Термодинамика табиғаты әртүрлі құбылыстарда орын алатын энергия түрленуінің жалпыға ортақ заңдылықтарын зерттейді. Он-
дай құбылыстарға
механикалық, жылулық, электрлік, сәулелік т.б.
құбылыстар жатады.
Адамдардың үздіксіз жұмыс істей алатын «мәңгі қозғалтқыш» жа-
сау талаптарының үнемі сәтсіздікке ұшырауы және жылулық құбы-
лыстарға байланысты басқа да көптеген эксперименттік зерттеулер
термодинамиканың тәжірибелік негіздерін құрайды. Тәжірибелер мен
эксперименттік зерттеулерде ашылған жекелеген заңдылықтар
термо- динамика заңдарына біріктіріліп, «мәңгі қозғалтқыштарды» жасау үшін
босқа тер төгуден құтқарды.