31
…Топтанып ұшқан үйiрiң
Достардай едi-ау жаны iзгi
Адамнан кеткен мейiрiм,
Сендерде қалған тәрiздi.
Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзiне тартар жұмбақ
магнитизмi бар.Оның қыр
-
сырын ашуды әдебиет зерттеушiлерiне, маман
-
сыншыларға қалдыра отырып, мен өз тарапымнан ақынның өлеңдерiнiң
табиғат тамшысындай мөлдiр жаратылысын, өзен толқынындай ерке де еркiн
үйлесiмiн, жан
-
жүрегiңе жетiп, жiлiгiңнiң майына дейiн жiбiтетiн ақ шуақтай
симфониясын, бұлақтың сыңғырындай, жапырақтың сыбдырындай жанға
жақын да беймәлiм әуенiн танып бiлу қай оқырманға да кәусар сезiм
сыйлайтынын айтқым келедi.
Ол махаббат мақамын да өзгеге ұқсатпай, өзiнше, Ақұштапша
жырлайды.
Достарыңызбен бөлісу: