Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ҚАЗАҚША АЙ АТТАРЫ «Ауыл тілінің» 10-ыншы санында Жүсіббек-ай аттары
қазақша аталсын деп жазып еді, өзі білген айларын жазып,
қатасы болса, білушілер түзесін деген еді.
Жүсіббектің ұсынысын мақұлдап бірнеше кісі басқармаға
қат жазып отыр. Бірақ əр қайсысының көрсеткен айла-
ры біріне бірі қайшы келіп отыр. Сондықтан біз қазақша
айдың аттары іреті мен дəл осылар деп айталмай отыр-
мыз, қазір тек əр қайсысының жазғандарын ғана салысты-
рып, оқыушылардың алдына тартамыз. Түбінде, қорыта-
салыстыра келе, анығына жеткен соң, қазақ айлары міне деп
қолға ұстатқандай қылып көрсетерміз. Қолдану жағынада
содан кейін кірісерміз.
Төменгі кестерде Радлобтың да аты тұр. Бұл – атақты
білімпаз Радлоб. Біздің оның жазған ай аттарын кітабынан
алдық. Бұда біреуден сұрап алып жазған ғой, қисыны кел-
мей тұр.
Кестенің 4- інші қатарындағы шақбақ пен Абдоалла ұлы
Ақыметті бірге қойғанмыз, - ол екеуінің жазғаны бірдей
шыққандықтан. Бірақ мұның екеуі де бұл көрсетіп отырған
ай аттарын баяғы «Қазақ» газетінің 1916-ыншы жылғы 173-
інші санынан алғандығын біліп отырмыз. Əйтпесе екеуі
өзбеті мен жазып, үйлесіп отырған жоқ.
Салыстыруға ыңғайлы болсын деп мынау кестедегі
айлардың бəрін де марттан бастадық. Негізге Жүсіббектің
айларын алдық.