юечжи бөлігі жужандармен
болған соғыстың нәтижесінде
оңтүстік-батысқа, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға карай
жылжыды. Олардың бастаушы
көсемі
Кидар кидариттер
мемлекетінің «Кушаншах» атағын қабылдады. Кидариттер
эфталиттер және Византиямен үштік
одақта болып, Иран-Индия
одағына қарсы шыққаны белгілі. 468 жылы Кидардың мүрагері
Кунгха өзінің астанасында ирандардан жеңіліп, біржолата тізе
бүкті, содан кейін кидариттер мемлекеті жойылды.
Хиониттер. Қаңлылар мемлекетінің әлсіреуі мен қүлауы
Арал жағалауында түратын олардың бүрынғы бодандары хундар
немесе хиониттердің нығаюына алып келді. 356-357 жылдары
хиониттер Оңтүстік Қазақстанда қуатты мемлекет қүрып, Иранға
қарсы шықты, бірақ екі жылдан кейін олардың патшасы Грумбат
Иранмен одақтасты. IV ғасырдың 70-ші жылдарында хиониттер
тәуелсіздік алды. 563 жылы хиониттер түркілерден
жеңіліп
қалған кезде оның елшілігі Константинопольде болғаны белгілі.
28