Ақылбай мен
Мағауия
Абайдың ақын ұлдарының
мұрасы төл әдебиетіміздің
төрінде тұратын дүниелер. Олар – ұлы ақын әрі қайраткер-
ұстаз сөзінің сәулесі. Халқымыздың адамға құрметінің,
өмірге сүйіспеншілігінің, егемен ел болуға деген арман-
мақсаты мен мұң-зарының көрінісі. Ұлы ақынның жанын
күйдірген отарлық
езгі мен надандық зардабына
қарсылықтың куәгері. Бодандық бұғауы мен қараңғылық
қыспағындағы «сырты дүрдей, іші у мен өртке толы» ақын-
әкенің булыққан қайғы-шерінің перзент санасындағы
сілкінісі. Ақылбай мен Мағауия мұрасы, жыры, сондай-ақ
Абайды терең танып, «бас ақын», «алтын хәкім» деп ардақ
тұтқан алаш арыс-тары арманының айғағы. Мәңгілік Абай
мектебінің терең сыры мен аманат-хатының жарқын
парағы.
Мағауия Абайұлы
Абайдың бәйбішесі Ділдәдан
туған кенже баласы. Жасында молдадан
оқытқаннан
кейін,
Семейдегі
Городское
училищесінде орысша мектепке оқуға түсіреді,
бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін
науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін
де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін
толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін
қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі.
Мағауия
әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол
сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық
өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі
Абай ақынның өнегесінен алды.
25%
Мағауия Абайұлы
Ол ақын. Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы. Ол
Құнанбайдың тоқалы Нұрғанымның бауырында өседі . Жас
кезінде Ғабитхан молдадан 4- 5 жыл оқиды. Өсе келе өнерге
жақын,
әнші,
домбырашы,
скрипкашы
болып
шығады.йналасындағы шәкірттердің ішіндегі ең таланттысы.
Бірде ауылына келген Долгополовқа Абай өзі туралы да,
балалары туралы да сын айтуын өтінгенде, ол Ақылбайды: «Жай
ұғады, шабан қозғалады. Бірақұққаны мен алғанын қайтып
жоғалтпайтын өнімі бар талант иесі. Тек онысын су тубіне
кетіріп жүрген -жалқаулығы»дегенді айтады. Ол «Дағыстан»
(«Кәрі Жүсіп»), «Зүлыс», «Жаррақ батыр» атты поэмалар жазды.
Әуезов 1923 жылы «Сана»журналының 2-3-сандарында Абайдың
жарияланбаған өлеңдерінің қатарында «Зүлысты» да бастырды.
«Дағыстанның» үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5-
санында жарық көрген. Қанша дегенмен Ақылбай Абайдың
ықпалынан
кете алмады, оның әсері оған орыс ақындарын өз
бетінше оқыттырды. Пушкин, Лермонтовты оқуы Кавказ
тақырыбына барғыздырды,
екіншіден, бұған Абай себепші
болды. Ақылбай 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген
күні қайтыс болады. Небәрі 43 жас өмір сүрді, денесі
Аралтөбедегі өз қыстауына қойылды. Он
бес жасында шешесі
өмірден озды.