Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет46/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Мәтін авторының тілдік тұлғасы
 
Автор бейнесі кӛркем мәтін категориясы ретінде
 
 
4. Бақылау сҧрақтарына әдістемелік нҧсқаулық 
 
Мәтін лингвистикасы пәнінен бақылау-пысықтау жұмысын орындауға 
кірісер алдында таңдаған тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше кӛркем 
шығарманы мұқият оқып шыққан жӛн. Шығармаларды оқу үстінде магистрант 
ол туралы ӛзінің түйген ой-пікірін дәптерге жазып отыруы ләзім. 
Бақылау-пысықтау жұмысының маңызды кезеңі жоспар құру. Бақылау-
пысықтау жұмысындағы түйінді ой-пікірлердің қалай баяндалатыны ең 
алдымен осы жоспардан байқалады. Жоспарға бақылау-пысықтау жұмысының 
тақырыбына тікелей қатысты деген мәселелерді енгізу керек. Жоспарды 
құрғанда ең алдымен кіріспе, қорытынды бӛлімдеріне қатты назар аударған 
жӛн. 
Бақылау-пысықтау жұмысының мазмұнынан тақырыпқа толық жауап 
табылуға тиіс. Бұл ретте жұмыстың композициясын ескермей де болмайды. 
Жұмыстың жекелеген бӛлімдерінің үлкен-кішілігі қойылып отырған мәселе 
байланысты болатыны анық. 
Бақылау-жаттығу жұмысында шығармасы ӛз алдына бӛлек, оқшау 
талданбай, қайта сол ақын, жазушының бүкіл шығармашылығымен тығыз 
бірлікте қарастырылғаны ұтымды. 
Әрбір студент бақылау-пысықтау жұмысына байыпты қарауға міндетті. Оны 
шығармашылық еңбек деп түсінген мақұл. Қай-қай тақырыпқа жазғанда да 


69 
студент ӛз бетімен ойлап, аз да болса, ӛзіндік пікір айтуға талаптанса ӛте 
жақсы. 
Жұмыстың сауатты жазылуы аса қажетті. Студент емле, тыныс белгісі, 
стилистикалық қатені жібермеуге күш жұмсасын. 
Бақылау-пысықтау жұмысының рет-ретімен бет саны міндетті түрде 
кӛрсетілетін болсын. 
Мәтін лингвистикасы пәнінен бақылау-пысықтау сҧрақтары 
1.
Мәтін лингвистикасы курсының мақсаты мен міндеттері, оның негізгі 
объектісі. 
2.
Стилистиканың тілі білімінің салаларымен байланысы. 
3.
Мәтін лингвистаксының ғылым ретінде дамуы туралы. Мәтін туралы 
пікірлер 
4.
Жалпы халықтық тілдің сипаты, әдеби жазба тілдің формаларының даму 
тарихы стилистикасының да даму тарихымен байланысты екендігі. 
5.
Стилистиканың жанрлы сипаты. Ауызекі сӛйлеу тілі мен жазба әдеби тіл 
стильдері, олардың түрлері. 
6.
Жазба әдеби тіл стильдері, олардың түрлері мен ерекшеліктері. 
7.
Функциональдық стильдер, Функциональдық стиль туралы түсінік. 
Функциональдық стильдерді ажыратуға қатысты әр түрлі кӛзқарастар. 
8.
Іс қағаздар мен ресми құжаттар стилі. Жалпы сипаттамасы. Іс қағаздары 
мен ресми құжаттар стилінің ғылыми стильге жақын келетіндігі. 
9.
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Оның түрлері. 1. Ғылыми родстиль; 
2. Ғылыми кӛпшілік подстиль, олардың лексикасы мен грамматикасы. 
Ғылыми диалог пен монолог. 
10.
Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы. Публицистикалық 
стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдегі 
қоғамдық-саяси лексиканың ерекшеліктері. Публицистикалық стильдің 
түрлері. Радио тілі, теледидар тілі, ерекшеліктері. 
11.
Кӛркем шығарма стилі. Жалпы сипаттамасы. Кӛркем шығарма стилінің 
түрлері. Кӛркем шығарма тілінің эстетикалық қызметі. Басқа 
функциональдық стиль элементтерінің кӛркем шығарма тіліндегі қызметі. 
Шығарманың кӛркем жүйесі. “Автор бейнесі” туралы түсінік. 
12.
Ауызекі сӛйлеу тілі стилі, оның ӛзіне тән ерекшеліктері. (Жазба әдеби тіл 
стилімен салыстыра отырып дәлелдеу). 
13.
Кӛркем әдебиет стилі және ауызекі сӛйлеу стилі. 
14.
Кӛркем әдебиет стилі және кӛсемсӛз стилі. 
15.
Дыбыстардың стильдік мақсатта жұмсалу тәсілдері қандай? 
16.
Аллитерация дегеніміз не? 
17.
Ассонанс дегеніміз не? 
18.
Интонацияның стильдік мүмкіндіктеріне мысал келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет