Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Фариза 
Оңғарсынованың
әлемi
 
– 
Поэзиясы өзiнше бiр шоқтандырып, 
сәулелендiрiп, нұрландырып келедi десек әсте артықтығы жоқ. Ақындық 
сапарында, яғни күнi бүгiнге дейiн жемiстi шығармашылық ғұмырында 
өзiнiң поэзиялық болмысын қанжоса жүрегiмен, тоғызыншы баллдай 
буырқанған
-
шамырқанған сезiмдерiмен, шарболаттай суарылған ой
-
пайымдарымен ылғи да толассыз айтумен, жырлаумен келедi:
Ендеше Фаризаға неге бас имеске! 
Ендеше Фариза ақынға неге табынбасқа! 
Фариза Оңғарсынованың iрi ақын екендiгiне әуелде күмән болғанмен, 
кейiннен күмән болған емес. Ақынның сонау «Сандуғаш», «Маңғыстау 
маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау толқын», «Сенiң махаббатың», 
«Шiлде», «Сұхбат», «Дауа», «Өсиет», «Шашы ағарған қыз» атты 
кiтаптарында көшелi көрiнiске, дербеа көркемдiк әлемге айналған құлын 


35 
мүсiн лирикалары, парасатқа тұнған поэмалары, принциптi көқарастары 
айқын мақалалары
-
эсселерi толық дәлел болады. Асылы мынадай:
Сезiм қолдан ешқашан жасалмайды,
Жасағандар ұзаққа аса алмайды.
Не алдасып бiр
-
бiрiн күн кешедi,
Мен ондайға көнбесiм қашан да әйгi.
Мен сондаймын.
Сүйсем егер ғұмырлық сүйiп кетем
Басқаларға жүрегiм тұйық мекен.
Аласапыран, ешкiмге ұқсамайтын
Сезiмiммен көңiлдi
биiктетем, 

деген лирикалық өлеңдерi тудырған ақынның дүрбелеңi де, дүмпуi де 
жетiп артылатын сынау өмiрде аңызға айналмауы, сүйiспеншiлiкке, 
бөлiнбеуi, Поэзия патшайымының тек өзiне бұйырған бәсiре тағына 
көтерiлмеуi мүмкiн емес қой. Адам жан
-
дүниесiнiң, әсiресе, әйел жан
-
дүниесiнiң бүкiл болмысы бiз саналы түрде толық келтiрген өлеңде қаншама 
шыншылдықпен, тереңдiкпен, осалдықпен, өршiлдiкпен, қайсар
-
жiгермен, 
ынтызар
-
үмiтпен, күрескер шабытпен берiлген, жырланған десеңшi. Ақын 
Фаризаның қазақ поэзиясына әкелген шынайы да тосын жаңалығы, өзiндiк 
дербес поэтикалық қолтаңбасы 
– 
осынау лирикалық туындылардың бүкпесiз 
атқарыла бiлу, сендiре бiлу құдiретiнде 
– 
талант сиқырында жатыр деп 
бiлемiз. 
Ақындық шеберлiк пен құдiреттiң тамыры да, нәрi де, құпиясы да, кiлтi 
де 
– 
Фариза өлеңдерiнiң өнбойында өзгеше бiр келiсiммен көрiнiс тауып 
жатуында. Осыдан болса керек, ағылшынның ұлы ақыны Джон Донның: 
«Мало назвать человека малым миром. Человек состоит из большего числа 
частей, чем мир» 

деуiнiң көкейге қона кететiнiн ақын Фариза өлеңдерi 
мейлiнше әдемi дәлелдеп бере алады. Ақын Фариза өз өлеңдерi арқазақ 
поэзиясына Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен 
Нәжiмеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиевтың буыны батыл 
әкелген драматизм мен трагизмге толы лирикалық әуендi, философияны одан 
сайын байыта түстi. Ол өлеңдегi өз өлкесiн тауып, өз күмбезiн тұрғызып, өз 
көркемдiк әлемiн оқырмандарына иамаша көрсеттi, тамаша мойындатты, 
табындырды.
2004 жылы Астана қаласында «Елорда» баспасынан ақынның өлеңдерi

дастандары үш томдық жинақ болып жарияланды, осылардан бiр ғана мысал 
келтiрiп өтейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет