33
мақсатында магистранттың білімін бақылауға курс тақырыбының
логикалық байланысын сақтай отырып, одан қорытынды шығару және
қорғау;
Пікірсайыс, тренингтер, дӛңгелек үстел – ӛз бетінше шешім қабылдап,
ӛздігінше ойлау машықтарын кӛрсете білуді, шешуді қажет ететін келелі
мәселелерді топ болып шешу;
Тестер - магистранттың оқу процесіндегі жетістіктерін сапалы түрде
бағалауды қамтамасыз ететін арнайы формадағы тапсымалар жиынтығы.
Практикалық сабақ тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ
тілінің стилистикасы ғылымының ӛзекті теориялық және методологиялық
мәселелерін кеңінен қамтиды. Магистранттың білімді ӛз бетімен алуға
ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі.
Магистранттан әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі
талап етіледі. Ол үшін магистрант кӛрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір
сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің
жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, ӛздік жұмысты
орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу
барысында пайдасы зор. Практикалық сабақ тақырыбымен танысып алған
соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында
айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді
жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе тӛңірегінде ӛз ойыңыз
қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін
ӛзіңіз оқыған кӛркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз.
Келесі практикалық сабақта алдыңғы ӛткен сабақтарда дайындаған
материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа
тақырыппен байланыстырып отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: