастыра берді. 60-шы жылдардың
екінші жартысында қазақтардың Жоңғарияға келуі жиілеп кетті,
ал Цинь үкіметі 1767 жылы Тарбағатай мен Іле бойына қазақ-
тардың келіп қоныстануына амалсыздан келісім берді. Қытайлар
оның қарымтасына жалға ақы төлеуді және қытай қоластына
өтуді талап етті. XYI1I ғасырдың аяғында Орта және Үлы жүз
қазақтарының бір бөлігі
қытай қоластына кіріп,
шүрайлы
Тарбағатай жайылымын, Іле өзені алқабы мен Моңғол Алтайын
пайдаланды. Бүл аумақтар Қытайдың «Жаңа провинциясы»
Шыңжанның қүрамына кірді.
Сөйтіп, Абылай ханның салиқалы әрі үстамды саясаты
арқасында қазақтар Ресейдің көмегінсіз-ақ, өздерінің күшімен
қытай агрессорларының шабуылын тоқтатып, XYII1 ғасырдың
'27
аяғында Шыңжаңның
шүрайлы жайылымдарын пайдалануға
мүмкіндік алды, нәтижесінде Қазақ хандығындағы жер дағда-
рысы ожептәуір бәсеңдеді. Дегенмен бүл Ресей мен Қытай
арасында қазақ этносының болінуіне әкеп соқтырды.
Абылай
сыртқы жаулармен күресе отырып,
бір мезгілде
қазақ жерін біріктіруге күш салды. Ол 1771 жылы Әбілмәмбеттің
олімінен кейін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде ақ
киізге котеріліп, үш жүздің ортақ ханы сайланды. Абылай хан
(1771-1781) - бүкіл қазақ жерінде беделі оте жоғары болған
соңғы хан. Тек шекараға жақын орналасқан Кіші жүз руларының
азғантай болігін басқарған Әбілхайыр үлдары ғана оның билігін
мойындаған жоқ. Абылай саяси тоуелсіздікті сақтай отырып,
патшаның сый-сияпатынан жоне Петербургке барып ант беруден
бас тартты. Абылай мемлекеттің ішкі мәселесіне ерекше коңіл
болді. Ол жайында Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «Хан
билігін кеңес арқылы шектеп келген ерік-жігері күшті рубасы-
лары мен сүлтандарды баса білген Абылай билердің беделін
түсірмей, олардың пікірлерімен санаскан».
Абылайдың қажымас күш-жігерінің арқасында XY111 ғасыр-
дың соңғы ширегінде Қазақстан этникалық түрғыдан Орталық
Азиядағы ірі феодалдық мемлекеттердің біріне айналып. Цинь.
Ресей тәрізді іргелі империялармен өзара тиімді
қатынастар
орнатты. Абылай басқарып түрғанда
Қазақ хандығы аумағы
жағынан үлкен, өзіндік ерекшелігі бар феодалдык мемлекет
болды. Орталық Азияда бүкіл түркі
әлемінде әскери-саяси
жағынан алып қарағанда, Қазақ хандығындай күшті мемлекет
болған жоқ.
Шежірелерде, халық ауыз әдебиетінде елді басқаратын хан
кеңесі атақты батырлардан, әділдігімен аты аңызға айналған,
елшілік қабілеттерінің күштілігімен ерекшеленетін билерден
қүралғандығы айтылған. Қарапайым халықтан шыққан Бүқар
жырау ханға айтқанын тыңдата білген ең сенімді ақылшы болған.
Қаз дауысты Қазыбек би және оның баска үзеңгілестері ақыл-
кеңестерімен ханға едеуір ықпал жасаған. Олар ханның сенімді
кенесшілері ретінде
оның жүргізген
саясатын түзеп, дүрыс
бағыт сілтеп, билеушінің қаталдығын жүмсартып отырған. Халық
аңызы бойынша ханның откір козі
оңгімелесіп бтырған
айналасындағы адамның оңменінен отеді екен, орі оларды озінің
мысы басып, кез келген жағдайда адамдарды баурап окететін
қасиеті болған.
128
Абылайдың ел басына күн туған кезде, әсіресе қырғыз
манаптары мен қоқан бектерінің тарапынан жиі болатын соғыс
орекеті жағдайында тез жиналатын әрі азиялық тәсілмен
қаруланған әскері болған. ХҮІІІ ғасырдың 60-70 жылдарында
Ресей мен Қытайды есептемегенде, коршілес елдердің ішінде
онымен күші теңтүсетін бірде-бір мемлекет болған емес. Абылай
есімі
қазақ халқының
жадында моңгі сақталған, ол қазак
мемлекетінің кайта орлеуінде, тәуелсіздік үшін күресте орқашан-
да кейінгі үрпаққа үлгі. Абылай хан
1781 жылы Ташкентте
қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде
жерленді.
Абылайдың қазақтар мен жоңғарлар арасында Қытайға қарсы
одакты кеш күруы да, дипломатиялық онері де, жүргізген билігі
де тарихтың дамуын
озгерте алмады.
XY111
ғасырдағы
Қазақстанның тәуелсіздігінен айырылуы тарихи түрғыдан күні
бүрын шешіліп те койылған еді. Қазақстанның Ресейге қосылуы
туралы ортүрлі пікір болғанымен, сол кездегі тарихи жағдай
түрғысынан алғанда, бүл таңдаудың озіндік себептері бар
екендігі созсіз. өйткені, XY1II ғасырда Қытайға қарағанда Ресей
неғүрлым алдыңғы қатарлы дамыған ел болатын. Абылай хан
түбі бол май коймайтын жағдайды ондаған жылдарға
кері
шегерді, бірак ол қайтыс болғаннан соң хан тағына отырған үлы
Уәли әкесі үстаған саясаттан бас тартып, «Ресей үкіметі алдында
адал болуға» берген уодесін орындауға күш салды.
Достарыңызбен бөлісу: |