Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет20/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Дүйсенбек Қанатбаев.
Соған орай өзi де «Жазушы» баспасынан шыққан 
жыр жинағын «Арыстардың мен де бiр жалғасымын» атты өлеңi ерекше 
мәнге ие. Қай тақырыпқа барса да, өзiнiң шама
-
шарқында дес бермейтiн 
ақынға оң
-
солы бiрдей екендiгiн тағы бiр танытқан сияқты. Онда қазiргi 
заман шындығының ащы
-
тұщы жайлары түгел қамтылған деуге әбден 


37 
болады. Оның өлеңдерiнiң iшiнен «Қош поэзия» деген өлеңiнен үзiндi 
келтiрейiк.
Маған сенбе, өлеңiм, өзiңе сен. 
Уақыттың төзе бiл тезiне сен. 
Емiренсең - елiм деп емiренiп, 
Еңiресең - елiм деп еңiре сен. 
Еленбедiм деп қазiр елеңдеме. 
Еленесiң. Болсын тек Елiң есен –
деген ақынның поэзиямен қоштассамын деуi көңiлге қонбайды.
Бауыржан Жақып
«Жазушыдан» шыққан жыр жинағының атын 
«Уақыт ұршығы» деп атаған. Қалай дегенде де ақынның суреткерлiгi мол. 
Мысал үшiн «Бұлтты жұбату» деген өлеңiнен екi шумақ алайық.
Осқандай-ақ әлдекiмсемсерменен, 
Ойбай салған дауыстан теңселдi әлем. 
Жай қамшымен сұр аспан тартып қалып 
Бұлт иегi бұлтиып кемсеңдеген. 
Мөлдiрлiктi қаншама құйса да анық. 
Құтылмады-ауқамшыдан бишара бұлт. 
Арудай-ақ ұрып ап қатал аспан, 
Сұрамайды кешiрiм ишара ғып. 
Бұл табиғат құбылысы және нақтылай айтсақ, найзағайдан таяқ жеген 
бұлттың суретi.
Немесе 
Кәбiр Ғабдуллиннiң
«Астана» баспасынан шыққан «Алтын 
мүйiз ақ құлжа» атты жинағын алайық. Кiтаптың аты осы аттас дастанымен 
берiлген екен. Ақын, жалпы жырмен онша шұғылданбағандай. Бiреулерге 
қиналып келетiн өлең жолдары бұл ақынға оп
-
оңай төгiле салатын сияқты. 
Ойы да, тойы да қоса қабатталып жатқан бұл ақынның екпiнiнiң де саябыр 
тауып кететiн жерлерi де аз емес. 
Бүгiнгi күнде оқырмандарға өзiнiң жырын ұсынып жүрген ақынның бiрi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет