Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

2.2. Үйсін мемлекеті
Б.з.д. бірінші мыңжылдығының аяқ кезінде Жетісу, Тянь- 
Шань мен Тарбағатай аумақтарында үйсіндердің мемлекеті 
қүрылды.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.д. II ғасырдың аяғында 
кездеседі. Хань сарайы хундарға қарсы күресте одақтастық 
мақсатымен Чжан Цянь бастаған елшілігін «Батыс олкеге» 
аттандырды. Ол Жетісу оңірінде болып, қытай жеріне бірінші рет 
үйсіндер туралы тарихи деректер алып келді. Жетісу мен 
солтүстік Қырғызстан жерінде сэ (сақтар) және юечж тайпалары 
түрды.
Мысалы, «Ханьшуда» былай делінеді: «Алғашқы кезде бүл ел 
(үйсін) сэ (сдқ) халқына жатқызылды. Үлкен юечждер сэ-нің 
билеушісін талқандап, қуып шықты. Ол оңтүстікке ығысты. 
Үлкен юечждер оның жеріне қоныстанды. Содан кейін үйсін 
гуньмо үлкен юечждерге шабуыл жасап, оларды талқандады, 
оздері батыска қоныс аударды, сосын Дасьті (Бактрияны) 
бағындырды». Осылай үйсін халқының қаны сэ және үлкен 
юечждермен араласып кетті.
Үйсіндерде мемлекет билеушісін гуньмо деп атады. Үйсін 
гуньмосының ордасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы Ыстықкол 
жағалауында болды. Үйсін мемлекетінің күш-қуатының кандай 
болғанын мынадан коруге болады: Үйсін гуньмосы Қытай 
ханшасына үйленді немесе қызы қытай билеушісіне түрмысқа 
шықты. Б.з. V ғасырының бас кезінде үйсін атауы тарихи 
моліметтерде кездеспейді. «Үйсін» этнонимі әлі күнге дейін 
сакталып келе жатқанын айта кеткен жон. Қазақтардың Үлы 
Жүзінің бір руы үйсін деп аталады.
19


Ерте кездегі Жетісу үйсіндері төрт түлік мал өсірді. Олар мал 
шаруашылығына айырықша көңіл бөлді, жайылымдар мен таудағы 
жайлауды маусымды пайдалану жүйесін енгізді. Қазбалардан 
алынған остеологиялық (сүйек) материалдар үйсіндердің жартылай 
көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандарын көрсетеді. 
Жетісудың ертедегі үйсіндері үй жануарларын, атап айтканда, кой, 
жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек үстаған. Жылқы 
шаруашылығы жақсы дамыды, асыл түқымды сәйгүліктері болды, 
көрші елдер бүл жылқылардың жүйріктігі мен шыдамдылығын 
жоғары бағалады. Теңлік қорғанынан табылған салтаттының 
бейнесі салынған алтын пластинкалар үйсін жылқыларының 
түқымының қандай болғанын көрсетеді. Суретке қарағанда 
аттардың бойы биік, дене бітімі шымыр, басы үлкен болғанын 
байқаймыз, ал қүйрық-жалдары өрілген немесе күзелген болып 
келеді.
Мал шаруашылығымен қатар бүл өңірде егін шаруашылығы да 
дамыды. Өсімдіктерден жасалған тағамдарды үйсіндер күнделікті 
қоректенетін азықтарында пайдаланылған. Ақтастағы қыстақ- 
қоныс бөлмежайында бүтін 11, сынған 15 дән үккіш табылды. 
Оның бәрі де үзак уақыт бойы пайдаланғандықтан әбден тозығы 
жеткен. 
Б.з.Ш-IV 
ғасырларында 
суармалы 
егіншілік 
пен 
диқаншылық одан әрі дами түсті. Үйсін қоғамында мүліктік және 
әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы 
өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге 
жеке меншік болғандығын жазба әдебиеттер дәлелдейді. Үйсін 
қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық 
қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандары үш түрге 
бөлінеді: диаметрі 50-80 м. және биіктігі 10-12 м.; екіншісінің 
диаметрі 15-20 м. және биіктігі 1 м.; үшіншісі 
аздаған топырақ 
үйілген, диаметрі 10-15 м. және биіктігі 30-50 см.
Үйсін 
мемлекетінің 
қалыптасуы 
туралы 
айтқанда. 
әдебиеттердің көпшілігінде «Усун-го» 
үйсін мемлекеті және 
«Син-го» -көшпелі мемлекет деген терминдер қолданылады, ал 
«Бу-цзу» -тайпа, тайпалық одақ термині 
сирек кездеседі. 
Сонымен б.з. ІІІ-Ү ғасырларында үйсін қоғамында таптық 
қатынастар мен мемлекеттілік қалыптасқан деп айта аламыз.
20


2.3. Хун және гүндардмн мемлекеті
Жазба одебиеттерде хундар туралы деректер алгаш рет б.з.д. 
822 жылы кездеседі. бүл олардың Қытайга жоГікын шабуылы 
кезімен тұспа-тұс келеді. Қазакстан мен Орта Азияда носілдік. 
этникалык жэне мәдени жагдайлардың күрт өзгеруі Шыгыстан 
ығыскан халыктардың Үлы коныс аударуымен байланысты, оган
б.з.д. 111 гасырдың аяғында - II гасырдың басында кұрылган 
хундардың империясы түрткі болды. Адамзат тарихында үлкен 
рөл аткарган хундар мемлекеті шыгыста Үлы мұхиттан, батыста 
Гарбагатайга дейінгі аумакка созылып жатты. Хундар (казіргі 
кытай 
транскрипциясында 
-сюнну) 
ерте 
түркі 
тілдес 
монголоидтар болган. Б.з.д. V ғасырга таман олар Оңтүстік 
Монголия мен Ордоста коныстанды. Б.з.д. Ill гасырда х\ндар 
шабуылының күшейгені соншалык, кытай императорын Үлы 
корганды түргызуга мэжбүр етті.
Б.з.д. Ill гасырдың аягында хундарда мемлекеттің негізі 
каланды. Сыма Цянь бүл окиганы былайша баяндайды: «Бүл 
кезде хунда шаньюй Тоумань болды. Оның екі әйелінен екі үлы 
бар еді. Ол үлкені Маодуньді (Мөдені) жаксы көрмеді, ал кішісін 
бауырына тартып. бабаларының заңын аттап өтіп, оны өзінің 
мүрагері етуге тырысты. Үлкен үлы бөгет жасап қарсыласпа>ы 
үшін Тоумань оны юечждерге аманат ретінде берді. Маодуньнің 
өгей шешесі юечжи тайпасынан болатын. Жасөспірім Маодхнь 
акылды эрі батыл еді. ол әкесінің ойын түсініп койды. Алгашкы 
мүмкіндікті пайдаланган ол кашып шығып. өзінің туган жеріне 
кайта оралды». Бүл кезеңде хундар туыскан рулардың одагы 
ретінде көсемдерін сайлап коятын. Б.з.д. 209 жылы Маодунь 
«жогары мәртебелі» шаньюй болды және хун мемлекетін күруга 
белсене кірісті. Маодунь өз иелігіндегі орталыкты баскаруды 
колына алды да, ал шыгыс жэне батыс аймактагы иелігін озінің 
жакын туыстары ішінен тагайындаган билеушілерге берді.
Маодуньнің әскері жеңілудің не екенін білмеді. Үрыс 
даласында оны үш отрядка -орталык жэне екі канатка бөлді
оның әркайсысы өзінің міндетін жаксы білді. Аз уакыттың ішінде 
Маодунь әскерлері солгүстікте Байкалга дейін, батыста Шыгыс 
Түркістанға дейін. шығыста Ляох өзеніне дейін. оңтүстікге Қытай
21


жеріне дейін жетті. Б.з.д. 177 жылы Маодунь олі де куатты 
үйсіндерге қарсы жорық жасады. Үйсіндер және оларға шектес 
Шығыс Түркістанның 36 князьдігі хундарға бағынды. Маодунь 
орасан зор жер аумағы мен сандаған халықтарға билік жүргізді. 
Хундар Қытай империясы Хань үшін ең кауіпті қатерге айналды. 
Кошпенділерге талдан тоқылған богеттер мен терең орлар да. 
берік қамалдар да ешқандай богет бола алмады. Тіпті түғыры 
берік, әрі салуы қымбатқа түскен, арнайы қорғанысқа салынған 
Қытайдың Үлы қорғанының озі кошпенділерден корғануда түкке 
жарамай қалды. Хундар алға қойған стратегиялық жаулаушылық 
мақсаттарының бәрін орындады, Орталық Азия мен Оңтүстік 
Сібірдің халықтарын бағындырды, Шығыс Түркістан аркылы 
отетін Үлы Жібек жолына бақылау жасады, қытай империясымен 
«бейбітшілік және туысқандық туралы» келісім-шарт жасап, 
соның негізінде қытай империясы хундарға алым-салық төледі. 
Өздерін жоғары үстайтын қытайлар үшін «адам келбетті және 
арыстан жүректі» хундардың өктемдігінен асқан қорлық болған 
жоқ.
Алайда хундар мемлекетінің іргесі берік болмады, б.з.д. 1 
ғасырында ол ішкі бақталастықтар мен қырқысулардан кейін 
олсірей бастады. Б.з.д. 47 жылы хундар оңтүстік пен солтүстікте 
ыдырады. 
Оңтүстік 
хундарда шаньюй 
болып 
Қытайды
«жарылқаушы» көретін Хуханье билік басына келді, ал солтүстік 
хундарға орта азиялык тайпалармен одаққа кірген оның інісі 
Чжи-Чжи басшылық етіп, батысқа қарай кошті. II ғасырдың 
бірінші жартысында хундар алдымен Шығыс Қазақстан мен 
Жетісуға коныс аударды, онда олар V ғасырға дейін омір сүрген 
Юэбань мемлекетін қүрды, ал содан кейін Батыс Сібірдің угор 
тайпаларымен бірге Жайық бойына, Каспий жағалауы мен Еділ 
маңындағы далаға көшті. Бүл процесс қауырт қимылмен 
басталып, 300 жылға созылды. Бүл «халықтардың үлы қоныс 
аударуы» болды, кошпенділердің ор алуан этникалық күрамы 
Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы қозғалды. Сойтіп, 
жаңа этнос пайда болды. оны біз хүндардан ерекшелігі ғүндар 
деп атайтын боламыз. Оларды батыс одебиеттері солай аталған.
375 жылы 
ғүндар Баламбердің бастауымен томенгі Гди 
бойының далаларын басып, Доннан отіп, остготтардың одағын 
талқандады. Ғүндар біртіндеп батысқа қарай жылжи берді, 
Шығыс-Рпм империясының шекарасына талай морте шабчыл 
жасады. 395 жылы олар Константинополь қаласына жетіп.


Закавказье мен Месопотамияға түтқиылдан шабуыл жасады. 
Әсіресе ғүндар Ругила патшалық қүрып түрған кезде Рим 
мемлекетіне (V ғасырдың басында) шабуылы күшейді, ол сол 
кезде бай саналған 
Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін 
жаулап алды. Содан бастап Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) 
ғүн мемлекетінің орталығы болды. Шығыс-Римнің императоры 
Ругилаға жыл сайын 350 фунт алтын толеуге міндетті болды.
434 жылы Ругила қайтыс болғаннан соң мемлекет билігі оның 
немере ағасы Мундзактың үлдары - Бледа мен Атиллаға (Еділ) 
ауысады. 437 жылы ғүндар Бургунд корольдігін талқандайды -
бүл оқиға «Нибелунгтар туралы жыр» (Песни о Нибелунгах) 
туындысының сюжетіне арқау болған. Бургундка ғүндардың 
шабуылы туралы халыктың ауыз одебиетіне жататын бүл аңыз 
кейін ортағасырда оңделіп, бір жүйеге келтірілді. Осы шығарма 
Рихард 
Вагнердің 
«Нибелунгтардың 
қоршауы» 
(Кольцо 
Нибелунгов) драмасында корініс тапқан.
445 жылы Аттила озінің бауыры Бледаны олтіріп, жеке билік 
тізгінін қолына алды. Ол озінің бірінші шабуылын Шығыс-Рим 
империясын талқандауға бағыттады, оларды жыл сайын алым- 
салык төлеп түруға мәжбүр етті. Германдықтармен және 
римдіктермен біресе соғысып, біресе одақтасқан Атилла акыр 
соңында Каталун даласында (451 ж.) қатты жеңіліске үшырады. 
Бірақта келесі жылы оның әскері Римге келді және императорды 
астанадан кашып кетуге мәжбүр етті. I Лев бастаған римдік 
елшілік 
Аттиланы моңгілік қаланы (Римді) талкандау мен 
талауға түсіру ниетінен қайтарды. Аттиланың олімінен кейін 453 
жылы оның мемлекеті хазар, утургуй (кутургур), сабир торізді 
жекелеген иеліктерге ыдырап кетті.
Хундар 
қоғамының 
шаруашылық 
омірі, 
экономикасы, 
әлеуметтік қүрылымы, саяси жүйесі кошпенділерге тән еді. 
Хундардың негізгі кәсібі 
кошпелі мал шаруашылыгы болды. 
Сыма Цянь былай деп жазды: «Қытайдың солтүстік жағын 
қоныстанған олар оздерінің малдарымен бір жайылымнан 
екіншісіне ауысып отырады. Үй малдарынан жылқыны, ірі қара 
және үсақ малдарды өсіреді; түйе, есек үстайды. Су мен 
жайылымға 
байланысты 
бір 
жерден 
екіншісіне 
көшеді. 
Билеушілерінен бастап бәрі де мал етімен қоректенеді, малдың 
терісінен киім тігеді, жүннен жасалған корпелер мен бағалы аң 
терісін жамылады.» Әсіресе хундардың тіршілігінде жылқының 
орны ерекше. Қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланады. Қойдың
23


терісі мен жүнінен киім-кешек, аяқ киімдер тіпп, жүнді түтіп, 
одан киіз басты. Забайкальедегі Ниже-Иволгинское қалашығын 
қазу кезінде сазбен сыланған еденге сабанның қосылғандығы 
анықталды. Осы жерден тарының дәні, шойын бүйым, темір 
орақ, тастан жасалған дән үккіштер мен дән сақтайтын үралар 
табылды. 
Мүның 
өзі 
ғүндардың 
шаруашылығында 
егін 
шаруашылығының рөлі айтарлықтай болғанын көрсетеді.
Хундар қоғамының әлеуметтік қүрылымы өте күрделі болды. 
Мемлекетті колында шексіз билігі бар шаньюй басқарды. Оны 
«аспанның үлы» деп атады, ал оны ресми түрде «аспан мен 
жерден жаралған, Күн мен Айдың өкілі, үлы ғүн шаньюйі» деп 
мадақтады. Хунну қоғамында орталық билік қанша мықты 
күшейгенімен халықтық билікте ақсақалдар кеңесі әлсірей 
қойған жоқ. Жылына үш рет Айға (Лунца) табыну үшін жиналу 
дәстүрі болды, бүл жиында аспан рухына қүрбандық шалды. 
Шаньюй мемлекет аумағына, хундарға қарайтын барлық жерге 
билік жүргізіп, олардың қорғалуын қамтамасыз етті. Биліктің 
келесі сатысын оның кеңесшілері, әскери қолбасшылар иемденді. 
Үшінші позицияда белгілі бір аумақты басқаратын шаньюйдің 
туысқандары түрды. Бүлар 24 адам басқаратын онмыңдықтар 
болды. Оларды шаньюйдің өзі тағайындады. Ол бүларға 
түрғындармен бірге аумақтарды бөліп берді. Ер адамдардың 
негізгі міндеті әскери қызмет ету. Хундар қоғамының билеуші 
табы рулық-тайпалық тектілерден қүралды. Бірақ, сол кездің 
өзінде-ақ тектілер қүлдар үстады. Сөйтіп, Еуразияның көшпелі 
және отырықшы халықтарының басым көпшілігін біріктірген 
ғүндардың империясы өзінің ішкі жағдайындағы қайшылықтар 
негізінде ыдырап кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет