Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын



Pdf көрінісі
бет63/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   302
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын  
тілдеріндегі минимумы
Қ а з а қ ш а
О р ы с ш а
А ғ ы л ш ы н ш а
Молекулалық-
кинетикалық теория
  Молекулярно-
кинетическая теория 
Molecular-kinetic 
theory
  Балқу 
  
Плавление 
Melting
 
 Кристалдану
 
  Кристаллизация 
Crystallization
  Меншікті балқу  
жылуы   
 
 
Удельная теплота плавления
 
Specific heat
 of fusion
 
 Булану         
  Испарение
 
Evaporation
  Конденсация 
  Конденсация 
Condensation
  Қайнау
 
  Кипение 
Boiling
  Меншікті булану 
жылуы 
  Удельная теплота 
парообразования
Specific heat of 
vaporization
  Қаныққан бу 
  Насыщенный пар
 
Saturated steam
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


48
молекулалары бір-бірінен белгілі бір 
r
0
 қашықтықта тербеле қозғалады. 
Егер молекулалар 
r
0
 қашықтықтан алыстай бастаса, олардың арасында 
тартылыс  күші  күшейеді,  ал  жақындай  бастаса  тебіліс  күші  артады. 
Газдарда  молекулалар  өте  алыс  орналасады,  сондықтан  олардың  өзара 
әрекеттесу күштері де өте әлсіз болады. Сөйтіп, газдар өз көлемін сақтай 
алмайды; қандай көлем берілсе, сол көлемді түгел қамтып жайлайды.
2. 
Молекулалық-кинетикалық  теория  қалыптасқаннан  кейін  зат- 
тардың әртүрлі күйде болуын 
температура және ішкі энергия ұғымдары  
негізінде кеңірек түсіндіру мүмкіншілігі туды.
 Молекулалық-кинетика-
лық теорияға сүйеніп, 
зат күйінің өзгеру шарттарын анықтай аламыз.
Қатты  денелер  мен  сұйықтардың  температуралары  өссе,  олардың 
құрамындағы бөлшектердің жылдамдығы артып, кинетикалық энергия-
лары да өседі. Сондықтан бөлшектер үлкен жылдамдықпен әрі алшақтай 
ауытқып,  тербеле  бас тайды.  Заттың  температурасы  белгілі  бір  шамаға 
жеткенде  молекулалардың  арасындағы  тарту  күші  кристалдық  тордың 
түйіндері төңірегінде тербеліп тұрған бөлшектерді ұстап тұра алмайтын 
жағдайға жетеді. Сөйтіп, кристалдық тордың бұзылуы басталады да, зат 
қатты күйден сұйық күйге ауысып, балқи бастайды.
Балқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет