Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет66/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   302
Қатаю 
немесе кристалдану деп заттың сұйық күйден қатты күйге 
өту процесін айтады.
Кристалл  денелердің  қатаюы  да  олардың  балқуы  сияқты  тұрақты 
температурада өтеді. 
Қатаю процесі жүретін тұрақты температураны қатаю немесе 
кристалдану температурасы 
деп атайды.
6.  Кристалл  дененің  балқу  температурасы  мен  қатаю  (кристалдану) 
температурасының  шамалары  бірдей  болады.  Бұған  көз  жеткізу  үшін 
кристалл мұздың балқуы мен қатаюын зерттеген эксперимент нәтижелері 
бойынша салынған графикті қарастырайық (сурет 2.3).
4 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


50
Температурасы –40
о 
градус болатын ыдыстағы мұзды (сурет 2.3) электр 
плитасымен жайлап қыздыра отырып, температура өзгерісін бақылайық. 
Плитаның қыздыруына қарамастан, мұз бірден ерімейді; тек температу-
расын біртіндеп жоғарылатады (графикте АВ кесіндісі). Мұздың темпе-
ратурасы 0
о
С градусқа жеткенде еру процесі басталады (ыдыстың ішінде 
мұзбен  бірге  су  пайда  болады).  Алайда  плита  жылуын  беріп  тұрса  да, 
мұз әбден еріп болғанша температура өзгермейді (ВС кесіндісі). Мұз еріп 
болғаннан  кейін  судың  температурасы  0
о
С-ден  45
о
С-ге  дейін  көтеріледі 
(СD кесіндісі). 
Енді  ыдыстағы  ыстық  суды  аязға  шығарып,  температурасын 
бұрынғыша  тіркеп  отырсақ,  ол  біртіндеп  төмендеп  0
0
С-ге  жетеді  (DЕ 
кесіндісі). Бұдан кейін судың ішінде мұз түйірлері пайда бола бастайды 
да, сырттағы аязға қарамай, су толығымен мұзға айналғанша температу-
ра өзгермей ұзақ уақыт сақталады (ЕF кесіндісі). Қатқан мұздың темпе-
ратурасы 0
0
С-ден төмендеп, сыртқы ортаның температурасымен теңеледі 
(FК  кесіндісі).  Эксперимент  нәтижелерінен  мынадай  қорытынды  туын-
дайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет