372
373
Тіл заңы қайда болады?
Қазақ тілінің таза заңы қара қалықта болады, əсіресе
басқа ел мен араласы аз болған қалықта болады, бұрын
молдалар «Алла» деп айт дегенде, қара қазақ «Алда» дей-
тұнын ұмытқан жоқ шығармыз. Əлі де тілдің таза заңы
елдегі жұуан қоныш беймемпайлардан табылады, оларға
барып «пыролетариат іспегтакіл» деп айт деші, анық се-
нен өзгеше айтады. Сондықтан біздің оқыған жастарымыз
оқысада, сөйлеседе, жазсада қара қазақ тілінің заңын есінен
шығармауы керек. Түсінерлік қылуға тырысуы керек. Егер,
оқыған азаматтардың тілі бір басқа, қара қалықтың тілі бір
басқа болып, бірінің айтқанына бірі түсінбей отырса, ол елді
өз тілінде мəдениетке бастаған емес, кері кетірген болады.
Əсіресе баспа сөзімізге қара қалық түсінерліктей болсын.
Қарақалықтың тіл заңы мен жазылсын.
* * *
Бұл тұуралы мұнан да көп айтсақ көптік қылмайды. Біз
тек ең керекті жерлерін ғана айттық, дұрысында бұл тұуралы
жастарға арнап əдейі бір кітапша шығарылуы керек. Оны
өлкелік жастар камитеті есіне алар деген ойда болдық.
Байтоғай ұлы Балқай
Достарыңызбен бөлісу: