өте көп. Хан жалтыраған алтын түспен өрнектелген кең шатырда
түрады. Оның касындағылары да әдемі киінген, олар хан алдында
екі қатар болып отыр, ал қарауыл күзет ханның артында түр. Хан
ерекше мәнер мен таңғалдыратын салтанатқа ие».
Әр алуан елдерде болған Сюань Цзанды түрік сарайындағы
жарқылдаған көздің жауын алатын көріністер мен байлық,
керемет рәсім,
салтанатты қабылдау, қытай және басқа тілдерді
кереметтей білу таңғалдырды. Бірақ мүның бәрі қуатты түрік
қағанының сыртқы көрінісі еді.
Тон-жабғу (618-630) қағанаттың батыстағы саясатын белсенді
жүргізіп, өзінің қысқы ордасын Суябқа - Шу өзені бойындағы ірі
сауда-қолөнер орталығына, ал жазғы ордасын Исфиджабқа жақын
мандаты Мыңбүлаққа көшірді. Жаңадан жасалған жорықтар
шекараны Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукшқа дейін
созды. Тон-жабғу ордасы Қүндызда болған, оңтүстікті (Тохари-
станды) басқаруды өзінің үлы Тарду-шадқа берді. 627-628
жылдары Тон-жабғу озінің әскерлерімен Ираклийге, Византия
императорына, Кавказға жасалған жорықтарға тікелей озі қатысты.
Түріктер Чоре (Дербент) мен Тифлисті
басып алғанда мол олжаға
кенелді.Тон-жабғу қағанының ғажайып табысы оның Тифлис
қабырғасында Ираклиймен кездесуі болды, сол
кездесуде
Византия императоры түрік қағанатының басшысына өзінің тәжін
үсынып, оған өзінің қызы - ханша Евдокияны беруге уәде етті.
Тон-жабғудың жорығы Орта Азияда да табысты болды, онда ол
солтүстігінде
Жетісудан
бастап
оңтүстік
Ауғанстан
мен
оңтүстігінде солтүстік-батыс Пәкстанға дейін билігін күшейтті.
Батыс-түрік қағанатының мемлекеттік жүйесіне кіретін жергілікті
иран вассалдарына түріктің титулдары берілді. Тон-жабғу Орта
Азияда «өзін әлемнің мықтысы санағандармен» жеке байланыс
орнатып, беделі күшті Самарқандтың билеушісіне өзінің қызын
берді. Тон-жабғу патшалық қүрып түрған кезде «ешқашанда
мүндай қүдыреттілік болған жоқ» деп жазады шежіреші.
Бірақта
мүндай шарықтау үзаққа созыла қойған жоқ. Өкінішке орай тарих
қайталанып, Батыс-қағанаты өзінен бүрынғылар басынан кешірген
сәтсіздікке үшырады. Мемлекет үзаққа созылған саяси дағдарысқа
түсті, оның басты себебі батыс-түрік қағанатының тайпалық
одағын қүрайтын дулу мен мен нушиби -екі конфедерацияның
ақсүйектері билікке таласты.
Шығыс қағанаты Қытайға бағынғаннан кейін императорлық
әскерлер батыс түріктің шекарасына шоғырланды. «Он оқ» өскері
33
жеңіліске үіііырады, ал олардың соңғы тәуелсіз билеушісі Нивар-
Ешбара-жабғу қаған түтқынға алынып, екі жылдан кейін, яғни
659 жылы қайтыс болды. Тек осы жеңілістен кейін арада 40 жыл
өткесін түріктер күш жинап, бәрін қайта бастады. VII ғасырдың
80-ші жылдарында шығыс түріктері Қүтлықтың бастауымен
бірікті,содан кейін өздерінің бүрынғы
иеліктерін қайта жаулап
алуға үмтылды. Қүтлық Елтеріс-қаған лауазымына, яғни
«халықтарды біріктіруші» деген атаққа ие болды. Оның ісін інісі
Қапаған-қаған (691-716) және үлдары Білге-қаған және Күлтегін
жалғастырды. Аз уақыт ішінде ол қуатты мемлекетке айналып,
Қытай мен батыс түріктерді қайтадан бағындырды.
Батыс түрік қағанының мемлекетінде бірінші түлға жоғары
билеуші - қаған, басқарушы, өскери қолбасшы болды. Қағанатта
әр кездері бірнеше қағандар болса, олардың өкілеттіктері әркелкі
дәрежеде кездесті. Қаған мемлекеттің ішкі-сыртқы істерінің
бәріне
басшылық етіп, ақсақалдар (рубасылары) кеңесін бекітті.
Қаған тек әМірші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық
жерінің меншік иесі де болды. Бірақта көшпелі қоғам
жағдайында билік негізінен жерге емес, оны пайдаланушы
адамдар үжымында жүргізілді. Мемлекетте қағаннан кейін екінші
түлға үлық еді. Қағанатта жоғарғы атақ - жабғу, шад және
елтебер - қаған руынан шыққандарға тиесілі болды: олар қағанға
қарайтын бағынышты тайпалардың
билеушісі және қағанның
өкілдері дөрежесін иеленді. Сот қызметін бүйрықтар, тархандар
атқарды. Бектер - тайпалардың басшылары мен өкілдері,
жергілікті жердегі ақсүйектердің басты тірегі. Отбасында қүл
үстаушылық болды. Түрғындардың негізгі бөлігі еркін қауым-
дық-малшылардан түрды. Шаруашылық түрғыдан алып кара-
ганда, ертедегі түрік кезеңі Үлы дала төсінде бір-біріне теңесе
қоймайтын көшпелі және жартылай көшпелі елде мал шаруашы-
лығы мен отырықшы-егін шаруашылығы сияқты екі саладан
түратын бірыңғай жүйені қамтыды. Қала мен дала белгілі бір
жағдайда бір-бірін толықтырып, бүл мемлекеттің нығаюына өсер
етті. Қала түрғындары үшін
тыныштық керек болды, ал оған
жауынгер қорғаушылар кепілдік берді.
Достарыңызбен бөлісу: