Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет80/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   302
бетінде  де,  ішкі  көлемін-
де де қарқынды бу түзілу орын алады. 
ә)
а)
 Сурет 2.6. Қайнау 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


58
Қайнау
 деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның ішкі көлемінде де 
бу көпіршіктері түрінде жүзеге асатын қарқынды бу түзілу процесін 
айтады.
Қайнау температурасы
 деп сұйық қайнағанда шамасын өзгертпей 
тұрақты сақтайтын температураны айтады.
2. «Экспериментте байқалған көпіршіктер қайдан пайда болды? Неге 
жоғары көтеріледі? Не себепті сұйықтың бетіне шыққанда жарылады?» 
деген  сұрақтардың  жауабын  іздестірейік.  Жердің  атмосфералық  және 
гидросфералық қабаттары ның арасында диффузиялық әрі конвекциялық 
зат алмасулары үздіксіз жүріп жатады: ауада жауын бұлттары, ал суда ауа 
молекулаларының  еріген  түрдегі  көзге  көрінбейтін  микрокөпіршіктері 
жетерліктей.  Су  жәндіктері  мен  жануарлары  ауаның  осындай  еріген 
микрокөпіршіктерімен  демалуға  бейімделген.  (Қыс  айларында  өзендер 
мен  көлдердің  бетін  мұз  құрсағанда  ауа-оттек  жетіспей,  балықтардың 
жаппай  қырылатынын  да  білеміз).  Сонымен,  температура  көтерілгенде 
судағы микрокөпіршіктер де, оларға қосылған судың булары да көлемде-
рін ұлғайта бастайды. Газ бен будың тығыздықтары судың тығыздығы- 
нан  кем  болғандықтан,  көлемдері  ұлғая  түскен  көпіршіктер  Архи-
мед  заңына  сәйкес  жоғары  көтеріледі.  Көпіршіктер  сұйықтың  бетіне 
шыққанда  жарылады,  өйткені  олардың  ішіндегі  жоғары  температура-
дағы газ бен будың қысымы сыртқы атмосфералық қысымнан әлдеқайда 
артық болады.
Жоғарыда  сипаттаған  эксперименттің  нәтижелері,  сондай-ақ  күнде- 
лікті  өмірлік  тәжірибелер  қайнау  құбылысына  байланысты  бірнеше 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Біріншіден,  сұйық  қайнап  жатқан  кезде  оның  температурасы  өз-
гермей тұрақты сақталады (графикте ВС кесіндісі, сурет 2.7). 
Сурет 2.7. Зат күйінің өзгеру графигі
суыту
t
қайн
t
балқ
уақыт
қыздыру
t темпе-
ратура
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет