Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ


Тақырыптар бойынша конспект жасау



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Тақырыптар бойынша конспект жасау 
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. 
Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі 
ойлары конспект жасауда сӛзбе-сӛз кӛшіріліп алынбайды, ӛзіндік оймен 
қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын 
кӛздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері кӛрсетілуі тиіс. 
Конспектте жұмыстың авторының аты-жӛні толық жазылады, жұмыс атауы, 
шыққан баспасы, жылы кӛрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін кӛрсетуі, 
нақты, таза жазылуы тиіс. 
 
Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану 
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде 
автордың аты-жӛнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет. 
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жӛні, оқулықтың шыққан 
жері, баспасы, жылы мен беттері кӛрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың 
авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нӛмірі мен жылдары, баспасы 
жазылады. 
 
Реферат дайындау 
Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.
Рефераттың кӛлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.
Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, 
жоспар құруы қажет.
Жоспар кіріспеден, негізгі бӛлімнен және қорытындыдан тұрады.
Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда 
тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда ӛзіндік 
пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. 
Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша ӛзіндік 
пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін. 
Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта 
білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, ӛзінің кӛзқарасын білдіруі 
қадағаланады. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет