2-нҧсқа № 1– тапсырма. Мәтінді оқып шығып тілдік құралдардың қолданыс ерекшелігін талдаңыз. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғылы жағдайын айтып
берді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі
шаршап, айтпай қойса, ӛз шешесіне жабысатын. Ұлжан да кӛп әңгіме білуші
еді. Және ол кӛбінесе ӛлең сӛзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге
ұмытпай, бүлдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман
жырларын, айтыс, ӛсиет, әзілдерін де кӛп айтып береді. Екі анасын
кӛңілдендіріп, тағы айтқызу үшін, кейде ӛзі де қаладан әкелген кітаптарының
ішінен «Жүсіп – Зылиха» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап
оқиды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сӛздерін жолшыбай
қазақшалап отырады. Осымен кӛңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы
айтқызады. (М.Әуезов)
№ 2-тапсырма Мәтін формасына қарай анықтаңыз Термин – белгілі бір салада тұрақты қолданылатын арнаулы бір ұғымды
білдіретін сӛз. Терминнің анықтамасы, қазақ терминологиясының тарихы мен
дапму жолдары тілші ғалымдар Ӛ.Айтбайұлының, Ш.Құрманбайұлының
еңбектерінде баяндалған.
Термин әлеуметтік-қоғамдық қатынастарға қатысты белгілі бір ұғымдарды
нақты бейнелеуге тиіс. Оған тән белгілер – қолданылатын белгілі бір аясының
болатындығы, объективтілігі, тұрақтылығы мен орнықтылығы, стильдік
тұрғыдан бейтараптығы, яғни боямасыздығы, демек, онда экспрессия, әсірелеу,
кӛңіл-күйі, субъективтік түсінік-пайым кӛрініс бермеуге тиіс.
Заңнамалық мәтінде термин неғұрлым кӛп болса, ол соғұрлым дәл, айқын, әрі
тұжырымды болып шығары сӛзсіз.Демек, терминдердің ӛзінің тура, кӛпшілкке
түсінікті кӛз үйренген мағынасында қолданылуы шарт. Термин қарапайым, әрі
оқушының ұғымына қонымды болуы керек. Яғни, мағынасы бұлыңғыр,
екіұшты ой туғызатын, айқын тұжырылмаған терминдер болмауға
тиіс.(К.Юсуп.)