11 ТА PA У
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
(б.з.д.УІІІ б.з.У ғғ.)
2.1. Сактардың тайпалык одағы
Ежелгі түрғындардың далалық, таулы-далалық жоне жарты-
лай шолейт аймақтарды игеруі біздің заманымызға дейінгі
бірінші
мыңжылдықтың басында басталған.
Бүл дәуірде
еуразиялық даланың тайпалары шаруашылык жүргізудің жаңа
нысаны - экстенсивті мал шаруашылығын дамытуды колға алды.
Мыңжылдықтың бас кезінде Қазақстанның даласында. жартылай
шолейт және таулы аудандарда кошпелі мал шаруашылығы
негізгі шаруашылыққа айналып, оны оркендетуге үлкен мән
берілді. Қазақстанның кошпелі тайпалары б.з.д. 1 мыңжылды-
ғындағы ежелгі дүние тарихында елеулі рөл атқарды, сондықтан
да ол саяхатшылардың, тарихшылардыті, географтардың назарын
өзіне аударды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын
тайпалардың болтаны туралы тарихи дерек коне шығарма
Авестада кездеседі. Онда Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық
көшпелі тайпаларын «турлар» деп атаған. Кейбір зерттеушілер
«турларды» коне грек жазбаларынан белгілі массагет тайпала-
рымен байланыстыра қарайды. Коне парсы сына жазбаларының
мәтінінде шығыс ирандық тайпалардың жалпы атауы Saka деп
аталады. Коне парсы жазбаларында сақ тайпаларының үш тобы
келтіріледі, олар атап айтқанда, хаомоварга-сақтары, хаоманы
(сусын) дайындайтындар; парадарайа-сақтары, теңіз бойында
немесе озен жағалауындағы сақтар; тиграхауда-сақтары, шошақ
бөрік киетіндер. Бүл тайпалардың нақты қай жерде түрғанын
казір дәл айта қою қиын, ойткені, ертедегі авторлар еңбектерінде
ғылыми географиялық сілтеме келтірмеген. Бірқатар зерттеуші-
лердің пікірі бойынша, парадарайа-сақтары Арал бойында,
Сырдария мен Әмударияның томенгі ағысында және Солтүстік
Қара теңіз жағалауларында қоныстанған; тиграхауда-сақтары -
Жетісу мен Тянь-Шань аймағында; хаомоварга-сақтары - Мургаб
алқабында Солтүстік Ауғанстанды мекен еткен. Қазакстанның
белгілі
археологы.
профессор
К.А.Ақышевтің
пікірінше,
тнграхауда-сақтары
парсы
жазбаларында
кездесетін
15
ортокарибанти скифтеріне үқсайды, себебі бүл соз «шошак
борікті сақтар» деген мағынаны білдірген.
Сына жазбаларының бірқатар этнонимдері грек шежіреші-
лерінің жазбаларында кездесетін тайпалардың атауымен сәйкес
келеді. Мысалы, Геродот айтқан ортокарбинти тиграхауда-
сақтарына, амюргийлік сақтар - хаомоваргаға, ал даи -
Авестаның және Ксеркстің жазбаларындағы дах тайпаларына сай
келеді. Бірақ. грек одебиеттерінде ахеменидтік сына жазуларда
кездеспейтін баска да есімдер, этап айтқанда, массагеттер,
савроматар (кейін сарматтар), аргиппей, аримаспылар, ассиялар,
пассиандар, сакараулдар (сакарауктар) және т.б. бар.
«Тарихтың атасы» Геродот (б.з.д. 484-425 жж.) былай деп
жазған: «Азияда түратын скиф-кошпенділері массагеттермен
соғыс кезінде ығыстырылып, Аракс (Әмудария) озенінен отіп,
Киммерий жеріне (Қара теңіз жағалауы. -
Г.К.)
кетті.
Гиперборлардан басқасы, аримаспалардан бастап оздерінің
көршілеріне үздіксіз шапқыншылық жасады, соның нэтижесінде
аримаспалар исседондарды, исседондар скифтерді оз жерінен
ығыстырып жіберді, ал оңтүстік теңіз жағалауында мекендейтін
киммерийлер скифтердің шабуылынан кейін елін тастап кетті».
Егер бүл оқиғалардың
б.з.д. VI11-VII ғасырларда болғанын
ескерсек, онда біз исседондардың Орталық Қазақстаннан
Жетісудың оңтүстігіне қоныс аударғаны туралы археологиялық
деректер дәлелдеген оте қүнды тарихи фактіге қол жеткіземіз.
Қазақстанның көшпенділері ежелгі дүниенің саяси оқиғала-
рына белсенді түрде қатысқан. Б.з.д. V ғасырдың орта шенінде
парсы патшасы Кир Арал бойындағы Томирис ханша бплік
қүрған сақтарды бағындырып алғысы келген. Кир әскерімен
Сырдарияға жақындап келіп, сақ-массагеттерді бағындыруды
ойлап Томириске елшілер жіберді. Алайда кошпенділердің
патшасы келіссоз жүргізуден бас таргты. Б.з.д. 530 жылы Сырда-
рияда қантогіс шайқастар болды, онда парсылар сүмдық
жеңіліске үшырады. Аңызға сүйенсек, Томирис меске қан
толтырып, оған Кирдің басын салып түрып: «Сен қанқүмар едің,
енді тоя іш!» депті.
Кирдің Орта Азияны жаулап алмақшы болған жорыгын I
Дарий (б.з.д. 521-486 жж.) жалғастырды. Ол жекелеген сак
тайпаларын, оның ішінде хаомоварга мен ассияларды уақьггша
бағындыруға қол жеткізді. Оларға алым-салык салды, бірақ бүл
түрақты түрде алынбай, кобінесе сыйлык ретінде берілді. і рек-
16
тарихшысы Полиен сақ-массагеттердің парсылармен шайка-
сының бір қызықты түсын былайша баяндайды. Ширак есімді бір
сақ өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп, жау жағына отеді, оларға
озіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады. Енді озін
“өкпелеткендерден” кегін алмақшы екендігін айтады, оның
мақсаты жауды сусыз шол далаға бастап апарып, қырғынға
үшырату еді. Ол бүл мақсатын жүзеге асырады.
Одан кейінгі кезеңде сақ тайпалары Орта Азия мен Орта
Шығыстың тағдырында маңызды рол атқарады. Атап айтқанда,
олар Парфян мемлекетін қүруға, 'Грек-Бактрий патшалығын
талқандауға және б.з.д. III ғасырда -б.з. III ғасырында Орталық
Азия тарихында маңызды рол атқарған Кушан империясын
қүруда маңызды рол атқарды.
Сақ дәуірінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығының
негізгі үш түрі пайда болды. Оның біріншісі шолейт аймақтарда
орналасқан, егін өсірумен және пішен шабумен айналысуға
мүмкіндігі
жоқ - көшпелі
мал
шаруашылығы.
Мүндай
аймақтарда негізінен жылқы, түйе, қой өсірілді, ал ірі қараның
саны аз болды. Темір ғасырының бас кезінде түрғындардың
басым бөлігі жыл бойына далада тіршілік етті, оны Орталық жоне
Батыс Қазақстан даласынан табылған қүнды деректер мен рулық
зираттардың көптігі дәлелдей түседі.
Мал шаруашылығының дамыған екінші түрі - жартылай
көшпелі мал шаруашылығы. Көшіп-қонудың радиусы мүнда
онша үлкен болған жоқ, өйткені, жайылымдар жақын орналасты.
Түрақты
түрғын-жайлар
мен
шаруашылық
қүрылыстары
салынды. Соның нәтижесінде ірі қараны өсіруге мүмкіндік туды.
Мал шаруашылығының үшінші түрі
отырықшы мал
шаруашылығы Қаратаудың оңтүстік жоталарында кеңінен қанат
жайды. Бүл өңір Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығы,
Талас, Арыс, Шу және Іле өзендерінің жағалаулары болатын.
Осы аудандардың түрғындары отырықшылыққа бет бүрып, егін
шаруашылығы мен бау-бақша осіруге ерекше коңіл болді. Мал
шаруашылығы мен егін шаруашылығынан басқа бірқатар скиф-
сак тайпаларында аң мен балык аулау қатар дамыды. Бүлар
қосалқы шаруашылық ретінде болды.
Бүл кезеңнің
саяси жүйесі ерекшеліктерінің бірі билікті
дәріптеу, сакрализациялау еді. Тайпалар одағын патша басқарды,
ол соғыс және бейбітшілік мәселелерін.. шешті, сондай-ак
елшілерді жіберу және оларды
қабылдаумен айналысты.
тайпалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырды.
Патша белгілі бір рудан шықты және ол ру қасиетті саналды.
Сақтар патша елді күдайдың әмірімен басқарады деп ойлады, сак
билеушілерінің абыздық функциясын да осымен байланыстырды.
Тайпалардың жоғарғы билеушілері көбіне әйелдер болды.
Патшалық биліктің тірегін «күшті ерлер» - әскери-тайпалык
аксүйектер қүрды. Одан кейінгі кезекте бүқара халық -
қатардағы жауынгер-қауымы түрған. Мінетін аты жоқ жарлылар
соғыс жағдайында жаяу әскер қатарында қызмет етті.
Алғашқы кауымдық қоғам ыдыраған кезеңде жаңадан
күрылған тайпалық одақтар әлеуметтік қүрылыстың неғүрлым
жетілген түріне айналды. Сактардың жасаған жоғары мәдениеті
орасан зор аумақты алып жаткан Шығыс Еуропаға, Батыс жоне
Орталык Азияға айырықша ықпалын тигізді. Сақ мәдениетінің
аукымы Солтүстік Қара теңіз, Қырым жоне Еуразиялық далалық
аймақтармен бірге Орталык Азия мен Еуропаның арасын
байланыстырып жатты. Сол кезеңнің саяси
жағдайында
сақтардың ролі қандай жоғары болса, сак мәдениеті де өзгелерге
Караганда кош ілгері болды. Іле озені бойындағы Бесшатыр
обасын (б.з.д. 5 ғ.), Есік қорғанын (Алматының шығыс жағында
55 шақырым
қашықтықта), Алтайдың Пазырық және Берел
қорғандарын
қазу
барысында
кезіккен
архитектуралык
күрылыстар, сақ «пирамидалары», сол қоғамның байлығы кімді
болса да таңқалдырады, осы арқылы Қазақстанның ертедегі
кошпенділерінің тарихына жаңаша қарауға әрі оны әділ
бағалауға тура келеді. «Алтын адамның» табылуы шын монінде
күтпеген ғылыми жаңалық еді. Есік қорғаны сақтардың зергерлік
онерінің (4000-нан аса жоғары көркемдік деңгейдегі алтын
бүйымдар) кандай болғанын бүкіл олемге паш етті. «Алтын
адамның» ошекейлері
сақ мифологиясы мен дүниетанымының
озіндік
ерекшелігі бар знциклопедиясы. Есік қорғанының
материалдары сақ қоғамының олеуметтік қүрылымының сипатын
түсінуге комектеседі. Әсіресе күміс тостағандағы 26 руна торізді
ғаріптен түратын жазу ерекше маңызға ие, окінішке орай ол әлі
күнге оқылған жоқ. Есік корғанында б.з.д. IV гасырда омір
сүрген сак тайпаларының бекзадасы жерленген.
Археологиялық материалдар Қазақстан аумағында болған
тайпалардың сол кезеңде анимизм, тотемизм жоне магия торізді
діни наным- сенімдермен қатар күн мен отқа да табынганын
долелдейді, бүл ежелгі авторлардың шығармалары мен коне иран
18
жазбаларында
кездесетін
деректермен
сәйкес
келеді.
Антропологтардың мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанның
ежелгі түрғындары еуропеоид болды деген қорытынды жасауға
болады. Бірақта шығыстан моңғол тектес тайпалардың келуіне
байланысты бірқатар озгерістер болғаны байқалады. Сақтар
шығыс ирандық тілдерде жоне диалектілерде сойледі. Бүл
кезеңде
шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ескі түркі
тілдерін қолдану жүзеге аса бастағаны анық. Тап осы аймақтарда
археологтар коне руна жазбаларын тапты, ал мүның озі сақ
тайпаларының кезінде әлеуметтік және мәдени дамуының
деңгейі оте жоғары болғандығын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |