(2 сағат): №13 семинар тақырыбы: Мәтінге тілдік талдау
(2 сағат ): №14 семинар тақырыбы: Автор бейнесіне талдау.
(2 сағат ): №15 семинар тақырыбы: Кӛркем мәтіндегі автор бейнесі
(2 сағат ): Кӛркем әдебиет тілінің бейнелі құралдарын (лексикалық, фразеологиялық,
грамматикалық) айқындау жұмыстары.
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ Абзац – жаңа жолдан басталатын мәтін бірлігі, күрделі құрылымдық-
семантикалық тұтастық.
Автор бейнесі – кӛркем шығарманың мағынасы мен стилінің барлық
элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық категория.
Автордың тілдік тҧлғасы – автордың даралығы мен кӛркем мәтін
тудырудағы ерекшеліктері.
Айтылым – бір коммуниканттың бір сӛйлеу актісіндегі сӛйлеу әрекеті.
Антропоцентристік бағыт – зерттеу жұмыстарының, танымның адамға,
оның
барлық
сипаттарына
(жеке
басының,
ұлттық,
әлеуметтік)
бағытталғандығы.
Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы ұғым құрастыру,
хабарлау) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен
ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи тіл арқылы берілетін
ақпардың жиынтығы:
Мазмҧнды-фактуалды ақпарат – фактілер мен оқиғаларды, олардың
уақыты мен орнын, автордың ойын, сюжеттің дамуын кӛрсететін ақпарат;
Мазмҧндық-концептуалды ақпарат – автордың қоғамдық ӛмір
құбылыстарын ӛз бетінше саралауын, түсінуін, бағалауын оқырманға
жеткізуінің кӛрінісі;
Мазмҧндық-астарлы ақпарат – тіл бірліктерінің ассоциативті және
бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне қарай мазмұндық нақты ақпараттан
алынатын жасырын ақпарат.