25
Интеграция мен аяқталу категориясын ғалымдардың бәрі бірдей бӛле
бермейді. И. Р. Гальперин интеграция
категориясын да, аяқталу категориясын
да бӛліп, сабақтастыра сипаттайды. З. Я. Тураева интеграция категориясы, Т. В.
Матвеева аяқталу категориясы туралы айтады.
Біз интеграцияның да, аяқталудың да категориясын И. В.
Арнольд, И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, З. Я.
Тураеваның еңбектерінде берілген зерттеулерді ескере отырып, қарастырамыз,
себебі мәтінді интеграциялаудың
әр кезеңі ерекше қызықты, сондықтан, біздің
ойымызша, мәтінге, әсіресе кӛркем мәтінге одан әрі талдауды барынша кәсіби
жүргізу үшін тиянақты сипатталуы тиіс.
Мәтінге қатысты интеграция – әрі үдеріс, әрі нәтиже. Жекелеген күрделі
фразалық тұтастық мағыналарын, жекелеген тараулардың мазмұнын және
ӛзгелерін бір тұтастыққа біріктіре келіп, интеграция бұл бӛлімдердің
қатысты
автосемантиясын бейтараптандырып, оларды шығармада жинақталған ортақ
ақпаратқа бағындырады.
Интеграция мәтін жүйесінің ӛзінде беріліп, онда даму барысына қарай
туындайды. Мәтіннің бӛлінбес
категориясы болғандықтан, ол мазмұндық-
фактуальды, ең бастысы мазмұндық-концептуалды ақпаратты сабақтастыра
пайымдауды қамтамасыз етеді.
Интеграция үдерісінде ең бастысы-мәтін бӛліктерінің орталыққа
ұмтылушылығы. «Орталық» мазмұндық-концептуалды ақпарат.
Интеграция
үдерісінің ӛзі мазмұндық-концептуалды ақпарат үшін елеулі мәтін бӛлімдерін
іріктеуді керек етеді.
Интеграцияның күші оларды кейде ӛздерінде айтылған этикалық
принциптері немесе кӛркем-эстетикалық
функциялары бойынша тең мәнді
немесе жақын жағдайға қойып, бӛлімдердің ӛзара шарттылығын ашуда.
И. Р. Гальперин когезия мен интеграция
категорияларының араларын
шектейді. Бұл ұғымдар ӛзара шарттас, бірақ айтылу формалары мен құралдары
тұрғысынан әр түрлі. Когезия – мәтінді бір контексті – вариациялық
мүшелеуден басқасына ӛткенін анықтайтын мәтіннің жекелеген бӛлімдерінің
арасындағы байланыс (грамматикалық, семантикалық, лексикалық) формалары.
Интеграция – мәтіннің тұтастығына жету мақсатында оның барлық бӛлімдері
мен компоненттерін біріктіру. Интеграцияның когезия құралдарымен жүзеге
асырылуы мүмкін, дегенмен ассоциациялық және пресуппозициялық
қатынастарда да құрылады. Когезия – логикалық-тілдік, интеграция –
логикалық категория. Когеренттілікпен жақындасады.
Когезия желілі болса,
интеграция – тік және кӛлемді
.
Кӛлемі шағындау мәтіндерде когезия интеграцияны толық қамтамасыз
етеді. Мұндай мәтіндерде бӛлімдердің байланысы мен ӛзара шарттылығы
айқын.
Когезия тек шағын үзінділер байланысының қосалқы құралы болып,
әсіресе авторлық шегінісі бар ірі үзінділер мен бӛлімдерде, кӛркем мәтіндерде
айрықша кӛріне қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: