358
359
қой. Бірақ біздің жазушыларымыз текникешіні де орысша-
лап текник деп жазады. Əдебиет тілі жалпы қалықтың
аузындағы тілгеде əсер береді. Əдебиет бүтін қалықтың
тілін тəрбиелейді. Біздің жазушыларымыз текникешіні «тек-
ник» десе, қазақтың тілін «ші» жұрнағын жоғалтып «жыл-
қышыны» «жылық» деп айтқызатын болып тəрбиелейді ғой.
Үшінші кемшілік: сөйлем жүйесі жағынан болатын кем-
шілік. Біздің жазушыларымыз сөйлем ішіндегі сөздердің ал-
дында айтылатынын артына, артындағысын алдына əкеліп,
сөздерін орысша тізеді. «Таймінер жолдас» деудің орнына
«жолдастай мінер» деу де сол кемшілікке келеді. Бұл туралы
«қызыл Қазақстанға» айрықша мақала жазып едім, сондықтан
мұным ережелерін қайта айтудың керегіде жоқ болар.
Төртінші кемшілік: жалпы кемшілік. Бұл кемшілік жазу-
шының орысшаны да жете білмегендігінен болады, я
орысшаға жетіктігі асқынып кетіп, білім буынына түсіп
кеткенінен болады. Мəселен «сорпаны ішемін» демей «сор-
паны жеймін» деушілер бар, «бөркім жарасады» деудің
орнына «бөркім жүреді» дейтіндер де жоқ емес, «өзеннен
өту» дегенді «өзен арқылы өту» дейтіндер де бар, сол
сықылды «сұрады», «өтінді», «түсіндірді» сықылды қазақша
сөздердің орнына орысшылап (йə басқа бір тілмен болса
да өзі біледі), «сұрау қойды», «ұсыныс қылды») «ұсыныс
кіргізді»), «түсініс берді» дейді, сіиездің қаулысынша деу-
дің орнына «сіездің қаулысы бойынша» дейді. Мұндай
кемшіліктердің əрқайсысы өз алдына тексемесе, барлығын
бір жалпы ережеге сыйғызуға болмайды. Бет – бетпетімен
кеткен былық сөздерде ереже қайдан болсын. Дұрысында
мұндай кемшіліктерден құтылу үшін дыбыс жүйесі, сөз
жүйесіндегі ережелердің де керегі жоқ. Тек қана жазушының
жазуын қазақша қылып шығаруға ниеті дұрыс болса болады.
«Түсініс беру» сықылды ерсі сөздердің ерсі екені орысшаға
жетік жазушының өзіне де бірден сезіледі ғой. Сондықтан
жазушы сөзін шынымен қазақша жазғысы келсе, орысшаға
жетікте, қазақшаға шорқақ екенін көрсетіп қалу сықылды
айрықша ниеті болмаса: «сұрау қою», «өзен арқылы өту»,
«ұсыныс кіргізу» сықылды сорақылық білмегеннен бол-
майды, ондай сөздердің қазақша ерсі болатынын білмейтін
қазақ болмайды. Сондықтан ондай сорақылықты тілдің заңы
жағынан тексерудің кəжеті де жоқ.
Тайбағар
* * *
Біз «көменес» деген сөзді қабыл алсақ (олай деп алмасқа
болмайды, – ол сөз қазақтың өз сөзіне ұсап кетті, жалпы
қалықтың аузында бар сөз) Коиммунизм «көменес жолы»
мен «көменесшілік» болады: коммунизм деген сөзде екі
мағына бар. бұл екі сөз сол екі мағынаға дəл келеді. Қазақ
тілінде «изм» деген жұрнақты кіргізуде тіл бұзудан басқа
мағана жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: