ҚАЗАҚША ПƏН СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ
Қазақша пəн сөздері жайынан баяндама қ.-қ. білімпаздар
тобының 4 інші кезекте құрған мəселесі еді. Бұл мəселе та-
қырыпты сөз сөйлеген Омар ұлы Елдес.
Баяндаушының һам басқа шешендердің сөздерінен шық-
қан ұсыныстардың бəрі жеке-жеке қорытылып топтың да-
уысына салынғаннан кейін, төмендегі түрде қаулы шыға-
рылды.
Жат сөз қазақ тіліне сіңіп кететұн болу үшін Омар ұлы-
ның баяндамасында көрсеткен қазақ тілінің тоғыз түрлі заңы
негіз болып алынсын деді. Ол заңдар мыналар:
1. Қазақ тілінде үндестік заңы бар. Қазақ тілінде үндестік
заңына келмейтүн сөздерде жоқ емес; соны айтып үндестік
заңын қолдануға қарсы болып жүрген азаматтарымыз да
бар. Үндестік заңына келмейтүн сөздердің бəрі де қазақтың
өз сөзі емес, – қазақ тіліне кіріп кеткен жат сөздер. Үндестік
заңына келмейтүн қазақша сөз түрі жалғыз-ақ «нікі» («дікі»,
«тікі») мен жалғанып айтылатұн түр.
Қазақ тілінде үндестік заңы бар екеніне осы «нікі»-ден
басқа қарсы дəлел жоқ. Дұрысында еш бір тілдеде тастай
қатқан тұрлаулы заң болмайды. Бір заңның күші мен екінші
заңға бағынбай кететүн сөз түрлері болмай қалмайды. Ондай
заңға келмейтүн бірен-саран сөз түрлерінен ол заңды жоққа
шығару, – иə ол заң жоғалуға бет алған деп жору – қата.
Қазақ тілінде үндестік заңы бар екені рас болса: қазақ
тіліне кіргізген жат сөздердің бəрін де сол заңға келтіріп алу
керек, – сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрін де бірыңғай
жіңішкертіп, иə бəрін де жуандатып алу керек.
2 – қазақ тілінде жұмсақ «ə» сөздің бас буыннан басқа
буындарында болмайды, – əсіресе сөздің соңғы буынын-
да жұмсақ «ə» болмайды. Бұл: үндестік заңының салдары
мен болған қазақ тілінің айрықша бір кəсиеті. Қазақ тілінде
«Мəриə», «Камилə» сықылды, соңғы буынында жұмсақ «ə»
бар сөздер де жоқ емес;
Бірақ ол сөздер арабша оқыған молдалардың зорлап кір-
гізген сөздері. Мұндай сөздердің ерсі жері – бұларға жалғау
қосып өзгерткенде, – бұлар қазақ тілінің сөз жүйесінше
өзгере алмайды. «Камилə»-ның өзі жұмсақ болған мен, мəсе-
лен барыс жалғауы, қазақша сөз жүйесінше «Камилəге» бол-
майды, «Камилəға» болады.
Қазақ тілінің мұндай, сөздің бас буынына басқа жеріне
жұмсақ «ə» ні сидырмайтұн кəсиеті болған соң: бас буынынан
басқа буындарында жұмсақ «ə» сі бар. «ə» ні өзгертіп иə «е»,
иə жуан «а» қылып алу керек («əдəбыйат» – «əдебійет»).
3 – қазақша сөздерде «о» дыбысы бас буындарда ғана
болады. Басқа буындарында «о» дыбысы бар, «бейнетқор»,
«қамқор» сықылды сөздер – оның аяғында «қор» деген жат
жұрнақ болғаннан ғана болып отыр. Тіліміздің ымырасын-
ша «о» дыбысы бас буыннан басқа жерде тұра алмайтұн
болған соң: бас буыннан басқа буындарында «о» сы бар жат
сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде «о» ны басқа бір дауысты
дыбысқа айналдырып алу керек.
354
355
(Покров – «боқырау»).
4 – қазақша сөздің аяғы «ғ», «г», «д» болып тынбайды, –
«қ», «к», «т» болады. Ондай сөздерге дауысты дыбыспен
басталатұн жұрнақ жалғаулар (жіктеулер) қосылып, «қ»,
«к»-лар («т» емес) екі дауысты дыбыстың арасына түссе,
(олардың алдындағы дыбыстары да дауысты болса), – «ғ»,
«г» болып өзгереді; бірақ «т» – «д» болып өзгермейді.
Аяғында ондай дыбыстары бар жат сөздерді қазақ тіліне
кіргізгенде, сөз аяғындағы «ғ», «г», «д»- ларын «қ», «к», «т»
қылып алу керек; бұл дыбыстардың алдындағы дыбыстары
дауысты болғанда, артынан жəнə дауысты дыбыс жалғанса:
«қ», «к»-лер «ғ», «г» болып өзгеретүн болып, «т»- өзгермей;
сол күйінде қалатұн болуы керек; ондай сөздің аяғындағы
«қ», «к»-дердің алдындағы дыбыс дауысты болмаса, – ол
сөздерге дауысты дыбыс пен басталатұн жалғау, жұрнақтар
жалғанғандада, «қ», «к» дер өзгермейтұн болу керек. Иə
болмаса сөз аяғындағы «ғ», «г», «д» ларды мүлде жоғалтып
жіберу керек.
(Оренбург – «Орынбор»).
5 – қазақ тілінің үздіксіздік заңы бар: қазақша сөздің ішін-
дегі дауысты дыбысты алдындағы дауыссыз дыбыстан айы-
рылып (онан кейінгі буынға) шыға алмайды («қарағай» – қар-
ағ-ай» болып үзіліп буындала алмайды); -«мəсле» сықылды
үзіліп қалатұн сөздерде қазақ тілінде болмайды; жəнə: бір
сөздің ішінде, арасына дауыссыз иə жарты дауысты дыбыс
салмай, екі дауысты дыбыс қатарынан келмейді. Үздіксіздік
заңына келмейтұн жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде,
өзгертіп үздіксіз қылып алу керек («мəс-ле»- «мəселе», «мү-
мин» – «момын»).
6 – қазақша сөздің екпіні соңғы буынында болады. Сон-
дықтан екпіні б соңғы буынынан басқа буындарында болған
жат сөздерді қазақшаландырғанда екпінін соңғы буынына
келтіріп алу керек.
Самара – «Самар», пуховой – «бөкебай».
7 – қазақша сөзде бір дыбыс қосарланып келмейді. Сон-
дықтан дыбыс қосарланған жат сөздерді қазақ тіліне кіргіз-
генде қатарынан екі айтылатұн дыбыстың біреуін иə мүлде
жоғалтып жіберу керек де иə болмаса орнына басқа бір дау-
ыссыз дыбыс кіргізіп алу керек.
8 – қазақ тілінде, өзінде жоқ дыбыстардан тізілген сөздер
болмасқа керек. Ішінде жат дыбыстары бар жат сөздерді пəн
сөз қылып алғанда, оның жат дыбыстарын шығарып тастап
орнына қазақша дыбыс кіргізіп алу керек. Жат дыбыстардың
əр қайсысына алдын ала қазақ дыбысын арнап көрсетуге
болмайды; ретіне қарай, мəселен орысша «в» қазақша «у»,
«п», «б»-болып өзгеруі мүмкін; «х» дыбысы қазақша кейде
«к» кейде «қ» болып өзгеріп, кейде мүлде жоғалып кетуі де
мүмкін.
9 – қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде алы-
нып, қазақ тілінің заңдарынша өзгеретүн болуға тиіс. Жат
сөзді жат жұрнағымен алуға болмайды. Жұрнағымен кір-
ген сөз болса оның сол жұрнақты түрін түбірге балап алу
керек – дейді Елдес.
* * *
Бүтін дүниедегі қауымға бірдей жүріп кеткен пəн сөздері
бізгеде бір болып алынсын.
Сол бүтін дүниеге жүріп кеткен пəн сөздерінен дəлме-
дəл келіп тұрған қазақ сөзі болса, сол қазақ сөзі мен ананы
жарысқа қойғанда, қайсысы өтерлігі ашық мəлім болмаса,
өмір жүзінде жарыстырып, екеуі қатар жазылып қойылсын.
Пəн тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделсін. Онан
табылмағаны басқа түрік қаумдарының сөзінен ізделіп,
табылғаны жатырқаусыз алынсын.
Жат қауымнан пəн тілін алғанда қазақ тілінің заңына
бас идіріп, бұрылып алынсын, пəн сөзін белгілеп, тексеріп
отыратұн оны заң күшіне асырып жүзеге шығаратұн орын
бүтін қазақ – қырғыз халқында жалғыз – ғана болсын. Пəн
сөзін тексерушілер əр пəнге арнаулы сексиаларға бөлініп;
сол пəндердің мамандарынан құралған болсын.
Сексиадағы мамандар өздерінің алатұн пəн сөздерін
халыққа жариялап, талқыға салып, əбден қолайлы тапқаннан
356
357
кейін білім кеңесінің алдынан өткізіп, заң күшін беретүн
тиісті орнына тапсырылсын.
Пəн сөзін табу, оны халыққа жариялау, ол турада білімді-
лердің пікірін сұрау сексиедағы мамандардың міндеті бол-
сын.
Ғылым кеңесі керек деп тапса, басқа ұлттардың да маман-
дарын шақырып алып, ғылыми пікірлерін алсын.
Қазақтың тілі реттеліп, жиналып, лұғат кітабы шығарыл-
сын.
Оқу, ғылым кітабын жазғандар кітаптарының аяғына
пəн тілдерін реттеп, жазып қойсын. Бұрыннан əке атының
аяғында қосылып жүретұн «ов» «ова» «ский», «ы» сияқты
орыс пен арабтың сөзі қолданылмасын, кісіні шақырғанда,
сөз сұрағанда қазақ тілінің заңы бойынша тура өз аты атал-
сын, кітаптың сыртына жазғанда ресми қағаздарға қол қой-
ғанда дəкумент қағаздарға тіркегенде əуелі əкесінің аты, со-
нан соң өзінің аты қойылсын. Əкесінің атынан кейін «ұлы –
қызы» сияқты білдіретұн сөздер жазылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |