Жоңғар хандығының үстанған саясаты белгілі еді, ал қазақ
хандарының өзара алауыздығы, үш жүздің басы қосылмай,
қырғи-қабақ болуы жат көздердің назарынан тыс қалған жоқ.
Осының бәрі, сайып келгенде, алыстағы Индия мен Қытайға
шығуға тіке жол іздеген I Петр кезінде басталған Ертіс
бойындағы аймақтарды иелену жоспарын жүзеге асыруды
жеделдету саясаты еді. Бүның бәрі Ресейдің Швециямен арадағы
үзақ жылдарға созылған соғыс әрекеті салдарынан қаржыдан
тапшылық коріп,
енді жаңадан қаржы көзін тауып, елді қайта
қалпына келтіру қажетгігімен де байланысты.
Орыс мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алу мақсатын іс
жүзінде орындауға кірісті. I Петр Кронштадта швед флотымен
болатын теңіздегі шайқасқа шығар алдында шығыста бекіністер
салу жөнінде мәлімдеп, 1717 жылдың 22 мамырында «Әулие
Наталья» кемесінде мынадай жарлыққа қол қойды: «Подпол
ковник И.Д.Бухгольцтің басшылығымен қүм алтыны бар жерді
иелену үшін экспедиция жасақталсын».
1715 жылы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев
көліне жетіп, сол жерде жаңа бекіністің іргетасын қалады. 1716
жылы Омск, 1717 жылы
Железнинск, 1718 жылы- Семипала
тинск, ал 1720 жылы - Усть-Каменогорск бекіністері салынды,
бүл соңғы бекініс Ресейдің Цинь империясымен шекарадағы
оскери-инженерлік ең шеткі бүйірдегі нүктеге орналасқан қүры-
лыс болатын, сондықтан редуттар, маяктар, форттағы қүры-
лыстар арқылы едәуір аймақ бақылауға алынды.
Осы жылы
Ресей бірнеше бекіністер салды, оның ішінде: Чернорец,
Чернояр, Верблюжская, Осморыжская, Убин, Семьяр бекіністері
бар. Бүлар Сібір. Ертіс және Колыбан үш әскери-саяси желілер
бойы үшін негізгі тірек болды.
Осы кезде Беркович-Черкаскийдің экспедициясы
Каспий
теңізінің шығыс жағалауын зерттеп, Арал жағалауын картаға тү-
сірді. I Петр сенаттың көшірме түсірушісі (тіркеушісі) И.Кирил-
ловқа және сыртқы істер Алқасының аудармашысы А.И.Тевке-
левке қазақтарды Ресей қоластына қаратудың жобасын жасауды
тапсырады. Бүл орайда ол Тевкелевке кеңес беріп, егер «ол орда
қоластымызға қарағысы келмесе,
шығын молшері-не қарамастан,
тіпті оған миллион қаржы керек болса да, қалай болған жағдайда
да олар бір парақ қағазға қол қойып, Ресей империясының
протекциясында болуды міндетіне алса болғаны» деген. Бірақ,
I Петрдің өлімі бүл жобаны жүзеге асыруға кедергі жасады. ХҮІІІ
121
ғасырдың басында қазақтар Ресейге бірнеше мәрте елшілер
жіберіп,
онда
орыстардың
иелігіндегі
казактар
мен
башқүрттардың, қалмақтардың
қазақ қоныстарына
шабуыл
жасауын тоқтату талабымен қатар Жоңғарияға қарсы әскери
одақ қүруын үсынды.
Ресей үкіметі бір жағынан қазақтарға
көмек беруге уәде берсе, екінші
жағынан Сібір әкімшілігіне
жоңғармен татулықты бүзбай, қажеті болса олармен сауда-саттық
катынасты дүрыс жолға қоюға тырысу керектігін айтты.
1726, 1730 жылдардағы қазақтардың жоңғарларға қарсы
соғысындағы жеңістері олардың тарапынан болатын қауіпті
бәсеңдетті, дегенмен түтастай алғанда, Қазақстандағы жағдай әлі
де қиын еді. Оның үстіне Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде
Сәмеке (Шахмүхамед), Үлы жүзде Жолбарыс хан бастаған қазак
жүздері арасындағы алауыздық жағдайлар күшейді. Осындай
қиын кезде Кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыстардың қоластына
қарайтындығына ниет білдіріп, Петербургке елші жіберді. Онда
Ресей империясының қоластында болу арқылы Жоңғариямен
жойқын соғысты
аяқтап,
Қазақстандағы қиын жағдайды
пайдаланып отырған ежелгі жаулары
башқүрттармен, орта
азиялық хандармен, сібір казактарымен арадағы күресті тоқтату
мақсаты көзделді. Бүл ыдырай бастаған қазақ одағының сыртқы
саясатындағы күрделі бетбүрыстың бастапқы кезі еді.
1726 жылдың басында Әбілхайыр өзінің елшісі Қойбағар
Көбековты патша үкіметімен келіссөз жасасуға Петербургке
аттандырды. Кіші жүздің қазақ
старшиналарының Ресейдің
сыртқы істер жөніндегі Алқасына жазған хатында еділ қалмак,-
тары сияқты Ресейдің «протекциясында» болсак деген үсыныс
айтылды. Сонымен қатар олар Уфадағы түтқындарды айырбас-
тауға рүқсат сүрап, башқүрттар
мен Жайық казактарының
шабуылынан қорғауды және Жайык, бойында емін-еркін кошіп-
қонуға кепілдік беруін өтінді. Бірақта Жоңғариямен екі арадағы
жағдайдың шиеленісіп кетуінен қауіптенген әрі қазақтарды
қоластына қаратудың қазірше ешқандай пайдасы жоқ екендігін
түсінген
патша
үкіметі
Әбілхайырдың
хатын
жауапсыз
қалдырды. Осымен келіссөз үзіліп, тек 1730 жылы Кіші жүз
старшиналары Жоңғарияға қарсы соғыста Ресеймен әскери одақ
жасасу жөнінде шешім қабылданғаннан соң қайта қолға алынды.
Онда Әбілхайырға тиісті келіссөз жүргізу тапсырылды. Бірақ бүл
келіссөзде ол одақтасу емес, Ресейдің қоластына кіру туралы
үсыныс жасады. Қыркүйек айында батыр Сейтқүл Қойдағүлов
122
пен Қүтлымбет Қоштаев би бастаған қүрамында жеті адамы бар
Әбілхайырдың елшілігі Уфаға барды. Қазан айында Петербургке
жетіп, Ресейдің қоластына қарау
туралы өтінішті қабылдау
жөніндегі жазылған хатты патша Анна Иоанновнаға тапсырды.
Ханның өтініші қанағаттандырылды. 1731 жылы 19 ақпанда
Анна Иоанновна «Әбілхайыр ханға және барлық қазақ халқына
олардың
Ресейдің қоластында болуын қүптайтыны туралы»
грамотаға қол қойды, онда Әбілхайыр хан өзінің қоластындағы
адамдармен Ресейдің қоластында болуы мынадай тармақтар
арқылы жүзеге асатындығы келтірілген:
Достарыңызбен бөлісу: