§13. ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ. ГАЗ БЕН БУДЫҢ ЖҰМЫСЫ 1. Жоғарыдағы тарауларда қарастырған жылулық қозғалыстардың
жекелеген заңдылықтары әртүрлі жүйедегі энергия түрленулерін зерт-
тейтін іргелі бір теорияның салдарлары болып табылады.
Термодинамика деп аталатын жалпыға ортақ бұл іргелі теория
заттардың молекулалық микроқұрылымын қарастырмай, энергияның
бір түрден екінші түрге өту шарттарын сандық тұрғыдан сипаттайды.
«Термодинамика» сөзі гректің «therme» – «жылу» және «dynamis» –
«күш» сөздерінен құралған. Кез келген теориялық ілім сияқты термо-
динамиканың да өзіне тән зерттеу пәні бар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217