Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Марфуға Айтхожина.
Жалпы бiз 
ақынның өлең
-
жырларын оқығанда олардың түп тағдырына үңiлмеу 
астамшылық болар едi. Жинақ бiз жоғарыда атап өткендей «Аққу жүрек». 
Бұл жинақтан менiң ұққаным, өзiнiң әдемi сырбаз үнiмен ақырын сөйлеп алға 
ұмтылып отыратын сақтық, мiнездiң сарқытындай әсемдiк. Және жинақтың 
өне бойында құс үнiмен астасып жатқан бiр саз бар сияқты. Әр жырдың басы 
күнделiктi тiрлiктей қарапайым сызылып басталып, аяғына келгенде 
Марфуғаның сөз түйiнiндегi өрнегi жарқ ете қалады. Бiз ендi осы сөздерiмiздi 
дәлелдеу үшiн ақынның өзiне жүгiнейiк.
..Өсiп едiм Тәңiрдiң күнгейiнде. 
Өткен күндер көп болды Күлмей мүлде. 
Туған жерден табаным аумағанда. 
Биiгiнде еркiмше жүрмеймiн бе? 
Сәттi күндер аз емес арай күлген, 
Тыныштығын iргемнiң қалаймын мен. 
Сағыныштан жаралы жүрегiмдi 
Жайым бар. 
Жыр жапырақпен жамай бiлген. 
Бұл жасыл жапырақпен әдемi көмкерiлген ақын тағдыры. 
Марфуға Айтхожинаның «Абылай ханның даңғылында ақ үй бар», «Ана 
тiлi», «Өзiңнен бақытымды тауып терең», «Жандарға қызығамын анасы бар»


34 
«Жалғыз қайың», «Көңiлдi отыр мұң басып», «Мұстафа Өзтүрiк», «Қиял 
билеп еркiмдi», «Қауымдастық», «Көтерiп көлеңкемдi…» атты өлеңдерi бар. 
Ендеше солардан мысалдар келтiрейiк.
«Жандарға қызығамын анасы бар»
атты өлеңiнен үзiндi.
Жандарға қызығамын Анасы бар, 
Ананың орны дәйiм дара тұрар! 
Ерте кеткен Анашым еске түссе, 
Көңiлiм толқын атып аласұрар. 
..Ой тетiк, жүрiс ширақ сексенiнде, 
Күн түсiп отырған жоқ көп келiнге… 
Жүзiнен асыл Ана нұр тамады, 
Қандай болды десеңшi, 
Көктемiнде?! 
Әкелiп дүниеге қанша бала, 
«Жолында осылардың жан садаға..»- 
Деп өсiрген кешегi ұл-қыздары. 
Аттанып кеттi бүгiн, 
Сан-салаға!. 
Адамға келмейдi ғой бақыт тегiн, 
Өшпейдi, көкейдегi ғашық сезiм. 
Ананы алақанда аялаған, 
Күң мен құлың секiлдi 
Уақыт сенiң!..
Осы жырлардың қай
-
қайсысын алсақ та, осындай жұмсақ ерке наз 
жолдардың қоршауында қалып отырасың. Сонымен сөзiмiздiң басында 
айтқанымыздай, қарапайым лебiздiң ыстық құшағына енгендей боласың.
Осы екi ақын қыздың жырларындағы айырмашылықты олардың 
жырларынан
-
ақ байқауға болады. 
Әрбiр шоң таланттың әрқашан ұлттық ырыс, ұлттық қазына болып 
келетiнi ежелден
мәлiм. Мұнда осынау мәңгiлiк ақиқаттың теңдесi жоқ 
формуласын, соның өмiрiшең бiр Шынар
-
Шырайын көрнектi ақын 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет